"Ел жастары" клубы жайында мақаласы республикалық "Айнара" журналына жарыққа шықты » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Ел жастары" клубы жайында мақаласы республикалық "Айнара" журналына жарыққа шықты
20
май
2020

"Ел жастары" клубы жайында мақаласы республикалық "Айнара" журналына жарыққа шықты

Лицей мұғалімі Тілеужан Әбілқайырдың "Ел жастары" клубы жайында мақаласы республикалық "Айнара" журналына жарыққа шықты.
Еңбегімізді бағалаған, журналдың бас редакторларына мың алғыс!
Лицейіміздің намысын қай бағытта болса да абыроймен қорғау, біз үшін басты міндет болып саналады. Алматы қаласы Алатау ауданына қарасты №178 лицейде 2019-2020 оқу жылының негізінде лицей жанынан 5-10 сыныптар арасында «Ел жастары" клубы құрылды. Клубтың негізгі мақсаты: оқушылардың тәртібі мен сабақ киім үлгісін жіті қадағалап, олардың сабаққа қатысуын және аудандық, қалалық сайыстарда лицей намысын абыроймен қорғап, лицейіміздің қоғамдық шараларына ат салысу болып табылады. Сондай-ақ «Жас Ұлан» жасөспірімдер мен балалар ұйымына оқушыларды қабылдау клубтың негізгі жұмыстарының бірі болып саналды. Клубтың бас қамқоршысы: лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы. Ал, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Шажабаева Гүлжан Сауытқызы оқушылардың білім негізінде өтетін сайыстардың бас бақылаушысы болса, клубтың бас үйлестірушісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тілеужан Әбілқайыр Егізбайұлы қызметін атқарды.
«Ел жастары» клубы Алатау ауданында өнер, білім, спорт бағыттары бойынша өткен 9 сайысқа қатысып, барлығынан жеңімпаз және жүлдегер болып оралып, лицей намысын абыроймен қорғай білді. Лицейімізге аудандық сайыстардан 2 – Бас жүлде, 3 – І орын, 2 – ІІ орын, 2 – ІІІ орын жеңіп алып, қоржынымызды бірыңғай жүлделерге толтырды. Атап айтатын болсақ: «Спорт – денсаулық кепілі», «Мемлекеттік рәміздер мақтанышымыз», «Біздің азаматтық ұстаным» аймақ бойынша, «Біздің азаматтық ұстаным» аудан бойынша, «Туға қарап, бой түзе», «Алатау киножұлдыздары», «Патриоттық әндер байқауы», «Ұлы Абайға 175 жыл», «Кім тапқыр» сайыстарына қатысып, өздерінің білімі мен өнерлерін паш етті. Сонымен қатар лицейімізде өткен қоғамдық жұмыстарда оқушыларымыздың назарынан тыс қалмады. Тілдер мерекесіне орай «Ана тілім – ардағым», оқушылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында «Абайлаңыз балалар!», қарттар күніне орай «Қарттарым – асыл қазынам», ұстаздар күніне орай «Ұлағатты ұстаз – ұлт болашағының айнасы», күз мезгілінің символы ретінде «Алтын күз» байқауы мен тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік қазағымның төл құжаты, Тәңірім мәнгілікке мөрін басқан», Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай «Абай салған ізбенен» және ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Поэзия! Меніменен егіз бе едің?!» тақырыбында лицейішілік сайыстар, салауатты өмір салтын ұстау мақсатында шағын және үлкен футболдан 9 сынып оқушыларының ер балалары арасындағы лицейішілік жарыс, волейболдан қыздар мен ер балалар арасындағы жарыстар, жайдарман ойындары мен қыс мезгіліне орай сурет көрмесі т.б. ауқымды іс-шаралар өткізіліп, лицейіміздің өркендеуіне септігін тигізді. Бір қызығы спорттық немесе мерекелік шараларды оқушылар арасынан құралған мәдениет және спорт министрлері ұйымдастырып, ұйымдастыру шеберліктерін шыңдағаны да оқушыларымыз үшін үлкен серпіліс болды.
Тағы бір жетістігіміз лицейіміздің 9 «Ғ» сынып оқушысы Серікұлы Алихан Алатау ауданы спорт бөлімінің басшысы болып сайланды. «Жас Ұлан» ұйымына 5 сыныптар арасында 200-ден астам оқушылар қабылданып, оларға оқу ордамыздың «Ел жастары» клубының үздік оқушылары галстук тағып, сәттілік тіледі. Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай оқушылар арасында өлең оқу челленджін, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Шажабаева Гүлжан Сауытқызы қолға алып, өлең оқу эстафетасын насихаттап, лицейіміздің ішкі рухани құндылықтарын арттыру мақсатында өткізді.
Оқушылардың ішкі тәртібі мен сабаққа қатысу үлгерімдері де назардан тыс қалмады. Оқушылардың арасынан сайланған инспекторлар мен сұлтандар және қыз жібектер оқушылардың сабақ киім үлгісі мен тәртібін қатаң бақылауда ұстап, ішкі тәртіпті лицей мұғалімдерімен қадағалап отырды. Аудандық сайыстардан жеңімпаз және жүлдегер болып оралған оқушыларымызды, лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы жеке қабылдап, оларға өз ризашылығын білдіріп, алдағы өтетін сайыстарына сәттілік тілеп, алғысын білдіретін.
2019-2020 оқу жылының ІІ тоқсаны аяқталар тұста лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы оқу жылында лицейдің дамуына өз үлесін қосқан оқушыларға алғыс хаттарын табыстап, құрмет көрсетті.
Міне осындай ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге жеткен «Ел жастары» клубы ауданымыз бен лицейіміздің оқушылар арасындағы негізгі айнасы болып қалыптасты. Енді сіздердің назарларыңызға клубтың құрамындағы оқушылар тізімін ұсынамыз.
Клубтың төрайымы: Аиша Мусахан және төрайымның көмекшісі: Ысқақова Ақдидар,
Клуб төрағасы: Жақсыбек Бейбарыс.
Мәдениет министрі: Амина Мадиева,
Спорт министрі: Тұрсынов Нұржан мен Ақнұр Қыдырбек.
Шаруашылық министрі: Асылы Ақбота,
Тәртіп министрі: Исахан Дәулет пен Бақытқалиева Нұрай.
Ұлдар ұйымының басшысы: Алмас Сұңқар,
Алатау ауданының спорт бөлімінің басшысы: Серікұлы Алихан.
Іс-шаралардың бас ұйымдастырушысы: Нурумкулова Айзада,
Би өнерінің бас ұйымдастырушылары: Тұрарханова Аружан, Бирликжанова Аружан, Исабекова Ақнұр.
Белсенділер құрамында: Жумаханова Ажар, Манарбеков Ұлан мен Қуан, Қанатбай Айдос, Байсейіт Нұрасыл, Әли Биахмет, Сасанұлы Аян, Мамытхан Әділет, Доғдырбай Нұрболат, Молдан Райымбек, Алибай Ислам, Айша Солтанбек, Абдиади Дина, Уалихан Балауса, Уразбекова Гүлжауhар, Жарқын Шуақ, Жұманазарова Айиша, Жахани Айжан, Искакова Айдана, Зулбулхар Айзере, Байжұма Айзере, Марат Жанерке, Ахмади Ғалымжан, Алмасқызы Мадина, Мусаева Мөлдір, Нұрмұханбетова Маржан, Нәрік Рамазан, Өтениязов Расул, Жумаханова Аружан, Мәли Балнұр, Сайлаубек Ақбота, Оралбай Айғаным, Мейрім Милана, Қанатбек Олжас, Қалдыбай Ертай, Калдашова Аяна, Жанелдин Құралай, Байжұма Бексұлтан, Абишева Ақмарал, Нұрлан Еркежан, Мауленова Аида, Қыдыралиева Аида, Дамен Нұршат, Доғдырбай Ернұр, Мырзахан Дәулетберді, Маратұлы Арсен, Мұқан Ақбота т.б.
№178 лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тілеужан Әбілқайыр.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: