«БІЗ БІРГЕМІЗ!» акциясы жалғасуда!
Елбасы Үндеуін қолдай отырып, Алматы қаласы Алатау ауданы №178 лицей жанынан құрылған «Ел жастары» клубының оқушылары мен «Адал ұрпақ» еріктілер клубы мүшелерінің ұйымдастыруымен пандемияға қарсы күресті күшейту мақсатында, «Біз біргеміз!» республикалық акциясы межелі түрде атқарылуда. Коронавирус індеті таралуының алдын алу шараларын күшейту туралы халықаралық стандарттарына сәйкес барлық сақтық шараларын қолға алуға, гигиеналық -санитарлық, тазалық жұмыстарын қатаң сақтауға шақырамыз.