Түлектердің мектебіне, ұстаздарына сыйлық беруіне тыйым салынады » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Түлектердің мектебіне, ұстаздарына сыйлық беруіне тыйым салынады
23
май
2020

Түлектердің мектебіне, ұстаздарына сыйлық беруіне тыйым салынады

      ҚазАқпарат - Мектеп түлектерінің білім ордасына, ұстаздарына сыйлық беруіне тыйым салынады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
     «Биылғы оқу жылының бітуіне, мектеп шараларын өткізуге байланысты қаражат жиналмауы қатаң тәртіпте бақылануы тиіс. Оған әрбір мектептің басшысы жеке жауап береді. Мектептің әкімшілігі және қамқоршылық кеңесі барлық ата-аналармен мектепке немесе мұғалімдерге, сынып жетекшілеріне сыйлық жасауға болмайтындығы жөнінде жұмыс жүргізуі қажет», - деді Шолпан Каринова министрліктің Facebook парақшасында онлайн режимде өткен аппарат жиналысында.
   Оның атап өтуінше, түлектердің қатысуымен өтетін іс-шаралар мектепте 11-сыныппен жұмыс істейтін педагогтердің, сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен жүргізілуі қажет.
    «Осы іс-шараларды өткізу барысында жасауға болмайтын жайттарға тағы бір назарларыңызды аударамыз. Біріншіден, іс-шараларды өткізу барысында әртүрлі агенттіктерді, жекеменшік студияларды не аниматорларды шақыруға болмайды. Мұндай іс-шаралар кең ауқымды болмауы да қажет. Мерекелік дастарқан жаяу мәселесі мүлдем қарастырылмауы тиіс. Мектеп бітірушілер бірнеше автомобиль жалдап, қала ішін, жергілікті жерлерді араламауы керек. Мейрамхана, дәмхана және басқа да көңіл көтеру орындарында түлектердің қатысуымен шаралар болдырмау үшін ата-аналармен тиісті жұмысты жүргізілуі қажет», - деді Шолпан Каринова.

https://lenta.inform.kz/kz/tulekterdin-mektebine-ustazdaryna-syylyk-beruine-tyyym-salynady_a3651502


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: