Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Лицей ұстаздарын марапаттау
19
декабрь
2019
Лицей ұстаздарын марапаттау
   Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 28 жылдығына орай лицей ұстаздары Білім және Ғылым Министрі А. Аймағамбетовтың Құрмет Грамоталары мен Алғыс хаттарымен марапатталды. Олар: Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Шажабаева К.С., математика пәні мұғалімдері Ахмеджанова А.Д., Есенғалиев С.Т., Шалхарова Б.Ө., көркем еңбек пәні мұғалімі Икласов Б.С., тарих пәні мұғалімі Шынасыл Ғ.Ж., физика пәні мұғалімі Көшербаева С.Т., информатика пәні мұғалімі Досымова Б.К.     Марапаттарыңыз құтты
«Алатау киножұлдыздары»
12
декабрь
2019
«Алатау киножұлдыздары»
   «Ел Жастары» клубының оқушылары жылдың қорытынды «Алатау киножұлдыздары» аудандық сайысынан ІІ орын жеңіп алды.    Құрылғанына бар жоғы үш айдың көлемі болса да, лицейіміздің «Ел Жастары» клубының оқушылары жылдың «Алатау киножұлдыздары» аудандық қорытынды сайысынан ІІ орын жеңіп алып, алғашқы екі тоқсанды әдемі қорытындылады.     Үш айдың ішінде біздің оқушыларымыз аудан көлемінде өткен сайыстардан 1 – бас жүлде, 3 – І орын, 1 – ІІ орын,  1 – ІІІ орын жеңіп алды. Бұл алғашқы екі тоқсан
Мұғалімдердің VII Халықаралық шығармашылық байқауы
06
декабрь
2019
Мұғалімдердің VII Халықаралық шығармашылық байқауы
   2019 жылдың желтоқсан айының 1-2 күндері Алматы қаласында «Қазақстан математика пәні мұғалімдері қауымдастығы» және «Дарын»  республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен математика, физика және информатика пәні мұғалімдерінің VII Халықаралық шығармашылық байқауы өтті. Осы байқауға лицейіміздің математика пәнінің мұғалімі Сағиолданов Талант, физика пәнінің мұғалімі Тастанова Жанат және информатика пәнінің мұғалімі Мұқай Ерсін өздерінің бақтарын сынап, нәтижесінде олар VII
Лицейіміздің оқушылары Еуразиялық олимпиадасында жүлделі орындарға ие болды
05
декабрь
2019
Лицейіміздің оқушылары Еуразиялық олимпиадасында жүлделі орындарға ие
     «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Алматы қаласында Қазақстан-Британ Техникалық Университетінің базасында 2019 жылдың 29 қараша мен 1 желтоқсан аралығында информатика пәнінен оқушылардың ХІ Еуразиялық олимпиадасын өткізді. Аталған олимпиада Санкт-Петербург ұлттық ақпараттық технологиялар, механика және оптика зерттеу университетімен бірлесе отырып, есептеу ғылымдары мен ақпараттық технологиялар саласындағы дарынды жастарды анықтау, ақпараттық құзыреттілікті қалыптастыру және
Талпынған жетер мұратқа ...
02
декабрь
2019
Талпынған жетер мұратқа ...
    2019 жылдың 4 желтоқсанында Алматы қаласы әкімшілігінің мәжіліс залында қала әкімі Сағынтаев Бақытжан Әбдірұлы білім беру ұйымдарының жалпы білім беретін пәндер мен конкурстар бойынша республикалық олимпиадалардың жеңімпаздарымен кездесті.     Кездесу барысында әкім Бақытжан Сағынтаев қаламыздың дарынды жастарына үнемі қолдау көрсететінін айта келе, оқуда, еңбекте шығармашылық табыс тілеп, Отанына адал қызмет етуді тапсырды. «Сендердің қазіргі таңдағы жетістіктерің еліміздің болашақта
«Экономика және бизнес» бағыты бойынша өткен сайыс
29
ноябрь
2019
«Экономика және бизнес» бағыты бойынша өткен сайыс
    «Ел Жастары» клубының белсенді мүшелері, 9 «и» сыныбының оқушылары Қыдырбек Ақнұр мен Мұратқызы Амина Нархоз колледжінде «Экономика және бизнес» бағыты бойынша өткен сайыста жеңімпаз атанып, бизнес және кәсіпкерлік қабілеттері бойынша өз шеберліктерін шыңдады. Қос оқушымызды кезекті жеңістерімен құттықтаймыз!      Біздің клубымыздың қоржыны тағы бір жүлдемен толықты.
Алатау ауданының жеңімпаздары мен жүлдегерлері лицей директорының қабылдауында болды
27
ноябрь
2019
Алатау ауданының жеңімпаздары мен жүлдегерлері лицей директорының
     Алатау ауданында «Біздің азаматтық позиция» тақырыбында өткен сайыстың ІІІ орын иегерлері мен «Туға қарап, бой түзе!» атты аудандық сайыста І орын жеңіп алған «Ел Жастары» клубының оқушылары лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлының қабылдауында болды.      «Құрметті, біздің оқушылар! «Ел Жастары» клубының белсенділері!    Сіздер қандай сайысқа қатыссаңыздар да, лицей намысын абыроймен қорғап, жеңімпаз атанып, жүлделі орындардың қатарынан көрінесіздер. Өз білімдеріңіз бен
«Туға қарап, бой түзе!» сайысы
25
ноябрь
2019
«Туға қарап, бой түзе!» сайысы
   Алатау ауданы мектептері арасында №1 Оқушылар үйінде "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұйымдастыруымен «Туға қарап, бой түзе!» тақырыбында өткен ту ұстаушылар сайысында №178 лицейдің жанынан құрылған «Ел Жастары» клубының белсенді оқушылары І орынды жеңіп алды.    Әр сайыста жеңіс тұғырынан көрінетін оқушыларымызға алдағы уақытта да тек сәттілік пен жеңіс тілейміз. Жеңіс құтты болсын, «Ел Жастары»!
ХІІ Президенттік олимпиаданың қорытындысы
19
ноябрь
2019
ХІІ Президенттік олимпиаданың қорытындысы
    ХІІ Президенттік Олимпиада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.А. Назарбаевтың тікелей тапсырмасы бойынша 2008 жылдан бері өткізіліп келеді.  Президенттік олимпиада математика, физика, биология және химия пәндері бойынша 3 кезеңнен өтеді. Ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінде I кезең – аймақтық өткізілді. Алматы қаласы бойынша, мақтана айтарлық, біздің лицейдің 11 сынып оқушылары математика, физика, химия және биология пәндерінен 34 оқушы жүлдегер атанып, І-ІІ-ІІІ орындарға ие