Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Ел жастары» клубының жеңімпаздары лицей директорының қабылдауында
19
январь
2020
«Ел жастары» клубының жеңімпаздары лицей директорының қабылдауында
    Алматы қаласы Алатау ауданы бойынша өткен Қазақ және Әлем классигі Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Мен және менің ұйымым» атты сайысынан «Бас Жүлде» иегерлері атанған оқушыларымызды лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлы қабылдап, айтулы жеңістерімен құттықтады.   Оқушыларымызға алдағы уақытта аудан, қала, республика көлемінде өтетін сайыстарда лицей намысын абыроймен қорғап, жеңіс тұғырына көтеріліп, тек бірыңғай жетістіктерге жете беріңіздер деп, өзінің жылы лебізін білдірді.   
Лицейіміздің мұғалімдері І және ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды
17
январь
2020
Лицейіміздің мұғалімдері І және ІІІ дәрежелі дипломдарымен
   Лицейіміздің мұғалімдері Республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» сайысына қатысып,  жүлделі орындарға ие болды.    Биология пәнінің мұғалімі Айдарова Айдана І дәрежелі дипломмен,  физика пәнінің мұғалімі Жумағулова Сағила және көркем еңбек пәнінің мұғалімі Кутумов Берік ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.    Марапаттарыңыз құтты  болсын, құрметті де, қадірлі ұстаздар!
Қарбық мұз. Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері. Тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздік ережелері.
13
январь
2020
Қарбық мұз. Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері. Тұрғын үйдегі өрт
   13.01.2020ж. күні №178 лицейдің 7-8 сынып оқушыларына "Қарбық мұз. Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері. Тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздік ережелері" тақырыбында OnLine сабақ өткізілді.
Лицей тәлімгері Алатау аудандық №1 Оқушылар үйінің әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Шекер Бекетқызының қабылдауында болды
07
январь
2020
Лицей тәлімгері Алатау аудандық №1 Оқушылар үйінің әдістемелік
   2019-2020 оқу жылының ІІІ тоқсанында лицей тәлімгері №1 оқушылар үйінің әдістемелік бөлімінің  меңгерушісі Шекер Бекетқызының қабылдауында болды.      Қабылдауда Шекер Бекетқызына оқу жылының екі тоқсан бойы  лицей көлемінде жасалған іс-шаралары мен аудан көлемінде бірігіп атқарған  сайыстардың нәтижелері  және «Ел жастары» клубының жасаған  жұмыстары, «Жас Ұлан» бағыты бойынша қолға алынған шаралардың жарты жылдық есептері тапсырылып, атқарылған жұмыстар  жоғары деңгейде деп, бір ауыздан
Олимпиада және ғылыми  зерттеу жұмыстары 1- жарты жылдық есебі ( 2019-2020 )
06
январь
2020
Олимпиада және ғылыми зерттеу жұмыстары 1- жарты жылдық есебі (
Олимпиада және ғылыми зерттеу жұмыстары бойынша 2019-2020 оқу жылының І жарты жылдық есебі
Келіп жеткен 2020 Жаңа Жыл баршаңызға құтты болсын!
06
январь
2020
Келіп жеткен 2020 Жаңа Жыл баршаңызға құтты болсын!
Құрметті ұстаздар және оқушылар!  Келіп жеткен 2020 Жаңа Жыл баршаңызға құтты болсын!  Жаңа жылда жарқын болашақпен  жетістіктерге жетіп, білім мен ғылым, өнер мен спорт саласында жолдарыңыз болып, биік белестерді бағындыра беріңіздер!  Шәкірттеріңіз сенімдеріңізді ақтап, ұстаздар қауымының абыройы арта берсін!  Еліміз аман, жұртымыз тыныш, жаңа жылымыз жақсы бастамалар мен игі істерге толы болсын!  Жыл құтты болсын!  Құрметпен, №178 лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы
«Ел жастары» клубының оқушылары лицей директорының алғыс хатымен марапатталды
25
декабрь
2019
«Ел жастары» клубының оқушылары лицей директорының алғыс хатымен
   №178 лицей жанынан құрылған «Ел жастары»  клубының оқушылары лицей директорының алғыс хатымен марапатталды.  Алғыс хатты лицей директоры өзі табыстады.     Лицейдің қоғамдық жұмыстарына белсенді түрде ат салысып, аудан көлемінде лицей намысын  қорғап, үлгілі тәртібі мен өте жақсы білімі үшін, белсенді де, білімді 62 оқушы директордың алғыс хатын алу құрметіне ие болды.     Екі тоқсан бойы барлық шараларда белсенділік танытқаны үшін, оқушыларымызға өз алғыстарымызды білдіреміз!
Лицейіміздің оқушысы Киокушинкай-кан каратэ спорт түрінен ІІ орын жеңіп алды
24
декабрь
2019
Лицейіміздің оқушысы Киокушинкай-кан каратэ спорт түрінен ІІ орын
Киокушинкай-кан каратэ спорт түрінен ІІ орын жеңіп алған Жумаханова Ажар, лицей директорының қабылдауында болды.  Оқушымызға спорт жолында сәттілік пен жеңіс тілейміз.