Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз!
07
май
2020
Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз!
Құрметті, Отан қорғаушылар! Ардақты ағайын!     Сіздерді Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!     7 мамыр - егемен еліміздің Қарулы күштерінің мерейін асқақтатын, Отан үшін отқа түскен ата-бабаларымыздың, бейбіт өміріміздің бек кепілі бола білген асыл азаматтарымыздың мейрамы! Өз тағдырын ел тағдырымен байланыстырған әрбір сарбаздың Отанымызды қорғап, қызметке атаулы үлес қосқанын әрқашан мақтан тұтамыз. Тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт
"Отан қорғаушылар күні" мерекесі
07
май
2020
"Отан қорғаушылар күні" мерекесі
Құрметті Жігіттер, Әкелер, Аталар, Бауырлар!!! Сіздерді 7 мамыр -"Отан қорғаушылар күні" мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз. Еліміздің өркендеу жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз. #бізбіргеміз #бізүйдеміз #№178лицей
6 "В" сыныбының құттықтауы: Отан қорғаушылар күні
07
май
2020
6 "В" сыныбының құттықтауы: Отан қорғаушылар күні
7 мамыр - Отан қорғаушылар күні! Осы атаулы да ерекше күнге 6 "В" сыныбының арнайы дайындаған құттықтауын назарларыңызға ұсынамыз.
6 "В" сыныбының құттықтауы: Ұлы Отан соғысының 75 жылдығы
07
май
2020
6 "В" сыныбының құттықтауы: Ұлы Отан соғысының 75 жылдығы
Ұлы Отан соғысының 75 жылдығына арналған 6 "В" сыныбы оқушыларының құттықтауын қабыл алыңыздар!
Еңбек тәрбиесі - барлық тәрбиенің қайнар көзі
06
май
2020
Еңбек тәрбиесі - барлық тәрбиенің қайнар көзі
"Көркем еңбек"пәні оқушыларды тек еңбекке ғана баулымай,олардың шығармашылық қабілеттерін,эстетикалық,көркемдік ойлау дағдыларын, рухани-адамгершілік құндылықтарын дамытуға бағытталған. Жетекшісі: Мұса Жанерке
Speaking online - ағылшын тілінде ауызша сөйлеуді жетілдірудің тиімді тәсілдерінің бірі
06
май
2020
Speaking online - ағылшын тілінде ауызша сөйлеуді жетілдірудің тиімді
Қашықтықтан оқыту - мұғалім мен оқушының тығыз байланысын арттыратын тәсілдердің бірі екендігіне көзіміз жетті. Алматы қаласы №178 лицей де осындай сарқылмас ағынның қайнарына айналуда. Лицейдегі әр кафедра өз жұмысының ерекше тұсын ұсынуда. Сондай жұмыстардың елеулісінің бірі ағылшын тілі мұғалімдерінің бастамасы болып отыр. Оқушының зейінін арттырудың ерекше жолы ретінде ағылшын тілін оқытудағы төрт дағдыны назардан тыс қалдырмаудың оңтайлы жолын таба білді. Осы мақсатта 5-9 сыныптар арасында
"Менің бақытты отбасым" атты сурет және қолөнер байқауы
06
май
2020
"Менің бақытты отбасым" атты сурет және қолөнер байқауы
"SAMURYQ" өнер-білім орталығының ұйымдастыруымен өткен Республикалық "Менің бақытты отбасым" атты сурет және қолөнер байқауына №178 лицейдің оқушылары Балат Нұрсұлтан және Бақыт Әнел қатысып, І дәрежелі Дипломмен марапатталды. Жетекшілері Кутумов Берік Набиевич және Абыканова Манар Аскарбековна  Алғыс хатпен марапатталды.
Жеңіс күні – Ұлы мереке!
06
май
2020
Жеңіс күні – Ұлы мереке!
Жеңіс күні – Ұлы мереке! Әкелеріміз бен аталарымыздың арқасында біз бүгін бейбіт аспан астында өмір сүрудеміз, қуатты мемлекет құрып, болашаққа сеніммен қарап отырмыз. 5-сыныптар арасындағы жеңістің 75 жылдығына арналған онлайн сурет көрмесі. Жетекшісі: Абыканова Манар.
"Біз - Жеңістің ұрпақтарымыз" атты отбасылық қашықтықтан ән байқауын жариялайды
05
май
2020
"Біз - Жеңістің ұрпақтарымыз" атты отбасылық қашықтықтан ән байқауын
Алматы қаласы Алатау ауданына қарасты №178 лицейде Ұлы отан соғысы Жеңісінің 75 жыл толуына орай, «Біз-Жеңістің ұрпақтарымыз» атты отбасылық қашықтықтан ән байқауын жариялаймыз.