Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Отбасы - тәрбие бастауы» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы онлайн режимде өтті.
16
май
2020
«Отбасы - тәрбие бастауы» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы
    №178 лицейде 16.05.2020ж. сағат 15.00-де «Отбасы - тәрбие бастауы» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы онлайн режимде өтті. Күн тәртібінде: 1) 2019-2020 оқу жылының қорытындысын талдау. Лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы. 2) 2020-2021 оқу жылына арналған оқу-тәрбие жұмысының жоспарын талқылау. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Шажабаева К.С. және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абуова Ж.З. 3) Әртүрлі мәселелер.     Жиналысты лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы
Daryn.online білім беру платформасы мен Qaztest.kz олимпиадасы
16
май
2020
Daryn.online білім беру платформасы мен Qaztest.kz олимпиадасы
   Daryn.online білім беру платформасы мен Qaztest.kz олимпиада сайты бірлесіп педагогтардың біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырған I Республикалық “Кемеңгер ұстаз” олимпиадасына №178 лицейдің математика пәні мұғалімдері қатысып І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.       Мұғалімдерімізді айтулы жеңістерімен құттықтаймыз!  
Халықаралық отбасы күнімен құттықтаймыз!
15
май
2020
Халықаралық отбасы күнімен құттықтаймыз!
    Халықаралық отбасы күнімен лицейіміздің барша мұғалімдері мен ата-аналарын шын жүректен құттықтаймыз! Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, жұмыстарыңызға жеміс тілейміз. Әр шаңырақта отбасының мерейі өсіп, тек қуаныштар мен жақсылықтар бола берсін. Мереке құтты болсын, құрметті ұстаздар мен ата-аналар! Құрметпен, лицей әкімшілігі  
Қашықтан оқу кезінде тың әдістерді игерген ұжым
15
май
2020
Қашықтан оқу кезінде тың әдістерді игерген ұжым
    Қазіргі таңда елімізде болып жатқан төтенше жағдайға байланысты оқушылардың қашықтан оқу режіміне көшуі еліміздің білім саласында жаңа технологияларды игерудің, жаңаша бастамалар мен ізденістерді танудың кезеңімен бетпе-бет келді.   «Қашықтан оқу бағдарламасын өз уақытында игеріп, балаларды сапалы біліммен қамтамасыз етуде мектеп ұстаздары осынау жауапкершілікті түсіне отырып, заманауи технологиялардың көмегімен тың материалдарды игерді деуге негіз бар. Осы тұста қашықтықтан оқытудың
Лицей психологтары «Өтпелі өмірдің бәрін жеңе біл»
15
май
2020
Лицей психологтары «Өтпелі өмірдің бәрін жеңе біл»
Лицей психологтары «Өтпелі өмірдің бәрін жеңе біл» тақырыбында 8 сынып оқушыларымен «ZOOM» платформасы арқылы тренинг жүргізді. Мақсаты: өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екендігін түсіндіре отырып, бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі қандай жағдай болса да, психологиялық тұрғыдан дайындауға өз мәдениетін жағымды жағыннан бейімдеу және «Мен» концепциясын қалыптастыру.
15 мамыр - халықаралық   отбасы   күні
15
май
2020
15 мамыр - халықаралық отбасы күні
15 мамыр - халықаралық отбасы күні. Атаулы күн 1993 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясымен бекітілген. Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі деп білеміз. Сондықтан да бүгінгі мерекеде бір-біріңізге әдемі де әсерлі сөздер арнап, ерекше сыйластық көрсете біліңіздер! Тек қана бүгін емес, жылдың әрбір минутында, әрбір сағатында, жанұяңызды ыстық ықыласыңыз бен шексіз
Алматы қаласының педагог-психологтарына арналған вебинар
15
май
2020
Алматы қаласының педагог-психологтарына арналған вебинар
     Алматы қаласының педагог-психологтарына арналған "Короновирус инфекциясының таралуының алдын алу кезеңінде психологиялық қолдау көрсетуді ұйымдастыру бойынша орта білім беру мекемелерінің педагог-психологтарына арналған сарамандық ұсынымдар" тақырыбында өткен вебинарға №178 лицейдің педагог-психологтары қатысты.  
"Абай жолы" Республикалық ән-күй, көркем сөз, бейнелеу өнері онлайн байқауы
14
май
2020
"Абай жолы" Республикалық ән-күй, көркем сөз, бейнелеу өнері онлайн
    Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев 175 жылдығына орай ұйымдастырылған "Абай жолы" Республикалық ән-күй, көркем сөз, бейнелеу өнері онлайн байқауында "Көркем сөз" жанры бойынша №178 лицейдің 5 сынып оқушысы Бекен Әлішер үздік нәтиже көрсетіп Бас жүлдені жеңіп алды.    Жетекшісі Батырхан Әсел үздік шәкірт дайындағаны үшін арнайы Құрмет грамотасымен марапатталды.
Халықаралық "Бойтұмар" өнерлі балалар байқауы
14
май
2020
Халықаралық "Бойтұмар" өнерлі балалар байқауы
    Халықаралық "Бойтұмар" өнерлі балалар байқауы және Республикалық "Бойтұмар.kz" балалар мен жасөспірімдерге арналған әдеби-танымдық журналы Ұлы Отан соғысының 75 жылдық мерейтойы шеңберінде ұйымдастырылған байқауға №178 лицейдің оқушысы Керімбаева Жібек "Қолөнер" номинациясы бойынша Бас жүлдені жеңіп алды.      Жетекшісі Мұса Жанеркеге атсалысқаны ұшін алғыс білдіріп, арнайы дипломмен марапатталды.
Daryn.online білім беру платформасы мен Qaztest.kz олимпиадасы
14
май
2020
Daryn.online білім беру платформасы мен Qaztest.kz олимпиадасы
    Daryn.online білім беру платформасы мен Qaztest.kz олимпиада сайты бірлесіп педагогтардың біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырған I Республикалық “Кемеңгер ұстаз” олимпиадасының жүлдегері №178 лицейдің математика пәні мұғалімі Аманжол Жайна ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.       Мұғалімізді айтулы жеңісімен құттықтаймыз!