Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Жанымда жүр жақсы адам» тақырыбында тренинг жүргізілді
04
февраль
2020
«Жанымда жүр жақсы адам» тақырыбында тренинг жүргізілді
   2020 жылдың 4 ақпаны күні лицей психологы Ж.А Агажанова 6 сынып оқушыларымен «Жанымда жүр жақсы адам» тақырыбында тренинг жүргізді.     Мақсаты: Оқушылардың бір–біріне деген адамгершілік, мейірімділік қасиеттерін қалыптастыра отырып, бойларына жылулық ұялату.     Тренинг соңында оқушылармен кері байланыс жасалынды. Оқушылар тренингтен  алған жағымды әсерлерімен бөлісіп, рақметтерін айтып, өз ризашылықтарын білдірді.  
Kundelik.kz жүйесінің мүмкіндіктері туралы
04
февраль
2020
Kundelik.kz жүйесінің мүмкіндіктері туралы
04.02.2020 ж күні №178 лицей мұғалімдеріне Kundelik.kz жүйесінің мүмкіндіктері туралы семинар жүргізілді. Семинарды лицейдің ақпараттық жүйе саласына жауапты Касен Бауыржан өткізді. Семинар Kundelik.kz- жүйесін тереңдете ұғынуға арналды. Семинарда Kundelik.kz- тің жан-жақты толтырылуын ұжым болып талқылады. Талқылау барысында ұстаздар толтыру әдістерін жетік меңгерді, жұмыс жасауға машықтанады. [media=https://youtu.be/jDNkMsmm-ps]
«Өзін-өзі тану: Махаббатпен шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің ашылуы
03
февраль
2020
«Өзін-өзі тану: Махаббатпен шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің
   03.02.2020 ж «Өзін-өзі тану»: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің  салтанатты ашылу жиыны лицейіміздің мәжіліс залында өткізілді.                                                                                                                   Онкүндіктің мақсаты: Өзін-өзі тану пәнінің авторы С.А.Назарбаеваның еңбегін таныту, оқушылардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді дарыту, ұлттық және жалпы адами құндылықтарды дамыту, өзара келісім мен  өзара түсіністікке баулу,
Наурыз айындағы ҰБТ-ға түсініктеме жұмыстары
03
февраль
2020
Наурыз айындағы ҰБТ-ға түсініктеме жұмыстары
04.02.2020 күні №178 лицейдің 11- сынып оқушыларына  наурыз айында ҰБТ тапсырам деушілер үшін түсініктеме жұмыстары жүргізілді.  Наурыз айындағы ҰБТ тапсырушылар үшін тіркелу басталды. Тіркелу 1- ақпаннан бастап 15- ақпанға дейін жүргізіледі.  2019 жылдан бастап жоғары оқу орнына ақылы негізде түсу үшін ҰБТ жылына 4 рет (қаңтар; наурыз; маусым-шілде; тамыз айларында) ҰБТ тапсыра алады.  Грант конкурсына түсу үшін тек қана маусым айында тапсырған ҰБТ сертификатымен ғана грантқа түсе алады.  
"Жас маман-2020"
01
февраль
2020
"Жас маман-2020"
Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатынының қолдау аясында лицейішілік «Үздік жас маман» байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: Жас мамандардың біліктілігін арттырып, педагогикалық шеберлігін  шыңдауда  өз мамандығына деген сүйіспеншілігін ояту және оларды ынталандыру Байқаудың міндеті: •    Жас мамандардың біліктілігін, өз кәсібінің жан-жақты шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға баулу; •    Жас мамандардың лицейішілік педагогикалық
"Алтын белгі" үміткерлеріне Алатау аудандық бақылау жұмысы
31
январь
2020
"Алтын белгі" үміткерлеріне Алатау аудандық бақылау жұмысы
№178 лицейде Білім алушыларды қорытынды  аттестаттау - тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сай, олардың меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында Алатау ауданындағы мектептердің "Алтын белгі" үміткерлеріне алгебра және анализ бастамалары пәнінен бақылау жұмысы жүргізілді.  
Физика-информатика пәндерінің апталығы
28
январь
2020
Физика-информатика пәндерінің апталығы
   Лицейімізде физика-информатика пәндерінің апталығы аясында «Ғылым көкжиегі» тақырыбында физик ғалымдармен кездесу өткізілді.    «Ғылым көкжиегі» тақырыбында өткізілген кездесуге Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың  теориялық және ядролық физика кафедрасының профессоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты, үздік оқытушы Имамбеков Оңласын мен  ҚР-ның Ұлттық Ғылыми Академиясының корреспондент мүшесі, физика-математика ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің теориялық
«Қыс қызығы» тақырыбында сурет көрмесі өткізілді
28
январь
2020
«Қыс қызығы» тақырыбында сурет көрмесі өткізілді
    Лицейдің жылдық жоспарына сәйкес 5 «Б» сыныбының  оқушылары арасында «Қыс қызығы» тақырыбында сурет көрмесі өткізілді.  Көрмеде оқушылар өздерінің дайындап келген суреттерін түсіндіріп, салынған суреттерінің мағынасын аша білді.     Сурет көрмесінің негізгі мақсаты: Оқушылардың белсенділігін арттыру және өз қолдарымен жасаған жұмыстарының еңбегін бағалау болып табылады.     Сурет көрмесіне қатысып, өз шеберліктерін шыңдағаны үшін оқушыларымызға және 5 «Б» сыныбының жетекшісі Каирбаева Майра
"Ғылым көкжиегі" атты кездесу
27
январь
2020
"Ғылым көкжиегі" атты кездесу
№178 лицейде физика-информатика кафедрасы онкүндігі аясында 9-11 сынып оқушыларының қатысуымен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің физик-ғалым ұстаздарымен кездесу өткізілді. Оңласын Имамбеко в - 150-ге тарта ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың авторы. Оның ғылыми зерттеулерінің негізгі нәтижелері жоғарғы рейтингілі Nucl.Phys.A., Phys.Rev.C., Phys.Lett.B тәрізді беделді журналдарда және Халықаралық ғылыми конференциялардың материалдарында жарияланған. 2007-2012 жылдар
ІІ Республикалық Абайтану олимпиадасы
24
январь
2020
ІІ Республикалық Абайтану олимпиадасы
    Алатау ауданына қарасты №178 лицейдің 10 сынып оқушысы Талғат Сақбегім ІІ Республикалық Абайтану олимпиадасына қатысып, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Оқушымыздың жеңісімен құттықтаймыз!     Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ауелбекова Айман Айтжановна.