Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Ел жастары" балалар мен жастарды тәрбиелеудің аймақтық бағдарламасы
16
сентябрь
2020
"Ел жастары" балалар мен жастарды тәрбиелеудің аймақтық бағдарламасы
Лицейімізде "Ел жастары" балалар мен жастарды тәрбиелеудің аймақтық бағдарламасы негізінде 2020-2021 оқу жылына сәйкес онлайн жиналыс өткізілді. Онлайн жиналыста оқушыларға алдағы уақытта өтетін іс-шаралар мен қоғамдық жұмыстар және тәрбие негізінде түсіндірме жұмыстары айтылып, онлайн іс-шараларға ат салысып жүрген Эльмира Жанатқызы жетекшілік ететін 10"А" сыныбының оқушылары қоғамдық жұмыстарға белсенді түрде қатысқаны үшін лицей директорының алғыс хатымен марапатталды. Лицейімізде "Ел
"Білімпаз отбасы" зияткерлік сайысы өтті
14
сентябрь
2020
"Білімпаз отбасы" зияткерлік сайысы өтті
2013 жылы Президент Жарлығымен қыркүйектің екінші жексенбісі - Отбасы күні болып бекітілген. Сол жылдан бері Отбасы күні жылда аталып өтіледі. Биылғы жылы мерекеге орай №178 лицейде 14 қыркүйек күні 8 сыныптардың жетекшілерінің ұйымдастыруымен "Білімпаз отбасы" атты отбасылық зияткерлік сайыс өтті. Шараның басты мақсаты - ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасын нығайту, оқушыларға отбасы құндылығының  мәнін түсіндіру. Сайысқа оқушылар ата-аналарымен бірге қатысып, нәтижесінде 8 "в" сыныбы
№178 мамандандырылған лицейдің Call Center өкілдері
11
сентябрь
2020
№178 мамандандырылған лицейдің Call Center өкілдері
Құрметті ата-аналар!       Елімізде болып жатқан жағдайларға байланысты І тоқсаннан бастап сабақтар қашықтықтан оқытумен жүргізілуде. Бұл жағдай қанша уақытқа созылатыны белгісіз. Барлық ата-аналар, ұстаздар мен оқушыларға сәттілік тілейміз! Ең бастысы, сақтық пен сыни ой керек.       Мемлекет тарапынан айтылып жатқан кеңестерге, карантин шараларына бағынған жөн. Қашықтықтан оқыған кезде көп сұрақтар туындауы мүмкін, біз, лицей әкімшілігі сіздердің сұрақтарыңызға тікелей жауап береміз.     
Отбасы күні құтты болсын!
07
сентябрь
2020
Отбасы күні құтты болсын!
№178 лицей директоры барша лицей ұжымын, ата-аналарды, оқушыларды Отбасы күнімен құттықтап, алдағы уақыттағы біздің баршамызға ортақ міндет – өткенін сыйлайтын, еліне қалтқысыз қызмет етіп, болашаққа сеніммен қарайтын өнегелі ұрпақ тәрбиелеу екендігін айтты. Отбасы күнінде барлық шаңыраққа шаттық, береке, бақыт тіледі!
2020-2021 оқу жылы САБАҚ КЕСТЕСІ
01
сентябрь
2020
2020-2021 оқу жылы САБАҚ КЕСТЕСІ
2020-2021 оқу жылы сабақ өтілу уақыты    1-ші ауысым № Басталуы Аяқталу Үзіліс 1 8:00 8:40 5 мин 2 8:45 9:25 5 мин 3 9:30 10:10 15 мин 4 10:25 11:05 5 мин 5 11:10 11:50 5 мин 6 11:55 12:35 5 мин 7 12:40 13:20 2-ші ауысым № Басталуы Аяқталу Үзіліс 1 13:30 14:10 5 мин 2 14:15 14:55 5 мин 3 15:00 15:40 15 мин 4 15:55 16:35 5 мин 5 16:40 17:20 5 мин 6 17.25 18:05 5 мин 7 18:10 18:50 https://schools.kundelik.kz/schedules/ScheduleTable.aspx?school=1000002636877
Лицей директорының Білім күнімен құттықтауы
01
сентябрь
2020
Лицей директорының Білім күнімен құттықтауы
2020 жылғы 1 қыркүйек күні №178 лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы лицей ұстаздары мен оқушыларын және ата-аналарын Білім күнімен құттықтап, жаңа оқу жылына сәттілік және жаңа жетістіктер тіледі.
Лицейіміздің былтырғы түлектері  жаңа оқу жылымен құттықтады
01
сентябрь
2020
Лицейіміздің былтырғы түлектері жаңа оқу жылымен құттықтады
Лицейіміздің былтырғы түлектері, 11"Ә" сыныбының оқушылары, лицей мұғалімдері мен оқушыларын жаңа 2020-2021 оқу жылымен құттықтап, баршаларына сәттілік тілей отырып, сондай-ақ 9"Е" сыныбының оқушыларына құттықтау эстафетасын жолдады. Өз кезегінде 9"Е" сыныбы да 1 қыркүйек - Білім күнімен құттықтау бейнежазбасын ұсынды. Қабыл алыңыздар!
АРТАЕВ БАҚТИЯР ҒАРИФОЛЛАҰЛЫНАН құттықтау!!!
01
сентябрь
2020
АРТАЕВ БАҚТИЯР ҒАРИФОЛЛАҰЛЫНАН құттықтау!!!
Бокстан Афины олимпиадасының чемпионы АРТАЕВ БАҚТИЯР ҒАРИФОЛЛАҰЛЫ №178 лицейдің барша мұғалімдерін келіп жеткен "Білім күні" мерекесімен шын жүректен құттықтайды. Қазіргі таңда спорт пен қызметте еліміздің жастары мен мектеп оқушыларына үлгі болып жүрген, білімді де, білекті, қазақтың қайсар ұлына лицейіміздің атынан үлкен алғысымызды білдіреміз. Қазақтың қара көз балаларына үлгі болып жүре беріңіз, құрметті Бақтияр Ғарифоллаұлы!Құрметпен, лицей әкімшілігі. БАҚТИЯР АРТАЕВ: - Бокстан Афины
ҚР Конституция күні құтты болсын!!!
30
август
2020
ҚР Конституция күні құтты болсын!!!
Биылғы жылы елімізде айтулы мерекелер көп, соның бірі және бірегейі бас заңымыз - Конституцияға биыл 25 жыл толып отыр. Ата Заңымыздың 25 жылдығы құрметіне орай 8"Ж" сыныбының оқушысы Сансызбай Иманғали өлең оқып, жыр-шумақтарын арнады. Қабыл алыңыздар!
Лицей оқушылары  "IQ Almaty" интеллектуалдық ойынында
30
август
2020
Лицей оқушылары "IQ Almaty" интеллектуалдық ойынында
Қалалық "Almaty" телеарнасы ұйымдастырған "IQ Almaty" интеллектуалдық ойынына лицей оқушылары қатысып, Алатау ауданының намысын абыроймен қорғады. 10-11 сынып оқушыларынан құралған "Алатау қырандары" командасы деген атаумен сайысқа түскен оқушыларымыз лайықты өнер көрсете білді. Оқушыларымыз ҚБТУ, СДУ, АТУ университеттерінің студенттерін жеңіп, финалға тікелей жолдама алған болатын. Ал, финалдық ойында оқушыларымыз Алматы техникалық колледжінің студенттеріне есе жіберді. Сайыста география,