Кафедра жұмысының жаңалықтары
№178 лицейде қазақ тілі мен әдебиеті, қоғамдық-гуманитарлық кафедралардың отырысы өтті. Онлайн түрінде өткен жиынды лицейдің оқу ісінің орынбасары Гүлнафис Абатовна жүргізді. Жиналыста қазіргі уақытта білім саласына енген қашықтықтан оқыту барысында БЖБ, ТЖБ жазудың тәсілдері талқыланып, ол жұмыстар қалай жалғасатындығы айтылды. Білім және ғылым министрлігінен келген нұсқаулықтар таныстырылып өзгерістер туралы мағлұмат берілді. Оқушыларға берілетін тапсырмалардың қандай болатыны және оны