Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Математика, тілдер және информатика пәндерін оқытуға ерекше басымдық беріледі
11
март
2021
Математика, тілдер және информатика пәндерін оқытуға ерекше басымдық
Математика, тілдер және информатика пәндерін оқытуға ерекше басымдық беріледі – А.Аймағамбетов   📚Оқулықтардың сапасын жақсарту үшін алғаш рет үлгілік оқу бағдарламаларын сараптаудан және апробациядан өткізіп, оқулықтарды дайындау, сараптау мен басып шығарудың жаңа үлгісі енгізіледі.  📚Қосымша білім алуға кең мүмкіндік беру үшін мемлекеттік тапсырыс барлық ұйымдарда орналастырылады.  📚Бес жылдың ішінде барлық мектепте спортпен айналысуға жағдай жасалады. Сондай-ақ дене шынықтыру мұғалімдеріне
Мамандандырылған білім беру ұйымдарына құжаттарды тапсыру, онлайн тіркеуден өту нұсқаулығы
10
март
2021
Мамандандырылған білім беру ұйымдарына құжаттарды тапсыру, онлайн
Қ ұрметті ата-аналар және оқушылар!  1 наурыз бен 1 сәуір аралығында qabyldau.daryn.kz сайтында мамандандырылған білім беру ұйымдарына конкурстық іріктеуге құжаттарды қабылдау және онлайн тіркеу жүзеге асырылады. Толық ақпаратпен танысу үшін төмендегі бейнежазбаға өтіңіздер.
№178 мамандандырылған лицейіміздің оқушылары барлық аналар қауымын мерекесімен құттықтайды
08
март
2021
№178 мамандандырылған лицейіміздің оқушылары барлық аналар қауымын
Кітапхана меңгерушісі Гүлшира Жүнісбекованың ұйымдастыруымен, мамандандырылған лицейіміздің оқушылары барлық аналар қауымын мерекесімен құттықтайды. https://www.youtube.com/watch?v=UJc-3iPqfIc
5-9 сыныптардың ата-аналарымен онлайн-кездесу өтті
06
март
2021
5-9 сыныптардың ата-аналарымен онлайн-кездесу өтті
2021 жылдың 06 наурыз күні ZOOM платформасында № 178 мамандандырылған лицейдің 5-9 сыныптардың ата-аналарымен онлайн-кездесу өтті. Ата-аналарға арналған онлайн-сұхбатқа лицей директоры, директордың оқу ісі, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагог, лицей психологы және лицейдің 5-9 сынып оқушыларының ата-аналары мен сынып жетекшілері қатысты. Кездесу барысында ата-аналар өздерінің көкейтесті сұрақтарын қойып, өте белсенді болды. Кездесу соңында ата-аналар өзекті мәселелер
«Көңілді старт» атты эстафеталық ойын өткізілді
04
март
2021
«Көңілді старт» атты эстафеталық ойын өткізілді
2021 жылдың 4 наурыз күні эстетикалық пәндер, дене шынықтыру, АӘ және технологиялық кафедрасының онкүндігі жоспарына сәйкес дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Ж.З. Абуова мен К.Б.Сағиолданов 5- сыныптар арасында «Көңілді старт» атты эстафеталық ойын өткізді. Эстафеталық ойынның мақсаты: Оқушыларды спорттық ойындарға бейімдеу, денсаулықтарын жақсарту, қызығушылықтарын арттыру. Эстафеталық ойынға 5-сыныптар арасынан 3 команда қатысты. 1. «Күншуақ» тобы 2. «Бірлік» тобы 3. «Достық» тобы Ойын
«Алатау аруы 2021» лицейішілік байқау
03
март
2021
«Алатау аруы 2021» лицейішілік байқау
03.03.21ж. ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл толу мерекесі аясында және 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Алатау аруы-2021» лицейішілік байқау 9-10 сынып қыздары арасында «Zoom» платформасы арқылы виртуалды форматта өтті.     Қазақ халқы қашан да ұлын нарға, қызын арға балап, ізеттілігін келіннен тауып, көңілінің дархандығын кең даласымен өлшеген. «Қыз өссе – елдің көркі» деп қызға ерекше құрмет көрсеткен. Бүгінгі қоғамда халқымыздың қыз бала тәрбиесіндегі қалыптасқан дәстүрін насихаттауды
"Балалар бастауы - 2021"
03
март
2021
"Балалар бастауы - 2021"
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толу мерекесіне орай балалардың белсенділігін көрсететін "Балалар бастауы - 2021" әлеуметтік жоба аясында "Еліміздің еркіндігі - Тәуелсіздік" атты қашықтықтан ұйымдастырылған аудандық бейнероликтер байқауына қатысқан №178 мамандандырылған лицей оқушылары ІІ орын иеленді.  Жетекшісі: Төлендиева С.Т.
“Спорт - таусылмас азық, Өнер сарқылмас байлық” атты шахмат жарысы өткізілді
03
март
2021
“Спорт - таусылмас азық, Өнер сарқылмас байлық” атты шахмат жарысы
Санитарлық талапқа сай №178 мамандандырылған лицейде 03 наурыз күні "Эстетикалық пәндер, дене шынықтыру, АӘ және технологиялық дайындық" кафедрасының онкүндігінің жоспарына сәйкес, “Спорт - таусылмас азық, Өнер сарқылмас байлық” атты тақырыбында офлайн режимде шахматтан оқушылар арасында лицейішілік жарыс өткізілді. Мақсаты: Салауатты өмір салты, шахмат ойынына деген қызығушылықтарын ояту арқылы оқушылардың ғылыми ой зеректігін нығайту. Ойын барысында 1,2,3 орын алған қатысушылар алғыс
5 сыныпқа қабылдау және құжаттарды тіркеу жұмыстары
03
март
2021
5 сыныпқа қабылдау және құжаттарды тіркеу жұмыстары
Құрметті ата-аналар және оқушылар! Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2021-2022 оқу жылына №178 мамандандырылған лицейге 5-сыныпқа конкурстық іріктеу негізінде оқушыларды қабылдайды. Құжаттарды онлайн - тіркеу және қабылдау 2021 жылғы 1 наурыз бен 1 сәуір аралығында qabyldau.daryn.kz сайтында өтеді. Тіркеу кезінде қажетті құжаттар: 1) баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш (үлгі бойынша); 2) ЖСН
"Алғыс айту" күні құтты болсын!
02
март
2021
"Алғыс айту" күні құтты болсын!
Мамандандырылған лицейде 1 наурыз "Алғыс айту" күніне орай, биыл лицейімізге жаңадан қабылданған 5-сынып оқушылары өздерінің алғыстарын ата-аналары мен білім нәрін сусындатқан пән мұғалімдеріне білдірді.  "Алғыс айту" күні құтты болсын! Ел-жұрттың алғысына бөлене берейік.