Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Республикалық ғылыми жобалар конкурсы
15
февраль
2020
Республикалық ғылыми жобалар конкурсы
    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастыруымен жыл сайынғы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсы өтті. Биылғы жылы конкурс Алматы қаласы Оқушылар сарайы базасында 11-14 ақпан аралығында өткізілді. Лицейіміздің оқушылары осы конкурстың жүлдегерлері атанды.     Атап айтқанда, лицейіміздің 11 сынып оқушылары жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай лицейішілік сайыс өткізілді
15
февраль
2020
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай
   Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының мерейтойына орай «Абай салған ізбенен» тақырыбында 9 сыныптар арасында лицейішілік сайыс өткізілді. Сайыста оқушылар өз өнерлері мен білімдерін  көрсетіп,  бақтарын сынады. Оқушылар Абайдың өлеңдерін тереңдете оқып,  жатқа айтып, қара сөздеріне көрініс қойып, өз шеберліктерін шыңдады.    Сонымен сайыста  жеңімпаз және жүлделі орындарға ие болған сыныптар:     Бас жүлде –  9 «И» сыныбы    І орын – 9 «Г» сыныбы     ІІ орын – 9 «Ж» сыныбы     ІІІ орын –  9
Үйірме жұмыстары: РОБОТОТЕХНИКА
15
февраль
2020
Үйірме жұмыстары: РОБОТОТЕХНИКА
   №178 лицей 5-10 сынып оқушылары арасында "Робототехника" үйірмесі бойынша бірнеше топ жұмыс жасайды.          Бүгінгі технологиялар дамыған заманында адамның ақпараттық сауаттылығы туралы түсінігі күн сайын өзгеріп келеді. Осыдан 10 жыл бұрын адамның сауаттылығы тек оқу мен жазу көрсеткіштері арқылы бағаланатын болса, казір компьютермен жұмыс істеу тәжірибесі маңызды болып саналады, ал ертеңгі күні әрбір сауатты адам роботпен жұмыс жасай білу қажет. Бүгінгі күні робот өмірімізге нық қадам
Үйірме жұмыстары: ШАХМАТ
14
февраль
2020
Үйірме жұмыстары: ШАХМАТ
     №178 лицей 5-11 сынып оқушыларының арасында "Шахмат үйірмесі" жүйелі жұмыс жасайды. Жетекшісі – Амонбоев Сино.     Шахмат – ақыл-ой спорт түрі. Шахмат сөзінің мағынасы парсышадан патша (шах) өлді (мат) дегенді білдіреді. Әлемдегі кең таралған ойындардың бірі саналады.      Шахмат несімен пайдалы?   – Жастайынан бала өздігінен шешім шығарып, өтіп жатқан әртүрлі оқиғаларды логикалық тұрғыдан бағалай біледі. Қарапайым сұрақтарға да ересек адамдарша жауап беріп, саналы шешімдерге барады.   –
«Бақытым халқым менің» байқауы
11
февраль
2020
«Бақытым халқым менің» байқауы
   «Бейбітшілік әлемі» халықаралық творчествалық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Бақытым халқым менің» атты байқауда лицейіміздің 5 сынып оқушылары Баяш Анель мен Сайлаубек Дария Бас жүлдені иеленді.       Жетекшісі: Асанова Гүлшат Рамазанқызы
Әл-Фараби атындағы ҚҰУ жүргізген OnLine конференция
10
февраль
2020
Әл-Фараби атындағы ҚҰУ жүргізген OnLine конференция
№178 лицей 11-сынып оқушылары әл-Фараби атындағы ҚҰУ жүргізген OnLine конференцияға қатысты. Наурыз айында болатын ҰБТ-ның өту тәртібі жайлы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кезекті ақылы тестің өткізілу барысында оқушылар өз мүмкіндіктерін сынай алады. Оқушылар конференция барысында түрлі сұрақтар қойылып, көкейкесті жауаптарын алды.  Мектеп бітірушілерге  бейіндік пәндерді дұрыс таңдауы, мамандық таңдаудың дұрыс кілті екені баса айтылды. 
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай  лицейішілік сайыс өткізілді
09
февраль
2020
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай лицейішілік сайыс
   Қазақтың ақиық, мұзбалақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Поэзия! Меніменен егіз бе едің?!» тақырыбында 8 сыныптар арасында лицейішілік сайыс өткізілді. Сайысқа 7  сынып қатысып, өз бақтарын сынады. Оқушылар Мұқағалидың өлеңдерін тереңдете оқып,  жатқа айтып, өз шеберліктерін шыңдады.    Сонымен сайыста  жеңімпаз және жүлделі орындарға ие болған сыныптар:     Бас жүлде –  8 «Е» сыныбы    І орын – 8 «Г» сыныбы     ІІ орын – 8 «Ж» сыныбы     ІІІ орын –  8 «Ә» және 8 «Ғ» сыныбы.   
Лицейіміздің оқушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған сайыста ІІ орын иегері атанды
04
февраль
2020
Лицейіміздің оқушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай
   11 «А» сыныбының оқушысы Әбдірәсіл Заңғар Абай Құнанбайұлының мерейтойына орай ұйымдастырылған сайыста үздіктер қатарынан көрініп, ІІ орын иегері атанды.     Жетекшісі: лицейдің кітапхана  меңгерушісі Жунисбекова Гүлшира.     Оқушымыз бен жетекшімізді жеңістерімен құттықтап, лицей абыройын асқақтатқаны үшін өз алғыстарымызды білдіреміз.
«Жанымда жүр жақсы адам» тақырыбында тренинг жүргізілді
04
февраль
2020
«Жанымда жүр жақсы адам» тақырыбында тренинг жүргізілді
   2020 жылдың 4 ақпаны күні лицей психологы Ж.А Агажанова 6 сынып оқушыларымен «Жанымда жүр жақсы адам» тақырыбында тренинг жүргізді.     Мақсаты: Оқушылардың бір–біріне деген адамгершілік, мейірімділік қасиеттерін қалыптастыра отырып, бойларына жылулық ұялату.     Тренинг соңында оқушылармен кері байланыс жасалынды. Оқушылар тренингтен  алған жағымды әсерлерімен бөлісіп, рақметтерін айтып, өз ризашылықтарын білдірді.  
Наурыз айындағы ҰБТ-ға түсініктеме жұмыстары
03
февраль
2020
Наурыз айындағы ҰБТ-ға түсініктеме жұмыстары
04.02.2020 күні №178 лицейдің 11- сынып оқушыларына  наурыз айында ҰБТ тапсырам деушілер үшін түсініктеме жұмыстары жүргізілді.  Наурыз айындағы ҰБТ тапсырушылар үшін тіркелу басталды. Тіркелу 1- ақпаннан бастап 15- ақпанға дейін жүргізіледі.  2019 жылдан бастап жоғары оқу орнына ақылы негізде түсу үшін ҰБТ жылына 4 рет (қаңтар; наурыз; маусым-шілде; тамыз айларында) ҰБТ тапсыра алады.  Грант конкурсына түсу үшін тек қана маусым айында тапсырған ҰБТ сертификатымен ғана грантқа түсе алады.