Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Санжар Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университетімен бірлескен пәндік олимпиада
28
февраль
2024
Санжар Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университетімен
      Лицейімізде Жаратылыстану кафедрасының "Ғылымның үш тірегі" тақырыбында онкүндік  өтіп жатыр. Аталған онкүндікте лицей әкімшілігі және Жаратылыстану кафедрасы бірігіп, Санжар Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық университетінің академиялық істер жөніндегі проректоры — Жанна Амантайқызының қолдауымен, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, педагог,  Алаш зиялысы, профессор — Санжар Асфендияровтың 135 жылдық мерейтойына орай "Медицина саласының майталман маманы — Санжар
Халықаралық Инженерлік Технологиялар Университеті өкілдерімен кездесу
27
февраль
2024
Халықаралық Инженерлік Технологиялар Университеті өкілдерімен кездесу
      Қаламыздағы жоғары оқу орындарының бірі Халықаралық Инженерлік Технологиялар Университетінің кәсіби бағдар беру бойынша мамандары лицейімізге арнайы келіп, 10-11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 
"KIMEP" университетіндегі арнайы ғылыми-ақпараттық саяхат-сабағы
26
февраль
2024
"KIMEP" университетіндегі арнайы ғылыми-ақпараттық саяхат-сабағы
      Лицейіміздің 10-сынып оқушылары қаламыздағы жоғары оқу орындарының бірі "KIMEP" университетіне арнайы ғылыми ақпараттық саяхат-сабағына барды. Оқушыларымыз университеттің тыныс-тіршіліктері мен оқу бағдарламасы және академиялық базаларымен танысты. Сондай-ақ ең үздік сұрақтарға жауап берген 10 "Е" сынып оқушысы Айсинова Інжуға жастар комитеті  университеттің  жейдесін табыстады. 
"KIMEP" университетімен кәсіби бағдар беру бойынша кездесу өтті
20
февраль
2024
"KIMEP" университетімен кәсіби бағдар беру бойынша кездесу өтті
     Қаламыздағы жоғары оқу орындарының бірі — "KIMEP" университетінің кәсіби бағдар беру бойынша маманы лицеймізге арнайы келіп, 10-11 сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, толықтай ақпарат беріп кетті. Сондай-ақ үздік сұрақтарға жауап берген оқушыларға университет атынан  сыйлықтарды табыс етті.
Лицей оқушыларының қатысуымен сыныптан тыс "Нейробика" сабағы өтті
02
февраль
2024
Лицей оқушыларының қатысуымен сыныптан тыс "Нейробика" сабағы өтті
     Бүгін, лицейіміздің 8 "Д" сынып оқушылары "Alatau Creative Hub" орталығында өткен сабақтан тыс "Нейробика" сабағына қатысты. Бұл сабақ оқушыларды сабақтан соң жүйке жүйелерін реттеу және тәртіпке бағыну, шығармашылық жұмысты дамыту мақсатында жүзеге асырылды.  Оқушыларымызға арнайы сабақ бергені үшін "Нейробика" үйірмесінің жетекшісі Тулеужанова Алтынайға өз алғысымызды білдіреміз!
Дінмұхамед Ахмтеұлы Қонаевтың туған күніне орай "Alatau Creative Hub" орталығында абыз ақсақалға арналған эссе жазу байқауы ұйымдастырылды
12
январь
2024
Дінмұхамед Ахмтеұлы Қонаевтың туған күніне орай "Alatau Creative Hub"
     Қазақтың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, 40 жыл ел басқарған—Дінмұхамед Ахмтеұлы Қонаевтың туған күніне орай "Alatau Creative Hub" орталығында абыз ақсақалға арналған эссе жазу байқауы ұйымдастырылды. Байқауға лицейіміздің 8-9 сынып оқушылары да қатысып, өз бақтарын сынады. Байқау нәтижесі алдағы уақытта белгілі болады. Осы іс-шараның өтуіне лицейіміздің кәсіби бағдар беру бойынша маманы Тілеужан Әбілқайыр ұйымдастырып, өз үлесін қосты. "Alatau Creative Hub" орталығы қазіргі таңда
Қазақтың абыз ақсақалына құрмет!!!
12
январь
2024
Қазақтың абыз ақсақалына құрмет!!!
     Бүгін, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері —Дінмұхамед Ахмтеұлы Қонаевтың туған күніне арналған іс-шараға лицейіміздің оқушылары "Дінмұхамед Ахмтеұлы Қонаев" төсбелгісі мен Д.Қонаев атындағы физика-математика олимпиадасы мен ғылыми конференцияның жеңімпаздары — Жалғасбек Ару, Ахметқалиева Аруна, Баяш Аяла қатысып, абыз ақсақалдың атындағы мұражайға барды. Оқушыларымыз қаламыздағы "Алматы Тв" каналына сұқбат беріп, өз ойларымен бөлісті. Естеріңізге
9-сынып оқушылары С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетіне кезекті өндірістік сабаққа барды
11
январь
2024
9-сынып оқушылары С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина
  Лицейіміздің жаратылыстану бағыты бойынша химия-биология сыныптарында оқитын 9-сынып оқушылары қаламыздағы Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетіне өндірістік сабаққа барды. Оқушыларымызға университеттің мұражай басшысы, медицина ғылымдарының доценті Амантаев Бақанай мырза университеттің тыныс-тіршіліктері мен университет тарихын кеңінен таныстырды. Өндірістік сабақтың өтуіне қолдау көрсеткені үшін университет әкімшілігіне өз алғысымызды білдіреміз. Сондай-ақ
Санжар Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың студенттері химия-биология сыныптарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді
13
декабрь
2023
Санжар Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың студенттері химия-биология
Санжар Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың студенттері, лицейдің биылғы түлектері, мемлекеттік және университет ректорының грант иегері — Болатов Санжар мен Асанова Томирис химия-биология сыныптарында оқитын оқушылар үшін арнайы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Каспий университетінің арнайы мамандарымен кездесу
05
декабрь
2023
Каспий университетінің арнайы мамандарымен кездесу
Caspian University білім беру қызметтері нарығындағы көпсалалы, жоғарғы және орта білімнен кейін, бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша сапалы білім беретін жоғары оқу орны. Caspian University 18 бакалавриат, 6 магистратура, 2 PhD докторантура мамандықтары бойынша білім береді.  Алматы қалалық Каспий университетінің арнайы мамандары кәсіби бағдар беру бойынша 11-сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.