Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Бала тәрбиесі - отбасы мен мектептің ажырамас бөлшегі" тақырыбындағы ата-аналар жиналысы
19
январь
2019
"Бала тәрбиесі - отбасы мен мектептің ажырамас бөлшегі" тақырыбындағы
2019 жылдың 17,18 қаңтар күндері №178 лицейде "Бала тәрбиесі - отбасы мен мектептің ажырамас бөлшегі" тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.Ата-аналар жиналысының көздеген басты мақсаты – бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру, әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру, баланың жақсы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру болды.
"Білім додасы" зияткерлік ойыны
16
январь
2019
"Білім додасы" зияткерлік ойыны
2019 жылдың 16 қаңтар күні Елбасы 2019 жылды  Жастар жылы деп жариялауына байланысты, "Жас Ұлан ұйымының ұйымдастыруымен 8-10 сыныптар арасында "Білім додасы" зияткерлік ойындар сайысы өтті. Мақсаты: оқушыларды шапшаң ойлауға, үш тілді меңгеруге баулу, тарихи білімдерін арттыру.  Нәтижесінде І орын - 9 сыныптар, ІІ орын - 10 сыныптар, ІІІ орын - 8 сыныптар иеленді.
"Жастар жалауы" атты Республикалық өнер байқауы
06
январь
2019
"Жастар жалауы" атты Республикалық өнер байқауы
"Жастар жалауы" атты Республикалық көркем сөз, ән-би байқауына "Қолөнер" номинациясы бойынша №178 лицей оқушылары қатысып, Елбасымыздың 2019 жыл "Жастар жылы" үндеуіне ерекше атсалысып, ұлттық өнерімізді дәріптеп, Мемлекетіміздің Туын биіктен самғауына қосқан үлестері үшін марапатталды.
Almaty Roboman - 2018/2019 робототехника турнирі
04
январь
2019
Almaty Roboman - 2018/2019 робототехника турнирі
Алматы қаласы Білім басқармасының "Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми әдістемелік орталығының" және Қазақстандағы робототехниканың Еуропалық апталық аясында Almaty Roboman - 2018/2019 робототехника турнирі болып өтті. Нәтижесінде №178 лицей оқушылары шығармашылық конкурстан жоғары топ арасында Курбаналиев Омар, Рейнбаев Қажымұқан, Мейманқожаев Жанарыс, төменгі топтан Хамзахан Айтөре І орын иеленді. 3Д моделдеу және 3Д баспадан Курбаналиев Омар, Рейнбаев Қажымұқан, Мейманқожаев
"Жаңа жыл - 2019" мерекелік кеші
28
декабрь
2018
"Жаңа жыл - 2019" мерекелік кеші
2018 жылдың 26 желтоқсан күні 9,10,11 сыныптардың "Жаңа жыл - 2019" атты мерекелік кеш өтті.Жаңа жылдың символына айналған әдемі безендірілген шырша мерекелік кештің ажарын аша түсті. Көңілді өткен мерекелік бағдарлама би кешімен жалғасты. 
Оқушылар әкім шыршасына қатысты.
27
декабрь
2018
Оқушылар әкім шыршасына қатысты.
Алматы қаласы әкімі Б.Қ.Байбек мырза әлеуметтік жағдайлары төмен отбасының балаларына арнайы жаңа жылдық мереке сыйлады. Мерекеге №178 лицейден 6 оқушы қатысты. Сонымен қатар Алатау ауданының әкімі Шахмерден Сыртбайұлы әлеуметтік жағдайлары төмен, көп балалы отбасының балаларына ерекше Жаңа жылдық мереке ұйымдастырды. Алматы қаласы қуыршақ театрына саяхатқа барды. Қойылымды лицейімізден 7 оқушы барып тамашалады. Оқушылар керемет сыйлықтарға ие болды. Балаларымыз қуанышты болып қайтты.
«Тәуелсіздік – адамзаттың бақыты»
15
декабрь
2018
«Тәуелсіздік – адамзаттың бақыты»
Алатау ауданы №178 лицейде 15.12.2018ж. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27 жылдығына байланысты «Тәуелсіздік – адамзаттың бақыты» атты тақырыпта мерекелік кеш өтті. Мақсаты: тәуелсіздік ұғымын терең ұғындыру, оқушылардың бойына Отанына, еліне деген сүйіспеншілік пен бірлік ұғымдарын терең сіңіру, Мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге, мемлекеттік тілді құрметтеуге, өз ұлтын сүйетін саналы, білімді азамат қалыптастыру.
2018-2019 оқу жылындағы Ұлттық бірыңғай тест  өткізу туралы
01
декабрь
2018
2018-2019 оқу жылындағы Ұлттық бірыңғай тест өткізу туралы
"№178 лицей" КММ 11- сынып оқушыларымен  2018-2019 оқу жылындағы Ұлттық бірыңғай тест  өткізу туралы жаңалықтармен бөлісіп, түсініктеме жұмыстары жүргізілді.