«Жаңартылған білім берудегі критериалды бағалау үдерістері» тақырыбында №2 Әдістемелік кеңес өтті » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жаңартылған білім берудегі критериалды бағалау үдерістері» тақырыбында №2 Әдістемелік кеңес өтті
07
ноябрь
2020

«Жаңартылған білім берудегі критериалды бағалау үдерістері» тақырыбында №2 Әдістемелік кеңес өтті

2020 жылдың 6 қарашасында №178 лицейде «Жаңартылған білім берудегі критериалды бағалау үдерістері» тақырыбында №2 Әдістемелік кеңес өтті. 
Жиында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.А.Дәулетбаева «Қалыптастырушы бағалау өлшемдерін анықтауға арналған сауалнама» арқылы жасалған қорытынды бойынша мұғалімдердің біліктілігі мен кәсіби шеберлігін анықтап, сараптай келе жас мамандарға кәсіби көмек керегіне тоқталды.  
Келесі кезекте қоғамдық-гуманитарлық кафедрасының жетекшісі Ж.Е. Ноғайбаева «Қалыптастырушы бағалаудың тиімді әдістері» деген тақырыпта өзінің тәжірибесімен бөлісті. Ол өз баяндамасында оқушылар күнделікті сабақ барысында қалыптастырушы бағалау арқылы қандай деңгейде білімге қол жеткізе алатындығы жөнінде сөз қозғады. Сонымен қатар, шектеу шаралары жағдайында оқыту кезіндегі қалыптастырушы бағалау бойынша жадынамамен таныстырды. «Қашықтан оқыту жағдайында оқушылардың тапсырманы орындауда немесе жаңа сабақ материалдарын меңгеру деңгейін анықтау барысында қалыптастырушы бағалаудың әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана отырып, сабаққа деген уәжін, мотивациясын көтеруіміз керек» деген ойын ортаға салды.  ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің №130 бұйрығы бойынша қысқа мерзімді жоспармен таныстырып, ҚМЖ жасауда қалыптастырушы бағалаудың бірнеше әдіс-тәсілдерінің үлгісін көрсетті.
Ал, өз кезегінде математика кафедрасының жетекшісі Г.С.Смағұлова «Математика - ақыл-ойдың әуені» тақырыбындағы онкүндік есебімен таныстырды. 
Кеңеске қатысқан ұстаздар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.
Жиын соңында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.А.Дәулетбаева I тоқсан бойынша әдістемелік бірлестік жұмыстарының қорытындысын мәлімдеді. Әдістемелік кеңес жоғары деңгейде өтті. Лицей ұстаздары жиын барысында күнделікті сабаққа керекті көптеген пайдалы мағлұматтар алды. 
       

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: