Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
2021-2022 оқу жылында ғылыми жобалар конкурсы бойынша жеткен жетістіктеріміз
08
июнь
2022
2021-2022 оқу жылында ғылыми жобалар конкурсы бойынша жеткен
    2021-2022 оқу жылында ғылыми жобалар конкурсы бойынша жеткен жетістіктер аз емес. Атап өтсек, Шымкент қаласында өткен республикалық кезеңде І орын – 2, ІІ орын – 6, ІІІ орын – 4 оқушы жүлделі орындар жеңіп алды. Келесі оқу жылында одан да жоғары жетістікке жету алға қойылған мақсат. №178 мамандандырылған лицейде жаратылыстану-математика, қоғамдық-гуманитар бағыттары бойынша ғылыми жобалар конкурсына дайындық басталды. Дарынды шәкірттеріміздің биік белестерді бағындырып, алар асулары көп
"Ел жастары" клубының белсенді оқушылары "Алматы BALAFEST-2022" фестивалінде жүлдегер атанды.
06
июнь
2022
"Ел жастары" клубының белсенді оқушылары "Алматы BALAFEST-2022"
    "Ел жастары" клубының белсенді оқушылары балалар күніне орай ұйымдастырылған байқауда арнайы дипломдармен марапатталды. Алатау ауданына қарасты мектеп оқушылары арасында 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай аудандық "Алматы BALAFEST" фестивалі өткізілген болатын. Фестивалде "Оқы. Үйрен. Тыңда" тақырыбында өткізілген буктрейлер байқауында оқушыларымыз сыңға түсіп, өздерінің мықтылықтарын дәлелдеді. Сонымен байқауда жүлдегер атанған оқушылар: ІІ дәрежелі дипломмен "CAP CUT"
Лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлының арнайы алғыс хаты халықаралық қорға табыс етілді.
06
июнь
2022
Лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлының арнайы алғыс хаты
"Халықаралық Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев қорының" Президенті Қонаев Эльдар Асқарұлы мен қордың вице-президенті Байбол Болат Қажыақбар мырзаларға лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлының алғыс хатын лицейіміздің талантты оқушыларының бірі Жалғасбек Ару мен тәлімгер Әбілқайыр Әлімбай табыстады. Құрметті, Қонаев Эльдар Асқарұлы және Байбол Болат Қажыақбар мырза! Алматы қаласы Алатау ауданына қарасты #178 мамандандырылған лицейде дарынды оқушыларды анықтау және олардың шығармашылық жұмыстарын
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 110 жылдық мерейтойына арналған төсбелгінің тұңғыш иегерін лицей директоры қабылдады.
04
июнь
2022
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 110 жылдық мерейтойына арналған
Үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 110 жылдық мерейтойына арналған төсбелгінің тұңғыш иегері атанған Жалғасбек Аруды, лицей директоры, жастардың жанашыры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы арнайы қабылдап, өзінің жылы лебізін білдіріп, арнайы бағалы сыйлықты табыс етті. Сондай-ақ талантты оқушымызға алдағы оқу жылында сәттілік тілеп, лицейіміздің атын жақсы жағынан шығарып, үлгілі тәртібі және сапалы білімі арқылы қоғамдық жұмыстарды қатар
Лицейіміздің дарынды оқушылары ҚР Білім және ғылым министрі Аймағамбетов Асхат Қанатұлымен  кездесті.
02
июнь
2022
Лицейіміздің дарынды оқушылары ҚР Білім және ғылым министрі
ҚР Білім және ғылым министрі Аймағамбетов Асхат Қанатұлымен! Лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы бастаған лицейіміздің дарынды оқушылары 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған "Алматы BALAFEST" байқауының марапатталу салтанатына қатысты. Дарынды да талантты оқушыларымыз ҚР Білім және ғылым министрі Аймағамбетов Асхат Қанатұлымен жүздесудің сәті түсті.
Лицей оқушылары - "Алматы BALAFEST" байқауының жеңімпаздары.
01
июнь
2022
Лицей оқушылары - "Алматы BALAFEST" байқауының жеңімпаздары.
1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Алматы қаласы Білім басқармасы "Алматы BALAFEST" балалар фестивалін ұйымдастырған болатын. Фестиваль-байқауға лицейіміздің оқушылары қатысып, өздерінің бақтарын сынап, жеңімпаз және жүлдегер атанды. Робототехника, кітап оқу, хореография, "Жасыл ел" бағыты бойынша қатысып, үздіктердің қатарынан көрінді. Дарынды және талантты оқушыларымыз бен қатар жетекшілерін кезекті жетістіктерімен құттықтаймыз!
Лицей оқушылары "Балалар жылы" аясында "Алматы BALAFEST"  байқауының марапатталу салтанатына қатысты.
01
июнь
2022
Лицей оқушылары "Балалар жылы" аясында "Алматы BALAFEST" байқауының
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевпен! Лицейіміздің дарынды әрі талантты оқушылары Жалғасбек Ару мен Бекен Сезім "Балалар жылы" аясында 1 маусым - Халықаралық балаларды Қорғау күніне орай ұйымдастырылған "Алматы BALAFEST" байқауының марапатталу кешіне қатысты.
Асылбай Жалғас "AQYLDY BALA"  байқауының есеп беру кешіне қатысып, өз өнерін көрсетті.
31
май
2022
Асылбай Жалғас "AQYLDY BALA" байқауының есеп беру кешіне қатысып, өз
№178 мамандандырылған лицейдің 7 "Е" сынып оқушысы Асылбай Жалғас "Алатау" дәстүрлі өнер театрында өткен "AQYLDY BALA" байқауының есеп беру кешіне қатысты. Ол қазақтың қара домбырасымен өз өнерін көрсетіп, көрермендер ықылысына бөленді.
Республикалық олимпиаданың жүлдегерлеріне Қазақстан-Британ технологиялық университетінің білім гранты берілді.
28
май
2022
Республикалық олимпиаданың жүлдегерлеріне Қазақстан-Британ
2021-2022 оқу жылында Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушылары арасында республикалық олимпиадада №178 мамандандырылған лицейдің дарынды шәкірттері информатика пәнінен Даутбек Адлет, математика пәнінен Құрманбек Бексұлтан, физика пәні бойынша Еламан Арсен, Тұрлыбек Елжас және Бодыған Гауһар жүлделі орындарға ие болды. 11 сыныптың дарынды оқушылары Құрманбек Бексұлтан, Бодыған Гауһар және Даутбек Адлетке еліміздің беделді жоғары оқу орындарының бірі – Қазақстан-Британ
Лицейде "Дарынды және талантты бала - ұлт болашағы" атты үздіктер шеруі өтті.
27
май
2022
Лицейде "Дарынды және талантты бала - ұлт болашағы" атты үздіктер
24 мамыр күні лицейде "Дарынды және талантты бала - ұлт болашағы" атты үздіктер шеруі өтті. Шеруге жыл бойы үздік оқыған 5, 6, 7, 8 және 10 сынып оқушыларын лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы мақтау қағаздарымен марапаттады.  Оқуда озат болып, білімді, саналы ұрпақтың қатарында болыңыздар, құрметті оқушылар!