Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайындағы сабақ үстіндегі пәнаралық байланыс» тақырыбында кәсіби отырыс өтті.
14
февраль
2022
«Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайындағы сабақ үстіндегі
№178 мамандандырылған лицейде мұғалімдердің кәсіби тәжірибе алмасуы мен әдістемелік өсімін дамыту мақсатында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайындағы сабақ үстіндегі пәнаралық байланыс» тақырыбында кәсіби отырысы өтті. Кафедра жетекшісі, педагог-зерттеуші Ж.Е.Ногайбаева білім алушылардың ойлау қызметін дамыту жолдарының бірі ретінде орыс тілі мен әдебиеті пәндерін оқытудың белсенді әдістерін қолдану тәжірибесі туралы ой бөлісті.
Мұқағали Мақатаевтың құрметіне арнап лицей оқушыларымен арнайы көрме өткізді.
12
февраль
2022
Мұқағали Мақатаевтың құрметіне арнап лицей оқушыларымен арнайы көрме
Кітапхана меңгерушісі Гүлшира Жүнісбекованың ұйымдастыруымен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың құрметіне арнап лицей оқушыларымен арнайы көрме өткізді.
№178 мамандандырылған лицейдің көркем еңбек пәні мұғалімі А.Н.Қадыров  "Қамшы өріп үйренейік" тақырыбында  қамшы өруді үйретуде.
12
февраль
2022
№178 мамандандырылған лицейдің көркем еңбек пәні мұғалімі А.Н.Қадыров
№178 мамандандырылған лицейдің көркем еңбек пәні мұғалімі А.Н.Қадыров оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында "Қамшы өріп үйренейік" тақырыбында ұлдарды шығармашылық жұмысқа баулып, қамшы өруді үйретуде. Мақсаты: қазақтың ұлттық мәдениетіндегі қолөнер туындыларын дәріптеу, саусақ маторикасы арқылы танымдық, шығармашылық жұмыстарға икемділігін және эстетикалық талғамын арттыру.
Дарынды оқушыларымызға қолдау көрсеткені үшін Айгерим Еркінқызы мен Алмас Шайкен мырзаға лицей әкімшілігі атынан өз алғысымызды білдіреміз!
12
февраль
2022
Дарынды оқушыларымызға қолдау көрсеткені үшін Айгерим Еркінқызы мен
"Archive Service" жауапкершілігі серіктестігі мен "Qazyna Кітап үйі" орталығының қолдауымен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған поэзия кешіне, дарынды оқушыларымызға қолдау көрсеткені үшін Айгерим Еркінқызы мен Алмас Шайкен мырзаға лицей әкімшілігі атынан өз алғысымызды білдіреміз! Кәсіптеріңізге береке тілеймін!
9-10 сынып оқушыларына  “Дарынды оқушы оқуға міндетті 100 кітап” шығармашылық жобасы туралы  түсіндіру жұмысын жүргізді.
12
февраль
2022
9-10 сынып оқушыларына “Дарынды оқушы оқуға міндетті 100 кітап”
N178 мамандандырылған лицейде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Токталиева оқушылардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында 9-10 сынып оқушыларына  “Дарынды оқушы оқуға міндетті 100 кітап” шығармашылық жобаның мақсатын айтып, жоғары буын оқушылары оқуға міндетті оқулықтар тізімімен таныстырып өтті. Бұл жоба негізінде оқушылар көркем әдебиетке қызығушылығы артады, ерікті түрде кітап оқуға машықтанады, сөздік қоры молаяды, оқушының жан дүниесі рухани бай болып қалыптасады.
№178 мамандандырылған лицейде тарих пәнінің мұғалімі Г.А.Даулетбаева 10 «Ж» сынып оқушыларымен «Қоғамның әлеуметтік құрылымының тарихи формалары» тақырыбында сабақ өткізді.
