Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Менің Отанымның қызғалдақтары" презентациялар байқауы
19
май
2020
"Менің Отанымның қызғалдақтары" презентациялар байқауы
     Қазақстан Республикасының Конституциясының 25 жылдығына орай "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында өткізілген "Көктем көркі - қызғалдақ" атты ашық онлайн-фестивалінде "Менің Отанымның қызғалдақтары" презентациялар байқауына №178 лицейдің оқушысы Даниярова Динара белсене қатысқаны үшін арнайы грамотамен марапатталды. Жетекшісі: Жандыбаева Торқалы.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер онлайн олимпиадасы
18
май
2020
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық
      Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер онлайн олимпиадасы екі турда өткізілді: 1 тур – 23 сәуірде; 2 тур – 29 сәуірде. Олимпиаданың негізгі мақсаты – оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді тереңдетіп оқуға ынталандыру, жасөспірімдердің жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындық жүйесін жетілдіру.      Олимпиадаға республиканың білім беру ұйымдарының 7-8 сыныптарда қазақ және орыс тілдерінде білім алатын оқушылар қатысты.
Жанашырлыққа – жан риза
16
май
2020
Жанашырлыққа – жан риза
    «Жанашырлыққа – жан риза» дегендей, мұқтаж жандарға қамқоршы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске әрбір адамның азаматтық парызы болып табылады. Адамдар бір-біріне мейірімділік таныту және қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы жақсылыққа қадам бастайды.     Алматы қаласы ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ұсынған әлеуметтік көмегі мегаполисіміздегі көп отбасыларға демеу болды. №178 лицей әкімшілігі Экономикалық тергеу департаментінің көмегін
«Отбасы - тәрбие бастауы» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы онлайн режимде өтті.
16
май
2020
«Отбасы - тәрбие бастауы» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы
    №178 лицейде 16.05.2020ж. сағат 15.00-де «Отбасы - тәрбие бастауы» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы онлайн режимде өтті. Күн тәртібінде: 1) 2019-2020 оқу жылының қорытындысын талдау. Лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы. 2) 2020-2021 оқу жылына арналған оқу-тәрбие жұмысының жоспарын талқылау. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Шажабаева К.С. және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абуова Ж.З. 3) Әртүрлі мәселелер.     Жиналысты лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы
Daryn.online білім беру платформасы мен Qaztest.kz олимпиадасы
16
май
2020
Daryn.online білім беру платформасы мен Qaztest.kz олимпиадасы
   Daryn.online білім беру платформасы мен Qaztest.kz олимпиада сайты бірлесіп педагогтардың біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырған I Республикалық “Кемеңгер ұстаз” олимпиадасына №178 лицейдің математика пәні мұғалімдері қатысып І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.       Мұғалімдерімізді айтулы жеңістерімен құттықтаймыз!  
Тоқсандық жиынтық бағалаудың (ТЖБ) кестесі
15
май
2020
Тоқсандық жиынтық бағалаудың (ТЖБ) кестесі
      2020 жылдың мамыр айының 18-22 аралығында №178 лицейдің барлық сыныптарында IV тоқсан бойынша т оқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өтеді. Назарларыңызға ТЖБ өткізу күндерінің кестесі ұсынылады. Баршаңызға білім сапасын арттыру жолында сәттілік тілейміз!!!
Халықаралық отбасы күнімен құттықтаймыз!
15
май
2020
Халықаралық отбасы күнімен құттықтаймыз!
    Халықаралық отбасы күнімен лицейіміздің барша мұғалімдері мен ата-аналарын шын жүректен құттықтаймыз! Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, жұмыстарыңызға жеміс тілейміз. Әр шаңырақта отбасының мерейі өсіп, тек қуаныштар мен жақсылықтар бола берсін. Мереке құтты болсын, құрметті ұстаздар мен ата-аналар! Құрметпен, лицей әкімшілігі  
Ата-аналармен онлайн жиналыс
15
май
2020
Ата-аналармен онлайн жиналыс
Құрметті ата-аналар!  Ертең 16.05.2020ж. сағат 15.00-де Алматы қаласы Алатау ауданы  №178 лицейде  "Отбасы - тәрбие бастауы" тақырыбында лицейішілік жалпы ата-аналар жиналысы өткізіледі. Жиналыс ZOOM платформасында онлайн режимде өтеді. Иден. номер: 969 660 07 32; Пароль: 123 Күн тәртібінде: 2019-2020 оқу жылында атқарылған жұмыстарға талдау; 2020-2021 оқу жылы атқарылатын жұмыстардың жоспары; Әртүрлі мәселелер.
Қашықтан оқу кезінде тың әдістерді игерген ұжым
15
май
2020
Қашықтан оқу кезінде тың әдістерді игерген ұжым
    Қазіргі таңда елімізде болып жатқан төтенше жағдайға байланысты оқушылардың қашықтан оқу режіміне көшуі еліміздің білім саласында жаңа технологияларды игерудің, жаңаша бастамалар мен ізденістерді танудың кезеңімен бетпе-бет келді.   «Қашықтан оқу бағдарламасын өз уақытында игеріп, балаларды сапалы біліммен қамтамасыз етуде мектеп ұстаздары осынау жауапкершілікті түсіне отырып, заманауи технологиялардың көмегімен тың материалдарды игерді деуге негіз бар. Осы тұста қашықтықтан оқытудың
15 мамыр - халықаралық   отбасы   күні
15
май
2020
15 мамыр - халықаралық отбасы күні
15 мамыр - халықаралық отбасы күні. Атаулы күн 1993 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясымен бекітілген. Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі деп білеміз. Сондықтан да бүгінгі мерекеде бір-біріңізге әдемі де әсерлі сөздер арнап, ерекше сыйластық көрсете біліңіздер! Тек қана бүгін емес, жылдың әрбір минутында, әрбір сағатында, жанұяңызды ыстық ықыласыңыз бен шексіз