ҰБТ - түлектердің өміріндегі ең жеңіл емтиханның бірі » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҰБТ - түлектердің өміріндегі ең жеңіл емтиханның бірі
25
май
2020

ҰБТ - түлектердің өміріндегі ең жеңіл емтиханның бірі

ҚР Білім және ғылым министрі Қ.Аймағамбетов 2020 жылғы мектеп бітірушілерді ештеңеден қорықпай, мүмкіндіктерді пайдалана білуге шақырды.
"Алған беттен қайтпау өте маңызды екенін өз басым білемін. Нақты қадам жасап, ойыңыздағыны іске асыру керек. Мәселен, мен мектеп бітірген соң, бірден бір жылдың ішінде грантқа түсе алмадым. Одан ұялудың еш қажеті жоқ. Менің алдымда екі таңдау болды: біріншісі, ақылы түрде оқу, екіншісі бір жыл дайындалып, келесі ҰБТ-ны қайта тапсыру. Сол кезде бір жыл дайындалып, тесті қайта тапсырам деп шешім қабылдадым. Бір жыл уақытымды табанды дайындықпен жұмысқа арнап, нәтижесінде келесі жылы армандаған грантқа қол жеткіздім", - деді ол.
Министр "ҰБТ - түлектердің өміріндегі ең жеңіл емтиханның бірі" болатынын айтты. Сондай-ақ, ол түлектерді қателік жасаудан қорықпай, керісінше, одан сабақ алуға үндеді. "Кішкентай кезімізден бізді қателік жасау дұрыс емес, кешірімсіз деп сендірген. Мектеп қабырғасынан бастап қателік жасамау біздің санамызға құйылып келді. Табысты адам ешқашан қателеспейді деген қате ұғым екенін айтқым келеді. Бәрі қателік жасайды, бастысы – одан сабақ алып, тәжірибе жинақтау. Қателік жасап, бәрін қайта бастаудан қорықпау қажет", - деп кеңес берді ведомство басшысы.



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: