"STEM – әлемдік білім берудің басты тренді" атты онкүндік » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "STEM – әлемдік білім берудің басты тренді" атты онкүндік
20
ноябрь
2020

"STEM – әлемдік білім берудің басты тренді" атты онкүндік

Алатау ауданы №178 лицейдің әдістемелік жоспарына сәйкес, 2020 жылдың 18 қараша күні "STEM – әлемдік білім берудің басты тренді" атты физика-информатика кафедрасының онкүндігі басталды. 
Білімнің көшін алға сүйреген ұстаздар бәсекеге қабілетті болу керектігін негізге ала отырып, онкүндіктің салтанатты ашылуы ZOOM конференция залында өткізілді.  Физика пәнінің мұғалімдерінің бастауымен оқушылардың үш тілдегі интеллектуалды сайысымен жалғастырылды. Сонымен қатар, оқушылардың  қашықтық жағдайда  жасаған тәжірибе жұмыстарымен сабақтасты. Лицейіміздің директоры Қайратбек Хамзаханұлының бастамасымен физика-информатика кафедрасының жас мамандары ұсынған «Әлемде болып жатқан экологиялық проблемаларды шешу жолында баламалы энергия көздерін табу» бойынша жасаған жобалары презентацияланды. 
Ұсынылған жұмыстар ұстаздар мен оқушылардың назарын физика әлемінің қыр-сырына аударып, қызығушылықтарын арттырды.

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: