Қиын кезде қайырымдылық жаса! » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
май
2020

Қиын кезде қайырымдылық жаса!

«Қайырымдылық – қадірлі іс» деп дана халқымыз
айтқандай, республикалық деңгейде індетке қарсы күресті күшейту, тұрғындарға көмектесу мақсатында
Елбасының бастамасымен «Nur Otan» партиясы «Біз
біргеміз!» республикалық акциясының жарияланғаны белгілі. Осы іс-шараның аясында Алатау ауданындағы
№178 лицейінің əкімшілік құрамы назардан тыс қалмай, елдегі індетті бірге жеңу мақсатында, жауапкершілікті
сезініп, белсенді түрде атсалысты. Лицей бойынша
көпбалалы жəне аз қамтылған отбасыларға қашықтық оқыту жағдайында сабақ оқуға қажетті техникалық
құралдар мен компьютерлер уақытша пайдалануға
берілді. Ерекше айта кететін жəйт, Алматы қаласы əкімі мен кəсіпкерлері бірлесіп, аз қамтылған жəне көпбалалы
отбасына, соның ішінде №178 лицейде 6, 7, 9 жəне 11- сыныптарда оқитын балаларға, қашықтықтан оқуға
мүмкіндігі жоқ бір үлкен отбасына планшетті сыйға тартты.
Лицейдің ұлағатты ұстаздары мен ата-аналары біріге
отырып, төтенше жағдайдың алғашқы онкүндігінде аудан тұрғындарына азық-түлік үлестіріп, оған қоса мектептің
көпбалалы, аз қамтылған бірнеше отбасына материал- дық көмектерін ұсынды. Сонымен қатар, біздің білім
ордасынан құрылған еріктілер жасағы жомарт жандармен бірлесіп, осынау қиын кезеңде ауданымыздың аз қамтылған отбасыларына заттай көмек беріп, тұрғындардың зор алғысына бөленді. Еліміздегі төтенше жағдай
кезінде лицейіміздің ұстаздары мен психологтары
тұрақты түрде ата-аналарға жəне балаларға қолдау
көрсетіп, үнемі психологиялық кеңестер беріп отыр.
Қатерлі індетке қарсы күресті күшейтіп, көмекке
мұқтаж жандарға қолұшын созуды қолдаған, қайы- рымды іске атсалысу үшін барша отандастарымызды
бірігуге шақырамыз. #Біз біргеміз!
Ш.ШОЙЫНБАЕВА,
№178 лицейдің əлеуметтік педагогы. Алатау ауданы.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: