Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Физиканы оқып түсіну – әлем құпиясының сырларын түсіну» тақырыбында QUIZ ойын ұйымдастырылды.
12
октябрь
2023
«Физиканы оқып түсіну – әлем құпиясының сырларын түсіну» тақырыбында
     Оқушылардың физика пәніне қызығушылықтарын артыру мен логикалық ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында физика пәнінің мұғалімі Н.Әкбар 8-сыныптар арасында «Физиканы оқып түсіну – әлем құпиясының сырларын түсіну» тақырыбында QUIZ ойын ұйымдастырды. Іс-шара барысында оқушылар танымдық ойы мен зияткерлігін логикалық тұрғыда таныта білді.
"Жас дарын" республикалық байқауында аспапта ойнау номинациясы бойынша Қуанышқызы Елдана Бас жүлде иеленіп, топ жарды
09
октябрь
2023
"Жас дарын" республикалық байқауында аспапта ойнау номинациясы
     Ұстаздар күніне орай ұйымдастырылған "Жас дарын" республикалық байқауында аспапта ойнау номинациясы бойынша Қуанышқызы Елдана Бас жүлде иеленіп, ұялы телефон ұтып алды.
«Алматы – әсем қала» тақырыбындағы Эссе байқауында Есболат Еңлік I орынды иеленді.
29
сентябрь
2023
«Алматы – әсем қала» тақырыбындағы Эссе байқауында Есболат Еңлік I
     Алматы қаласы Алатау ауданы Білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Алматы – әсем қала» тақырыбындағы Эссе байқауында №178 мамандандырылған лицейдің 8 «А» сынып оқушысы Есболат Еңлік I орынды иеленді. Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Аметова С.У.
«Шаңырақ» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының әкімшілігі лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы мен лицей ұжымына алғыс білдірді
28
сентябрь
2023
«Шаңырақ» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының әкімшілігі лицей
2023 жылғы 28 қыркүйекте «Шаңырақ» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 1-қазан Қарттар күніне арналған «Қариясын қадірлеген елде  қасиет бар!» атты мерекелік іс-шарада лицей оқушылары қарияларымызға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, баталарын алып қайтты. Сонымен қатар, «Шаңырақ» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының әкімшілігі де өз ризашылығын білдіріп, лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы мен лицей әкімшілігіне алғыс хаттарын табыстады. 
✨Ағымдағы оқу жылында лицейге конкурс негізінде қабылданған оқушылардың алғашқы жеңісі!
25
сентябрь
2023
✨Ағымдағы оқу жылында лицейге конкурс негізінде қабылданған
     ♟️ Қалалық шахмат турнирінде 14 жаска дейінгі жасөспірімдер арасында ағымдағы оқу жылында лицейге қабылданған 7 «Г» сынып оқушысы Нұрбақыт Ерсұлтан I орын, 4 разрядқа дейінгі оқушылар арасында 7 «Г» сынып оқушысы Қуаныш Мейірлан I орынды жеңіп алды. 🏆 Жеңістеріңіз бен жетістіктеріңіз көп болсын!
10 "Е" сынып оқушысы Иса Ботакөз "Shapagat Cup I" қалалық пікірсайыс турнирінде жеңімпаз атанды.
25
сентябрь
2023
10 "Е" сынып оқушысы Иса Ботакөз "Shapagat Cup I" қалалық пікірсайыс
     Алматы қаласы бойынша Оқушылар сарайында 30 команда арасында "Shapagat Cup I" қалалық пікірсайыс турнирінде №178 мамандандырылған лицейдің 10 "Е" сынып оқушысы Иса Ботакөз 1-орын иеленіп, жеңімпаз атанды.         Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Рапилова Эльмира Жанатқызы
Тілдер мерекесіне орай “Тіл тағдыры - ел тағдыры” атты зияткерлік сайыс өтті.
13
сентябрь
2023
Тілдер мерекесіне орай “Тіл тағдыры - ел тағдыры” атты зияткерлік
Тілдер мерекесіне орай қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сатбаева Р.С.  «Тіл тағдыры - ел тағдыры»  атты зияткерлік сайыс өткізді. Сайыс командылық топта 8 "Б", 8 "Д", 8 "Ғ", 8 "З" сыныптары арасында өтілді.  Сайыста  оқушылардың білімділіктері, дүниетанымдары, жан-жақты ізденіс, талпыныс мүмкіндіктері көрінді. Сөйлеу дағдысы, тіл мәдениетінде нақты жауап беру ұшқырлығы сыналды. Бірін-бірі тыңдап, бағалайтындары да байқалды. Жеңімпаз топ анықталып,   лицей директорының мақтау қағазы
Тілдер мерекесіне орай “Brain ring” атты интеллектуалды жарысы өткізілді.
12
сентябрь
2023
Тілдер мерекесіне орай “Brain ring” атты интеллектуалды жарысы
✅ Қыркүйек айының 12-күні “Мемлекеттік тіл - Қазақстан халықтарын біріктіретін тіл” атты тілдер мерекесі аясында 8-сыныптар арасында ағылшын тілі пәні мұғалімі Айтбагамбетова С. Д. ұйымдастыруымен “Brain ring” атты интеллектуалды жарысы өткізілді.  📗Бәйгеге түскен 8-сынып оқушыларынан құралған топ мүшелері 7 деңгейлі тапсырмаларды орындап,  ақшалай сыйлық және арнайы дипломдармен марапатталды.💐 ⭐І орын - 8”Б” сыныбы, ⭐ІІ орын - 8”Ә” сыныбы, ⭐ІІІ орын - 8”Г” сыныбы иеленді.  
Тілдер мерекесіне орай «Қанша тіл білсең, сонша рет адамсың» атты лицейішілік дебат сайысы өтті.
12
сентябрь
2023
Тілдер мерекесіне орай «Қанша тіл білсең, сонша рет адамсың» атты
📒"Қанша тіл білсең, сонша рет адамсың" тақырыбымен "Тілдер мерекесіне" орай, қыркүйек айының 12-күні 10-11 сыныптар арасында лицейішілік Дебат сайысы өтті⭐ Сайыс барысында тілге байланысты өзекті мәселелер талқыланды. ✅4 топтан құрылған дебаттық ұйымдардың арасынан "Best Speaker" анықталып, әділ-қазының шешімімен, 💫1-орынды "Fiction" тобы, 💫2-орынды "Space" тобы иеленіп, арнайы мақтау қағаздарымен марапатталды 👍 Жетекшілері: Досқожаева Н.Е., Ауельбекова А.
Отбасы күніне орай "Отбасым - өмірімнің мәні" атты шахмат сайысы өтті.
11
сентябрь
2023
Отбасы күніне орай "Отбасым - өмірімнің мәні" атты шахмат сайысы өтті.
🏆Отбасы күніне орай  2023 жылдың 11 қыркүйек күні «Отбасы – өмірімнің мәні» атты шахмат жарысы өткізілді. Жарысқа лицей оқушылары мен ата-аналары қатысты.  ♟️Жарыс нәтижесінде 🥇орынды  Елеусіз Әбдіазиз, 🥈орынды Лекен Жасұлан және 🥉орынды лицей ата-анасы Кожагельдиев Е. иеленсе, өзге де қатысушы ата-аналарға алғыс хаттар табысталды.