Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Шахматтан іріктеу турнирі
08
октябрь
2020
Шахматтан іріктеу турнирі
Алматы қаласы Фаворит шахмат академиясында 8-16 жас аралығында өткен шахматтан іріктеу турнирі бойынша екі жарысқа қатысқан лицейіміздің 6 "Е" сынып оқушысы Ушкемпиров Қажыкен  жүлделі ІІ және ІІІ орын иеленді. Жетекшісі: Амонбоев Сино Насибджонович
«Адал ұрпақ» ерікті лицей клубына қабылдау рәсімі
08
октябрь
2020
«Адал ұрпақ» ерікті лицей клубына қабылдау рәсімі
№178 лицейде «Адал ұрпақ» ерікті лицей клубына қабылдау рәсімі өткізілді. Қабылдау рәсім Zoom платформасы арқылы онлайн режимде жүргізілді. «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының мақсаты: мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын нығайту, білім және мәдени деңгейін арттыру. «Адал ұрпақ» ерікті лицей клубының міндеттері: Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттыққа тәрбиелеуге бағытталған шараларды іске асыру, саяси-құқықтық білімді
«Мен өзімді мақтан етемін» тақырыбында тренинг өтті
06
октябрь
2020
«Мен өзімді мақтан етемін» тақырыбында тренинг өтті
06 қазан күні №178 лицей психологі Ағажанова Жанна 5 сынып оқушылырымен Zoom платформасы арқылы «Мен өзімді мақтан етемін» тақырыбында тренинг жүргізді. Тренингтің мақсаты: өз-өзіне деген жағымды (позитивті) қарым-қатынасты дамыту, оқушылардың өздеріне деген сенімділік сезімін көтеру. Тренинг барысында "Шеңбер бойынша қошемет", "Сенен маған ұнайтыны" және "Бәрі жұлдыздар" жаттығулары жүргізілді.
Республикалық қашықтықтан өткізілген пәндік олимпиада
06
октябрь
2020
Республикалық қашықтықтан өткізілген пәндік олимпиада
Республикалық қашықтықтан өткізілген пәндік олимпиадаларда лицейіміздің оқушылары информатика пәнінен жүлделі орындарға ие болды. Жетекшісі: Нурмухамедова Мадина Алибековна
Үйірме жұмыстары: РОБОТОТЕХНИКА
05
октябрь
2020
Үйірме жұмыстары: РОБОТОТЕХНИКА
Робототехника үйірмесінің бүгінгі сабағында оқушылар қозғалтқыштармен жұмыс істеу принциптерімен танысты. Оқушыларға лабиринтті ең қысқа мерзімде кедергіге тимей өту тапсырмасы берілді.  
Республикалық қашықтықтан  өткізілген  пәндік олимпиада
04
октябрь
2020
Республикалық қашықтықтан өткізілген пәндік олимпиада
Республикалық қашықтықтан өткізілген пәндік олимпиадаларда лицейіміздің оқушылары биология пәнінен жүлделі орынға ие болды. Жетекшісі: Бастерова Балхия Айдарқұлқызы
Кәсіптік бағдар беру жұмысы  ALPHA ACADEMY
03
октябрь
2020
Кәсіптік бағдар беру жұмысы ALPHA ACADEMY
    Бақнұр Зиябеков:  Көптен еститінім, онлайн оқуға қинайды, Bilim Land қосып қойып, өшірмей, көрген секілді жасау керек екенсін, Daryn Online тіркелу қиын, қате бар, ustudy мұғалімдерге арналған тесттер сұрағы сапасыз, осының барлығы мемлекеттің ақшасының қолдауымен жасалатыны туралы бәріне белгілі                 Проблема бар, мұғалім аттестация өту үшін, сертификаттарға ақша төлеуге дайын, неге сол мұғалімді дайындамасқа, басқа жазылған видео оқушыға ұнамайды, онда ұнайтын видео
"Алматының жыл мұғалімі" конкурсы
02
октябрь
2020
"Алматының жыл мұғалімі" конкурсы
"Алматының жыл мұғалімі" конкурсына қатысып, белсенділік танытқаны үшін лицейіміздің математика пәнінің мұғалімі Сағиолданов Талант Бақытұлы мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Усентаева Бағлан Акановна Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың және "Ұстаз" кәсіподағының төрағасы С.К.Байгуттиновтың алғыс хатымен марапатталды.
Алматыдағы ең үздік фото (онлайн) байқауы
01
октябрь
2020
Алматыдағы ең үздік фото (онлайн) байқауы
Алматы қаласы күні қарсаңында #ILOVEALMATY хэштегімен өткізілген Алматыдағы ең үздік фото (онлайн) байқауының III орын жүлдегері Закиров Абылайдың мақтау қағазын лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханович табыстады.
"Менің Отаным - менің бастамам" атты аудандық шығармашылық байқауы
01
октябрь
2020
"Менің Отаным - менің бастамам" атты аудандық шығармашылық байқауы
"Менің Отаным - менің бастамам" атты аудандық шығармашылық байқауына информатика пəнінің мұғалімі Тоқтасын Ақтолқынның жетекшілігімен "Медиа жобалар" номинациясы бойынша l орын алған Ермекұлы Ғазиздың мақтау қағазын лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханович табыстады.