Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
University of Central Asia университеті 11-сынып түлектеріне кәсіби бағдар жұмыстарын өткізді.
22
декабрь
2021
University of Central Asia университеті 11-сынып түлектеріне кәсіби
№178 мамандандырылған лицейде Қырғызстан Республикасы Нарын қаласында орналасқан University of Central Asia университетінің арнайы өкілі 11-сынып түлектеріне арнап кәсіби бағдар жұмыстарын өткізді: UCA бакалавриат бағдарламалары, гранттар мен қаржылай көмек туралы ақпараттық презентацияны ұсынды.
11-сынып оқушыларына Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
22
декабрь
2021
11-сынып оқушыларына Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы
№178 мамандандырылған лицейдің 11-сынып оқушыларына Алматы қаласындағы Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының профессор-оқытушы құрамы болашақта мамандық таңдауға арналған түсіндірмелі және үгіт-насихаттау жұмыстарын жүргізді.
9-11 сынып оқушыларына мамандық таңдауға арналған түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
21
декабрь
2021
9-11 сынып оқушыларына мамандық таңдауға арналған түсіндірме
№178 мамандандырылған лицейде Алматы қаласында орналасқан Almaty Management University университетінің студенттері арнайы 9-11 сынып оқушыларына мамандық таңдауға арналған түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Нархоз университетінің спикерлері мамандықты дұрыс таңдау бойынша кәсіби бағдар берді
27
октябрь
2021
Нархоз университетінің спикерлері мамандықты дұрыс таңдау бойынша
N178 мамандандырылған лицейде 11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында Нархоз университетінің спикерлері аталмыш ЖОО туралы ақпаратпен бөлісіп, оқу бағдарламалары мен оның ерекшеліктері, оқуға түсу гранты мен жеңілдіктері жайында лицей түлектеріне таныстырды. Сондай-ақ қатысушылармен Kahoot ойыны арқылы кері байланыс жасалды, нәтижесінде 5 оқушы Нархоз университетінің брендтік стикерлерін ұтып алды.
"Атамекен" кәсіпкерлік палатасының директоры Казыкенов Айбек Олжабекұлымен онлайн кездесу өткізілді.
11
октябрь
2021
"Атамекен" кәсіпкерлік палатасының директоры Казыкенов Айбек
"Кәсіпкерлік және бизнес негіздері" пәні мұғалімі Абдраимов Айдынның ұйымдастыруымен №178 мамандандырылған лицейде Алатау ауданы "Атамекен" кәсіпкерлік палатасының директоры Казыкенов Айбек Олжабекұлымен онлайн кездесу өткізілді. Кездесуге 9-10 сынып оқушылары қатысып, бизнес саласындағы мәселелер бойынша сұрақтар талқыланып, кең ауқымды мағлұмат берілді.
9 сынып оқушыларымен online кездесу өткізілді
27
апрель
2021
9 сынып оқушыларымен online кездесу өткізілді
Тасымалды ұйымдастыру және темір жол көлігіндегі қозғалыстармен толық таныстыру мақсатында темір жол мамандарын даярлайтын мемлекеттік арнаулы орта оқу орны Алматы көлік және коммуникациялар колледжі сәуір айының 27- күні № 178 мамандандырылған лицейдің 9 сынып оқушыларымен online кездесу өткізді. Оқушылардың қойған сұрақтарына толық жауап берлу үшін, колледждің өкілдері өздерінің оқу орны, қалыптасу тарихы, дайындайтын негізгі мамандықтары жөнінде түсіндіріп, өздерінің арнайы презентациялық
11 сынып оқушыларымен online кездесу өткізілді
27
апрель
2021
11 сынып оқушыларымен online кездесу өткізілді
Таңдау - сізден, сапалы білім - бізден! – тақырыбында, АКТ саласында салалық технологияларды, алдыңғы қатарлы менеджмент, экономика және коммуникативтік дағдыларды ағылшын тілінде терең меңгерген жаңа буын мамандарын қалыптастыру мақсатында сәуір айының 27 – күні Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің мамандары № 178 мамандандырылған лицейдің 11 сынып оқушыларымен online кездесу өткізді. ХАТУ студенттердің жеке қасиеттерін, көшбасшылық дағдылары мен шығармашылық қабілеттерін
«Менің болашақ мамандығым – мұғалім!» тақырыбында Online кездесу өткізілді
20
апрель
2021
«Менің болашақ мамандығым – мұғалім!» тақырыбында Online кездесу
“Мамандық” құндылығы туралы түсінік сферасын кеңейту және жеке тұлғаның әлеуметтік ашық қоғамға бейімделуіне, яғни әлеуметтенуіне ықпал ету мақсатында «Менің болашақ мамандығым – мұғалім!» тақырыбында №2 Алматы мемлекеттік педагогика – гуманитарлық колледж мамандары сәуір айының 20 күні № 178 мамандандырылған лицейдің 9-сынып оқушыларымен профориентация бойынша Online кездесу өткізді. Кездесу басында директордың ғылыми-ісі жөніндегі орынбасары Досқожаева Н.Е. шараның ұйымдастырылуындағы мақсаты
Мамандық таңдаудың бір жолы кәсіби бағдар беру
25
февраль
2021
Мамандық таңдаудың бір жолы кәсіби бағдар беру
   № 178 мамандандырылған лицейдің 9 сынып оқушыларын мамандыққа баулу мақсатында ағымдағы жылдың 23 ақпанында Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем тілдері Университетіне қарасты Халықаралық сервис және менеджмент колледж мамандары кездесу өткізді. Осы іс-шарада колледж мұғалімдері оқушыларға әр түрлі мамандықтар туралы айтып, бейне- таныстырылым көрсетті. Сонымен қатар, жеңілдіктер және алдын ала тестілеу жөніндегі деректер және қажетті құжаттар тізімі де хабарландырылды.
Лицей оқушыларына онлайн форматта кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілді
04
декабрь
2020
Лицей оқушыларына онлайн форматта кәсіби бағдар беру жұмыстары
4 желтоқсанда №178 лицей директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Шажабаева Гүлжан Сауытқызының ұйымдастыруымен лицейдің 9 «З» сынып оқушыларына онлайн форматта кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілді. Бұл жиынға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасының аға оқытушысы Әмірбек Үмітай Әбдіқаппарқызы мен осы оқу орнының корейтану бөлімінің меңгерушісі, PhD, профессор Ли Бенг Джо қатысты. Оқу орнынан арнайы келген мамандар жеткіншектерге мамандық таңдаудың қыр-сыры