12
февраль
2022
№178 мамандандырылған лицейде тарих пәнінің мұғалімі Г.А.Даулетбаева
ХХІ ғасырда әлемдік білім беру жүйесінің дамуындағы негізгі басымдықтардың бірі –оқушылардың неғұрлым өз бетінше білім алып, оны іс жүзінде қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған. №178 мамандандырылған лицейде тарих пәнінің мұғалімі Г.А.Даулетбаева 10 «Ж» сынып оқушыларымен «Қоғамның әлеуметтік құрылымының тарихи формалары» тақырыбында сабақ өткізді. Оқушылар қоғамның әлеуметтік ұйымдасуының тарихи формаларын, оларға тән этностық белгілері туралы презентация жасап, жоба қорғады.
Г.А.Даулетбаева 10 «Ж» сынып оқушыларымен «Қоғамның әлеуметтік құрылымының тарихи формалары» тақырыбында сабақ өткізді.
12
февраль
2022
Г.А.Даулетбаева 10 «Ж» сынып оқушыларымен «Қоғамның әлеуметтік
ХХІ ғасырда әлемдік білім беру жүйесінің дамуындағы негізгі басымдықтардың бірі –оқушылардың неғұрлым өз бетінше білім алып, оны іс жүзінде қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған. №178 мамандандырылған лицейде тарих пәнінің мұғалімі Г.А.Даулетбаева 10 «Ж» сынып оқушыларымен «Қоғамның әлеуметтік құрылымының тарихи формалары» тақырыбында сабақ өткізді. Оқушылар қоғамның әлеуметтік ұйымдасуының тарихи формаларын, оларға тән этностық белгілері туралы презентация жасап, жоба қорғады.
11-сыныптың "Алтын белгіге" үміткер оқушылары  «Тәуелсіздік - тұғырым»  тақырыптарында эссе жазды.
12
февраль
2022
11-сыныптың "Алтын белгіге" үміткер оқушылары «Тәуелсіздік -
№178 мамандандырылған лицейде 11-сыныптың "Алтын белгіге" үміткер оқушылары, Абай Құнанбаевтың «Он тоғызыншы қара сөзіндегі» естілік пен білімділікке қандай адам жетіп, қалай жүзеге асыра алатынын өмірлік деректер арқылы дәлелдеп жазу; І. Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы «Бай-бай, Құлагерім!..» жоқтауындағы ақын өміріндегі Құлагердің орнын білдіретін өлең жолдарын талдау жасау; М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасындағы ғашықтардың жан түршігерлік өліміне әкелген билер шешіміне көзқарастарының
№178 мамандандырылған лицейде технология пәні мұғалімі Үмбеталиева Мөлдір қыздардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында “Тоқыма тоқып үйренейік" тақырыбында тоқыма тоқуды үйретуде.
12
февраль
2022
№178 мамандандырылған лицейде технология пәні мұғалімі Үмбеталиева
Тоқыма тоқу жүйке жүйесі мен ми жұмысын жақсартады. Артық ойлардан арылтып, көңіл көтереді. Тоқыма тоқу – шығармашылық жұмыс. Ал адам баласы шығармашылық жұмыспен айналысқан кезде, ол бар назарын ісіне аударып, көңілі жай тауып, жаны тынышталады. №178 мамандандырылған лицейде технология пәні мұғалімі Үмбеталиева Мөлдір қыздардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында “Тоқыма тоқып үйренейік” тақырыбында қыздарды шығармашылық жұмыспен баулып, тоқыма тоқуды үйретуде.
"Интеллектуализм мен Эксзистенциализм"тақырыбында 9-11 сынып оқушыларына тренинг өткізілді.
12
февраль
2022
"Интеллектуализм мен Эксзистенциализм"тақырыбында 9-11 сынып
№178 мамандандырылған лицейде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің тарихшы маманы, докторант Сейтказиев Руслан Умиргалиевич "Интеллектуализм мен Эксзистенциализм" тақырыбында 9-11 сынып оқушыларына мамандық туралы айтып, ұлттық тәрбие негіздеріне тоқталып тренинг өткізді.