«Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» атты Ұлттық ақпараттық науқаны
«Адамның бір қызығы бала деген» деп ұлы дана, кемеңгер Абай айтқандай, бала – адамның бауыр еті, өмірінің жалғасы, көрер қызығы, артына қалдырар ұрпағы. Дүниеге келген әрбір адам өзінің соңынан саналы ұрпақ қалдыруға талпынады, өмірінің елеулі кезеңдерін бала тәрбиесіне арнап өткізеді. Қазақ халқы үшін баланың, бала тәрбиесінің орны ерекше. Екі жас шаңырақ көтергеннен бастап, балалы-шағалы болып, ұрпақ өрбітсек деп тілейді. Дәстүр-салтымызда баланы анасының бойына біткеннен бастап-ақ тәрбиелей