Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"ХХІ ғасыр көшбасшысы" атты 10 - сыныптар арасында интеллектуалдық сайысы өткізілді.
01
декабрь
2022
"ХХІ ғасыр көшбасшысы" атты 10 - сыныптар арасында интеллектуалдық
Желтоқсан айының 1- күні қоғамдық - гуманитарлық пәндер айлығы аясында Шегалиева Ляззат, Досқожаева Нұргүл, Тұрлығожаев Алидің ұйымдастыруымен "ХХІ ғасыр көшбасшысы" атты 10- сыныптар арасында интеллектуалдық сайысы өткізілді. Бұл сайысқа қатысушылар көрермендер арасынан оқушылардың өз таңдаулары бойынша өткізілді. Ойын қызықты, әрі танымдық сұрақтарға толы болды. Сайысқа қатысушылар өте мұқият бола білді. Әділ - қазылардың шешімі бойынша: 10 "Б" сынып оқушысы Серік Аружан жүлделі 1 орынға ие
Жас ғалымдарымыз жарады!
29
ноябрь
2022
Жас ғалымдарымыз жарады!
     2022 жылдың жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық ғылыми зерттеу жобалар конкурсының қалалық кезеңінен №178 мамандандырылған лицейдің жас ғалымдары жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы 19 ғылыми жоба, 34 оқушы жүлделі орын алған болатын. 2022 жылдың 25 қараша күні жүлдегерлерді марапаттап, ғылыми жобаның жабылу салтанаты Оқушылар сарайында өтті. «Алматы дарыны» орталығының дипломдары мен бірге «Тұран» университеті мен Қ.И.Сатпаев университетіне оқу гранттары мен пайыздық
Әбдімәжит Қоңырбайұлының отбасы қонаққа келді.
29
ноябрь
2022
Әбдімәжит Қоңырбайұлының отбасы қонаққа келді.
     «Құрмет» орденінің иегері, ұлағатты ұстазымыз, математика пәні мұғалімі Өтеш Әбдімәжит Қоңырбайұлының құрметіне арнап Алматы қаласы мамандандырылған білім беру орындары арасында математикалық олимпиада өтті. Олимпиадаға Әбдімәжит Қоңырбайұлының сүйікті жары Шоланбаева Алтыншаш Тілеукенқызы, қызы «BILIM school» мектебінің директоры Айман Әбдімәжитқызы және басқа қонақтар келіп, ашылу салтанатына қатысып, өздерінің алғыстарын білдірді. Келген қонақтар №178 мамандандырылған лицейдің
Ә.Қ. Өтеш атындағы математикалық олимпиада өтті!
29
ноябрь
2022
Ә.Қ. Өтеш атындағы математикалық олимпиада өтті!
     2022 жылдың 28 қараша күні №178 мамандандырылған лицейдің 10 жылдық мерейтойына орай, «Алматы Дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының қолдауымен Құрмет орденінің иегері, ұлағатты ұстаз, математика пәні мұғалімі Өтеш Әбдімәжит Қоңырбайұлы атындағы математикалық олимпиада өтті. Олимпиадаға  Алматы қаласының 10 мамандандырылған білім беру ұйымдарынан 37 оқушы өзара білім додасына түсті. Сайыс 2 турға бөлінді: І тур – тесттік тапсырмаларды
"Білім көзі - кітапта" үздік оқырман сайысының жеңімпазы атанды.
26
ноябрь
2022
"Білім көзі - кітапта" үздік оқырман сайысының жеңімпазы атанды.
     Алатау ауданы мектептері арасында "Оқуға құштар мектеп, оқуға құштар ұлт" жобасы аясында 8-сыныптар арасында өткен "Білім көзі - кітапта" үздік оқырман сайысында 8Ж-сынып оқушысы Әлібай Амина I дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі - қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.А. Ауелбекова.
Мэлс Шерхан - қалалық "Жыл оқушысы-2022" байқауының жүлдегері!
18
ноябрь
2022
Мэлс Шерхан - қалалық "Жыл оқушысы-2022" байқауының жүлдегері!
   2022 жылғы 18 қарашада Республикалық «Жыл оқушысы - 2022» байқауының қалалық кезеңінің қорытындысы жарияланды. Осы байқауда №178 мамандандырылған лицейдің 6 сынып оқушысы Мэлс Шерхан жүлделі ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі - Ж.Н. Ахметова. Дарынды шәкіртіміздің жеткен жетістігімен лицейіміздің атынан шын жүректен құттықтаймыз!
Жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың лицейішілік іріктеу кезеңі өтті.
17
ноябрь
2022
Жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың лицейішілік іріктеу
   2022 жылғы 17 қараша күні 9-11 сыныптарға арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пәндік олимпиадаға қатысатын оқушылар арасында физика пәнінен лицейішілік іріктеу кезеңі өткізілді. Іріктеу нәтижесі бойынша 6 оқушы (9 сынып - 2, 10 сынып - 2, 11 сынып - 2) аудандық кезеңге жолдама алады. №178 мамандандырылған лицейде жыл сайын пәндік олимпиададан дарынды шәкірттеріміз жоғары нәтижеге қол жеткізуде. Биылғы білім додасынан да талантты жастарымызға сәттілік тілейміз!
Жас ғалымдарымыз қалалық ғылыми жоба сайысынан топ жарды!
16
ноябрь
2022
Жас ғалымдарымыз қалалық ғылыми жоба сайысынан топ жарды!
  Жалпы білім беретін пәндерден 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңінің нәтижесі бойынша №178 мамандандырылған лицейдің дарынды шәкірттері өте жоғары нәтиже көрсетті. Жалпы саны 23 ғылыми жоба қатысып, 19 жоба жүлделі орын алды. І орын – 4 оқушы, ІІ орын – 9 оқушы, ІІІ орын – 17 оқушы жүлдегер атанып, 4 шәкіртіміз арнайы грамотамен марапатталды. Жас ғалымдарымыз республикалық кезеңге жолдама алу үшін арнайы тестілеуден өтеді. Жетістікке жеткен
Ағылшын тілі бойынша "Балалар жылына арналған" WSDC форматында жолдастық кездесу өткізілді.
16
ноябрь
2022
Ағылшын тілі бойынша "Балалар жылына арналған" WSDC форматында
Қараша айының 16 күні ағылшын тілі бойынша "Балалар жылына арналған" WSDC форматында жолдастық кездесу өткізілді. Кездесу №178 мамандандырылған лицей, №27 гимназия және №1 гимназия оқушылары арасында өтті. Бұл жолдастық кездесуден "Gen-Z-1" тобы жүлделі 1-орынға ие болса, "Gen-Z-2" тобы 2-орынды, ал "De-Teens" тобы 3-орынға ие болды! Құтты болсын!
Алматы қаласы «Мектеп парламенті» көшбасшылары арасында қалалық слёттің жеңімпазы атандық.
14
ноябрь
2022
Алматы қаласы «Мектеп парламенті» көшбасшылары арасында қалалық
Алматы қаласы «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды қолдау орталығының ұйымдастыруымен Алматы қаласы Білім беру мекемелерінің «Мектеп парламенті» көшбасшылары арасында өткен қалалық слётқа қатысып, 1 дәрежелі дипломмен лицейіміздің президенті Есхат Бағжан марапатталды.