«Мамандық таңдау – өте жауапкершілікті және маңызды іс» вебинар » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мамандық таңдау – өте жауапкершілікті және маңызды іс» вебинар
13
май
2020

«Мамандық таңдау – өте жауапкершілікті және маңызды іс» вебинар

15:00-15:03

Қайырлы күн конференцияға қатысушы ұстаздар және оқушылар.

Бүгінгі «МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ – ӨТЕ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ЖӘНЕ МАҢЫЗДЫ ІС» тақырыбындағы конференциямызды бастауға рұқсат етіңіздер. 

Қонақтарымызбен таныса отырсақ:

Жазылбек Ләззат Исатаевна, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің  доценті,

Мейірбекова Гүлжазира Болатовна, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің қауымдастырылған профессоры

Смагулова Алия Белгібаевна  – Алатау аудандық Білім бөлімінің әдіскері

№178 лицей директоры Шадиев Кайратбек Хамзаханович.

15:03-15:04

Біз бүгін неліктен бұл тақырыпты таңдадық? Себебі: Мамандық – бұл біздің өміріміздің жартысы. Жұмыссыздық – мемлекеттің өзекті мәселесі. Мамандыққа сұраныс тез өзгеруде. Олай болса 

Конференцияны өтудегі мақсатымыз: 

 - Мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру. 

 - Мамандық таңдауына көмектесу, бағыт-бағдар беру және психологиялық қолдау көрсету.

15:04-15:14

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай “Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында,олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді”. Ақыл жастан , асыл тастан деген сөзді айтқанда халқымыз жас толқынның болашағынан үміт күткен болар.Содан бері неше ұрпақ ауысса да халықтың жастарға деген сенімі өзгерген жоқ. Жастар әр кез қоғаның қозғаушы күші ретінде танылған.

Бір кездері Мағжан бабамыз:

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Қырандай күшті қанатты,

Мен жастарға сенемін,- деп бекерден -бекер айтпаған болар. Сондықтан да біз жастар өзіміздің қоғам ,халық алдындағы борышымызды , міндетімізді сезіне білуіміз қажет.

Олай болса болашағымыз, жастар, оқушыларымызға сөз берейік. Бізге өз таңдап отырған мамандықтары жайлы айтып берсін.

3 оқушы сөйлейді

15:14-15:16

Әлемде 10 мыңнан аса мамандық бар. Ал оған арнаула мамандықтар мен басқаша да қосымша маман түрлерін қосып санағанда 50 мыңнан асады. ол үшін мамандық әлемін оқып – үйрену керек.

Мамандық таңдау – адам өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі. Өйткені адам тағдырының бір бөлігі таңдаған мамандығымен ұштасып жатады

Мамандық алудың 5 баспалдағын жоспарлау керек:

1. Арман (тілек)

2. Көз жеткізу (қажеттілік)

3. Жоспарлау

4. Әрекет

5. Игеру 

         Мамандық сенің денсаулығыңа, физиологиялық және психологиялық күйіңе, біліміңнің сапасы мен деңгейіңнің дайындығына байланысты екенін шығарма. Сондықтан да мамандық таңдар алдында «Мен жасай аламын ба, қабілеттімін бе?» деген сұраққа жауап беру керек.

15:16-15:18

Келесі бірнеше кеңестерге назар аударсаңыздар

Байыппен бағдарлай біліңіз

Жас адамның бір тоқтамға келуіне қиялдың да әсері бар. Біреуді кинодағыдай романтикалық мамандықтар қызықтыруы мүмкін. Біреулер туғаннан маңдайына жазылған ата-анасынының жолын таңдайды. Біреулер ЖОО-ға жақын досына немесе құрбысына серік болып барады, ал енді біреулер үйіне жақын оқу орныныа құжат тапсыруға асығады.

Мамандық таңдау адам тағдырында көп нәрсені шешетіндіктен, оған атүсті қарау – жеңіл ойлылықтың белгісі. Сондықтан, бұл мәселенің шешімін мүмкіндігінше аса мән беріп, байыппен қабылдаңыз.

Дұрыс шешім өз қолыңызда

Ең бірінші бұл таңдауды өз бетіңізше жасау керектігін саналы түрде ұғыныңыз. Ата-аналардың, достарыңыздың ықпалынан шыға алмай қалмаңыз. Олар не айтса да, бұл – сіздің тағдырыңыз.

Бейімділігіңізді ескеріңіз

Бастапқыда өз қызығушылығыңызға назар аударыңыз. Немен айналысқанды қалар едіңіз? Қандай пәндер ұнайды? Бос уақытыңызда немен айналысқанды жақсы көресіз? Адамдармен, әсіресе, бөгде кісілермен оңай тіл табыса аласыз ба? Көп нәрсе сіздің бейімділігіңізге байланысты.

Өзіңізді сынақтан өткізіңіз

Бәрінен бұрын өзіңізді ой елегінен өткізіп көріңіз: өзімнен және өзімнің жұмысымнан нені қалаймын? Бес жылданкейін өзімді қалай елестетемін? Барлық ақпараттарды пайдалана отырып, болашақ мамандығыңыз туралы көп мәлімет алуға тырысыңыз. Өзіңіз таңдаған мамандық иелерінің іс барысын көзіңізбен көру үшін сол кәсіпорын, мекемелермен танысуға шығыңыз.

Сұранысты да назар ұстаңыз

Болашақ мамандығыңызды еңбек нарығында қаншалықты бағаланатынын білу де пайдалы. Қарапайым жол: бос орындарға жарияланған байқауларда, интернеттің еңбекке орналастыру сайытында қандай мамандарға сұраныс бар екендігін қараңыз. Арнайы агенттіктер жүргізген болжамдардың да маңызы зор. Осы мәліметтерді ескере отырып, таңдаған мамандығыңызға қай жоғары оқу орнында, қалай даярлайтынын анықтаңыз.

Мамандар не дейді?

Егер күдік-күмәннан арыла алмасаңыз, онда мамандардың көмегін пайдаланыңыз. Мұндай кезде психолог кеңесші мамандар жәрдемдесе алады. Сондай-ақ, қабілетіңіз бен бейімділігіңізді анықтауға көмектесетін арнайы психологиялық тестілер бар.

15:18-15:25

Ұлттық Тестілеу орталығы ұсынған «ҰБТ-2020 және Мамандық таңда» тақырыбындағы видеоны көрсету

15:25-15:30

  1. Лицей директоры Шадиев Кайратбек Хамзаханович
  2. Жазылбек Ләззат Исатаевна, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің  доценті
  3. Мейірбекова Гүлжазира Болатовна, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің қауымдастырылған профессоры
  4. Смагулова Алия Белгібаевна  – Алатау аудандық Білім бөлімінің әдіскері

Әр қонақ 2-3минут сөйлейді.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: