Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Лидер» Шахмат Академиясының жүлдесіне арналған қалалық турнир
29
апрель
2020
«Лидер» Шахмат Академиясының жүлдесіне арналған қалалық турнир
2019-2020 оқу жылының ІІІ тоқсанында оқушыларымыз шахмат ойындарында үздік нәтиже көрсетіп, лицей намысын қорғады. «Лидер» Шахмат Академиясының жүлдесіне арналған қалалық турнир өткізіліп, лицейіміздің оқушылары өз бақтарын сынап қайтты. Біздің оқушыларымыз өте жақсы деңгейде өнер көрсетіп, жеңімпаз атанып, жүлделі орындарға тұрақтады. І орынды алтын медальды 5 «Г» сынып оқушысы Ерқожа Алихан, ІІ орын, күміс медальды 5 «Г» сынып оқушысы Нұрболұлы Нұрдаулет, ІІІ орын қола медальды 5 «В» сынып
Үздіктердің үздігі!
29
апрель
2020
Үздіктердің үздігі!
2019-2020 оқу жылының ІІІ тоқсанында біздің оқушыларымыз шахмат фестивалі жарысына қатысты. Турнирді Intprofchess шахмат мектебі ұйымдастырды. І орын алтын медаль 7 «З» сынып оқушысы Кайса Нуриддинге бұйырды. ІІ орын күміс медальды 8 «З» сынып оқушысы Қалибек Нұралы еншіледі. Кайса Нуриддин 7 «З» сыныбы, Қалибек Нұралы 8 «З» сыныбы және Мухаметканов Мансур 5 «В» сыныптары ІІІ дәрежелі дипломдармен де марапатталды. ІV жүлделі орын 5 «В» сынып оқушысы Мухаметканов Мансурға бұйырды.
Бір шаңырақ астында
29
апрель
2020
Бір шаңырақ астында
Қазақ қашаннан бауырмал халық қой. Әр кезеңде елімізден пана іздеп келген өзге ұлт өкілдерін бауырына басқан көпұлтты мемлекетпіз. Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін! Барлығымыз туған жердің төсінде, құшағын жайған бейбіт елдің ішінде ел бірлігін сақтауға атсалысайық! Сіздерді Алматы қаласы, Алатау ауданы, 178 лицей ұжымы және 7 «Ғ» сыныбының атынан
NIO.KZ - Ұлттық Интернет Олимпиада
29
апрель
2020
NIO.KZ - Ұлттық Интернет Олимпиада
Ұлттық Интернет Олимпиада сайттары ұйымдастырған қашықтық олимпиадаға лицейіміздің оқушылары мен мұғалімдері қатысып, І, ІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Оқушыларымыз бен мұғалімдерімізді айтулы жеңістерімен құттықтаймыз!
5-сынып оқушылары: "Көркем еңбек" сабағы
29
апрель
2020
5-сынып оқушылары: "Көркем еңбек" сабағы
"Көркем еңбек" үйірме жұмысы және мақсаты:  Балаларға қосымша білім беруде оқушының білімін, шеберлігін көрсету.  Оқушыны шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру, жетістіктерін бағалап көрсету, белсенділігін қалыптастыру, өздігінен еңбек етуге дайындау, іскерлігін дамыту.
Ұлттық Тестілеу Орталығы ұсынады!
29
апрель
2020
Ұлттық Тестілеу Орталығы ұсынады!
Ұлттық Тестілеу Орталығы ұсынады! ҰБТ-2020 тіркелудің 2 жолы бар:  1. Түлек 18 жасқа толған болса; 2. Түлек 18-ге толмаған болса 
Республикалық Дәстүрлі Интернет және Ұлттық Интернет Олимпиада
29
апрель
2020
Республикалық Дәстүрлі Интернет және Ұлттық Интернет Олимпиада
    Қашықтықтан Республикалық Дәстүрлі Интернет және Ұлттық Интернет Олимпиада сайттары ұйымдастырған ағылшын, математика, география пәндері бойынша өткізілген олимпиадаға лицейіміздің оқушылары мен мұғалімдері қатысып, І дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Оқушыларымыз бен мұғалімдерімізді айтулы жеңістерімен құттықтаймыз!
ҰБТ-2020 (маусым) тапсыруға өтініш қабылдайтын ЖОО жауапты хатшыларының контактілері
29
апрель
2020
ҰБТ-2020 (маусым) тапсыруға өтініш қабылдайтын ЖОО жауапты
Құрметті тестіленушілер! 2020 жылғы 20 сәуірден 10 мамырды қоса алғанда ҰБТ-ға (маусым) қатысу үшін өтініштер қабылданады. Елде ТЖ режимі енгізілуіне байланысты қоғамдық орындарға баруды болдырмау мақсатында, ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштер қабылдаудың форматы өзгерді. Өткен жылдардағы мектеп түлектері, колледж түлектері және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар, білім беру ұйымын шетелде аяқтаған тұлғалар ҰБТ-ға қатысу үшін алдын-ала онлайн өтініш беріп, өз
Қашықтықтан оқытуда көркем еңбек сабағы
29
апрель
2020
Қашықтықтан оқытуда көркем еңбек сабағы
Лицейімізде 8-сынып қыздары арасында қашықтықтан оқыту жүйесінде оқушылардың сурет салуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында онлайн режимде Көркем еңбек сабағында өз суреттерімен таныстырды. Көркем еңбек пәні мұғалімі: Мұса Жанерке.
Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру жөнінде ата-аналар жиналысы
29
апрель
2020
Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру жөнінде ата-аналар жиналысы
№178 лицейде 7 сыныптар арасында қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру жөнінде ата-аналар жиналысы 28 сәуір сағат 12.00-де өтті.  Жиналыстың мақсаты: қашықтықтан оқыту барысында ата-ана мен бала арасында қиындықтарды болдыртпау мақсатында психологиялық қолдау көрсету. Ата-аналар жиналысы жоғарғы деңгейде өтті. Ата-ана мен ұстаздың арасында түсінбеген сұрақтар қойылып, ұстаздар тарапынан жауап берілді. Қашықтықтан оқу барысында ата-ананың міндеті қандай? Сонымен қатар ата-ана баласы үшін "нені білу