Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
11 сыныптармен психологиялық жаттығулар жүргізілді
18
сентябрь
2020
11 сыныптармен психологиялық жаттығулар жүргізілді
Лицей психологі Жанна Ағажанованың ұйымдастыруымен 11 сынып оқушыларымен Zoom платформасы арқылы психологиялық жаттығулар жүргізілді. Жаттығу мақсаты: өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екендігін түсіндіре отырып, бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін және жағымды «Мен» концепциясын қалыптастыру.
Жас педагог мамандарға арналған семинар-тренинг
15
сентябрь
2020
Жас педагог мамандарға арналған семинар-тренинг
Алматы қаласы Алатау ауданына қарасты №178 лицейде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Даулетбаева Гулнафис Абатовнаның ұйымдастыруымен «Жас маман - бүгін, ертең: проблемалар және оларды шешу жолдары» тақырыбында жас мұғалімдерге арналған лицейішілік онлайн семинар өтті. Жиынға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, лицей ұстаздары мен жас мамандар және олардың тәлімгерлері қатысты. Іс-шараны директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.А. Даулетбаева ашып, семинардың мақсатына
"Білімпаз отбасы" зияткерлік сайысы өтті
14
сентябрь
2020
"Білімпаз отбасы" зияткерлік сайысы өтті
2013 жылы Президент Жарлығымен қыркүйектің екінші жексенбісі - Отбасы күні болып бекітілген. Сол жылдан бері Отбасы күні жылда аталып өтіледі. Биылғы жылы мерекеге орай №178 лицейде 14 қыркүйек күні 8 сыныптардың жетекшілерінің ұйымдастыруымен "Білімпаз отбасы" атты отбасылық зияткерлік сайыс өтті. Шараның басты мақсаты - ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасын нығайту, оқушыларға отбасы құндылығының  мәнін түсіндіру. Сайысқа оқушылар ата-аналарымен бірге қатысып, нәтижесінде 8 "в" сыныбы
«Күнделік KZ»  электронды журналы
11
сентябрь
2020
«Күнделік KZ» электронды журналы
№178 лицейде қыркүйек айының 11 күні директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары К.С. Шажабаева «Күнделік KZ» электронды журналын жүргізу және толтыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жаңа келген мұғалімдерге онлайн семинар өткізді. Семинар барысында электронды журналға қатысты сұрақтар талқыланды (сабақтың тақырыбы мен үй жұмысын толтырылуы, бағалардың қойылуы, өткізілген сабақтың белгіленуі, мерекелік және актіленген күндердің енгізілуі). Сонымен қатар жаңартылған білім мазмұны жағдайында
№178 мамандандырылған лицейдің Call Center өкілдері
11
сентябрь
2020
№178 мамандандырылған лицейдің Call Center өкілдері
Құрметті ата-аналар!       Елімізде болып жатқан жағдайларға байланысты І тоқсаннан бастап сабақтар қашықтықтан оқытумен жүргізілуде. Бұл жағдай қанша уақытқа созылатыны белгісіз. Барлық ата-аналар, ұстаздар мен оқушыларға сәттілік тілейміз! Ең бастысы, сақтық пен сыни ой керек.       Мемлекет тарапынан айтылып жатқан кеңестерге, карантин шараларына бағынған жөн. Қашықтықтан оқыған кезде көп сұрақтар туындауы мүмкін, біз, лицей әкімшілігі сіздердің сұрақтарыңызға тікелей жауап береміз.     
Хабарландыру!
10
сентябрь
2020
Хабарландыру!
Құрметті ата-аналар! 2020 жылдың 11 қыркүйек күні Алматы қаласы Алатау ауданы №178 лицейде сағат 18:00-де 5-11 сынып ата-аналарына "Жауапты мемлекет - жауапты қоғам - жауапты адам" тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы онлайн режимде өтеді. Күн тәртібінде: 1. 2020-2021 оқу жылында лицейдегі қашықтық оқытудың қазіргі жағдайы; 2. Ұлттық тәрбиенің ұлағатты тағылымы; 3. Баламен психологиялық қарым-қатынас жасауда ата-ананың жауапкершілігі; 4. Туберкулездің алдын-алу мәселелері қаралады.
"Отбасы - өмір айнасы" тақырыбында тәрбие сағаттары өтті
08
сентябрь
2020
"Отбасы - өмір айнасы" тақырыбында тәрбие сағаттары өтті
Елімізде Отбасы күнін мерекелеу шеңберінде «Отбасы – бақыт мекені» атты республикалық апталық басталды. Осыған орай №178 лицейде 08 қыркүйек күні 5-11 сыныптарда «Отбасы – өмір айнасы» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.  Тәрбие сағатының мақсаты:  - ата-аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру;  - қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату және ұлттық сананы бойына сіңіру; -
Отбасы күні құтты болсын!
07
сентябрь
2020
Отбасы күні құтты болсын!
№178 лицей директоры барша лицей ұжымын, ата-аналарды, оқушыларды Отбасы күнімен құттықтап, алдағы уақыттағы біздің баршамызға ортақ міндет – өткенін сыйлайтын, еліне қалтқысыз қызмет етіп, болашаққа сеніммен қарайтын өнегелі ұрпақ тәрбиелеу екендігін айтты. Отбасы күнінде барлық шаңыраққа шаттық, береке, бақыт тіледі!
Сенім бар жерде, жеңіс те болады
02
сентябрь
2020
Сенім бар жерде, жеңіс те болады
№178 лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлының биылғы жылдың Тамыз кеңесінен алған әсері жайлы мақала «Алматы ақшамы» газетінде жарияланды. Мақалада директор қала әкімі Бақытжан Әбдірұлының білім саласындағы өзгерістерге де тоқталғанын айтып, сенімді қолдаушы бар жерде нық сенім мен жауапкершілік болатынын жеткізген.
2020-2021 оқу жылы САБАҚ КЕСТЕСІ
01
сентябрь
2020
2020-2021 оқу жылы САБАҚ КЕСТЕСІ
2020-2021 оқу жылы сабақ өтілу уақыты    1-ші ауысым № Басталуы Аяқталу Үзіліс 1 8:00 8:40 5 мин 2 8:45 9:25 5 мин 3 9:30 10:10 15 мин 4 10:25 11:05 5 мин 5 11:10 11:50 5 мин 6 11:55 12:35 5 мин 7 12:40 13:20 2-ші ауысым № Басталуы Аяқталу Үзіліс 1 13:30 14:10 5 мин 2 14:15 14:55 5 мин 3 15:00 15:40 15 мин 4 15:55 16:35 5 мин 5 16:40 17:20 5 мин 6 17.25 18:05 5 мин 7 18:10 18:50 https://schools.kundelik.kz/schedules/ScheduleTable.aspx?school=1000002636877