Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Жас дарын" төсбелгісімен  11"Ғ" сынып оқушысы Нұртай Нұртас Бейбітұлы марапатталды.
14
апрель
2022
Жас дарын" төсбелгісімен 11"Ғ" сынып оқушысы Нұртай Нұртас Бейбітұлы
    Республикалық "Жас дарын" порталының ұйымдастыруымен Білім және ғылым саласында дарынды және талантты жастардың еңбектерін ерекше бағалау мақсатында "Жас дарын" төсбелгісімен N178 мамандандырылған лицейдің 11"Ғ" сынып оқушысы Нұртай Нұртас Бейбітұлы марапатталды. Жетекшісі: Кутумов Берик Набиевич  
ЖМБ бойынша жасөспірімдер олимпиадасының қалалық кезеңінің жүлдегері анықталды.
14
апрель
2022
ЖМБ бойынша жасөспірімдер олимпиадасының қалалық кезеңінің жүлдегері
   №178 мамандандырылған лицейде Алматы қаласы 7-8 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша жасөспірімдер олимпиадасының қалалық кезеңі бойынша биология пәнінен 8-сынып оқушысы Абдималик Дидар 3-орынды жеңіп алды. Жетекшісі, биология пәні мұғалімі - Т.С. Жандыбаева. Жас дарын иесін олимпиада жүлдесімен шын жүректен құттықтаймыз!
"Үстел теннисі" жарысында ІІ орын алғаны үшін 6-сынып оқушылары марапатталды.
11
апрель
2022
"Үстел теннисі" жарысында ІІ орын алғаны үшін 6-сынып оқушылары
Алатау ауданы Білім бөлімінің ұйымдастыруымен "Ұлттық мектеп лигасы" аясында 5-6 сынып окушылары арасында өткен "Үстел теннисі" жарысында ІІ орын алғаны үшін №178 мамандандырылған лицейдің 6-сынып оқушылары марапатталды.
"Бес тас" спорт түрінен II орынға ие болған үшін  6-сынып окушылары марапатталды.
11
апрель
2022
"Бес тас" спорт түрінен II орынға ие болған үшін 6-сынып окушылары
Алатау ауданы Білім бөлімінің ұйымдастыруымен "Ұлттық мектеп лигасы" аясында 6-сынып окушылары арасында "Бес тас" спорт түрінен II орынға ие болған үшін №178 мамандандырылған лицейдің 6-сынып окушылары марапатталды.
9-11 сыныптарға арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пәндік олимпиаданың жаратылыстану-математика бағыты бойынша олимипиада өтті.
08
апрель
2022
9-11 сыныптарға арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша
9-11 сыныптарға арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пәндік олимпиаданың жаратылыстану-математика бағыты бойынша информатика пәнінен 10 сынып оқушылары Сағынбек Н., Сабырғали А., Нұрмұхамбет С. және 11 сынып оқушысы Даутбек А. 2-орынды жеңіп алды. Білімді ізденімпаздарымыздың жеңісі құтты болсын! Жас дарын иелерінің алар асулары биік болсын деп тілейміз!
"Сұңғыла сөз" қалалық пікірсайыс турнирінде "Үздік креатив" номинациясы бойынша лицейдің дебат қозғалысының координаторы Рапилова Эльмира (Алаш фракциясы) грамотамен марапатталды.
07
апрель
2022
"Сұңғыла сөз" қалалық пікірсайыс турнирінде "Үздік креатив"
Алматы қаласы Білім басқармасының "Алматы дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен наурыз мерекесіне орай дебат қозғалысы үйлестірушілері мен жетекшілері арасында өткен "Сұңғыла сөз" қалалық пікірсайыс турнирінде "Үздік креатив" номинациясы бойынша №178 мамандандырылған лицейдің дебат қозғалысының координаторы Рапилова Эльмира (Алаш фракциясы) грамотамен марапатталды. Құттықтаймыз!
9-11 сыныптар арасында жалпы білім беретін пәндерден қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша  олимпиада нәтижесі.
01
апрель
2022
9-11 сыныптар арасында жалпы білім беретін пәндерден
Әл-Фараби атындағы ҚазақҰУ базасында 9-11 сыныптар арасында жалпы білім беретін пәндерден қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша №178 мамандандырылған лицейден 7 пәннен 35 оқушы білім додасына түсті. 2 турдан тұратын пәндік олимпиаданың нәтижесі бойынша 10 оқушымыз жүлделі орынмен оралды. 1-орын - Қазақстан тарихы және өзін-өзі тану пәндері, 2-орын – ағылшын тілі мен өзін-өзі тану пәндері, 3-орын – ағылшын тілі, Қазақстан тарихы және орыс тілі мен әдебиеті пәндерінен жүлделі орынға ие болды.
Лицейіміздің оқушысы Асылбай Жалғас таэквондодан республикалық турнирде ІІІ орын жеңіп алды.
31
март
2022
Лицейіміздің оқушысы Асылбай Жалғас таэквондодан республикалық
Лицейіміздің оқушысы Асылбай Жалғас Тараз қаласында таэквондо спорт түрі бойынша өткен республикалық турнирде ІІІ орын жеңіп алды. Алар асуың, толағай жетістіктерің көп болсын! Жарайсың, Жалғас!
Лицейіміздің түлектері, бүгінде Suleyman Demirel University студенттері мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арналған құрылғылар ойлап тапты.
30
март
2022
Лицейіміздің түлектері, бүгінде Suleyman Demirel University
⏸ Алматы қаласы N178 мамандандырылған лицейдің түлектері, бүгінде Suleyman Demirel University студенттері мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арналған құрылғылар ойлап тапты. ⏸ ҚР Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған «BILIM Hackathon 2022» IT байқауында ІІІ орынды иеленді. Құтты болсын!!!
Лицей оқушылары баскетболдан Алматы қаласы Білім басқармасының кубогының жүлдегері атанды.
29
март
2022
Лицей оқушылары баскетболдан Алматы қаласы Білім басқармасының
Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты қалалық дене шынықтыру және спорт оқу-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен "Білім басқармасының кубогы" Түрксіб ауданына қарасты №142 жалпы білім беретін мектебінде баскетболдан 9-11 сынып оқушылары арасында қалалық турнир өткізілді. Турнирге Медеу, Әуезов, Түрксіб, Алатау, Жетісу, Алмалы ауданы бойынша мектеп оқушылары қатысып, №178 мамандандырылған лицейдің 9-11 сынып окушылары ІІ орынға ие болды. Құтты болсын!