«Жырлайды жүрек» атты жыр мүшайрасы
Алматы қаласы орта білім беру ұйымдары педагогтері арасында қазақ поэзиясының Хан Тәңірі Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына орай ұйымдастырылған «Жырлайды жүрек» атты жыр мүшайрасының қалалық кезеңінде №178 мамандандырылған лицейдің математика пәнінің мұғалімі Әділбеков Ермұрат Нұрғанымұлы ІІІ орын иегері атанды. Дарынды және талантты ұстазымызға шығармашылық табыс тілейміз. Марапатыңыз құтты болсын, құрметті Ермұрат Нұрғанымұлы!