Лицей оқушыларына онлайн форматта кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілді » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Лицей оқушыларына онлайн форматта кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілді
04
декабрь
2020

Лицей оқушыларына онлайн форматта кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілді

4 желтоқсанда №178 лицей директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Шажабаева Гүлжан Сауытқызының ұйымдастыруымен лицейдің 9 «З» сынып оқушыларына онлайн форматта кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілді. Бұл жиынға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасының аға оқытушысы Әмірбек Үмітай Әбдіқаппарқызы мен осы оқу орнының корейтану бөлімінің меңгерушісі, PhD, профессор Ли Бенг Джо қатысты. Оқу орнынан арнайы келген мамандар жеткіншектерге мамандық таңдаудың қыр-сыры туралы әңгімеледі. Өйткені әрбір адамның болашағы жарқын болуы мамандық таңдауға тікелей байланысты екені сөзсіз. Сондықтан оқушылар мектеп қабырғасында жүрген кезінен бастап болашағын жоспарлап, өзінің бойындағы қарым-қабілетін, бейімін, қызығушылығы мен ынтасын дұрыс тани білуге дағдылануы керек. Баланың бойындағы қабілетті шыңдап, дамыта түсу үшін мұғалімдер мен арнайы мамандардың кеңесі өте маңызды. Сол тұрғыдан алғанда бүгінгі кездесудің орны ерекше болғаны анық. Жасөспірімдердің өздері армандаған мамандықтың иесі болуға талпынысы мен құштарлығы артып, жиыннан жақсы әсер алып, көптеген мәліметтерге қанығып шықты.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: