Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Мен өзімді мақтан етемін» тақырыбында тренинг өтті
06
октябрь
2020
«Мен өзімді мақтан етемін» тақырыбында тренинг өтті
06 қазан күні №178 лицей психологі Ағажанова Жанна 5 сынып оқушылырымен Zoom платформасы арқылы «Мен өзімді мақтан етемін» тақырыбында тренинг жүргізді. Тренингтің мақсаты: өз-өзіне деген жағымды (позитивті) қарым-қатынасты дамыту, оқушылардың өздеріне деген сенімділік сезімін көтеру. Тренинг барысында "Шеңбер бойынша қошемет", "Сенен маған ұнайтыны" және "Бәрі жұлдыздар" жаттығулары жүргізілді.
Республикалық қашықтықтан өткізілген пәндік олимпиада
06
октябрь
2020
Республикалық қашықтықтан өткізілген пәндік олимпиада
Республикалық қашықтықтан өткізілген пәндік олимпиадаларда лицейіміздің оқушылары информатика пәнінен жүлделі орындарға ие болды. Жетекшісі: Нурмухамедова Мадина Алибековна
Үйірме жұмыстары: РОБОТОТЕХНИКА
05
октябрь
2020
Үйірме жұмыстары: РОБОТОТЕХНИКА
Робототехника үйірмесінің бүгінгі сабағында оқушылар қозғалтқыштармен жұмыс істеу принциптерімен танысты. Оқушыларға лабиринтті ең қысқа мерзімде кедергіге тимей өту тапсырмасы берілді.  
Республикалық қашықтықтан  өткізілген  пәндік олимпиада
04
октябрь
2020
Республикалық қашықтықтан өткізілген пәндік олимпиада
Республикалық қашықтықтан өткізілген пәндік олимпиадаларда лицейіміздің оқушылары биология пәнінен жүлделі орынға ие болды. Жетекшісі: Бастерова Балхия Айдарқұлқызы
Кәсіптік бағдар беру жұмысы  ALPHA ACADEMY
03
октябрь
2020
Кәсіптік бағдар беру жұмысы ALPHA ACADEMY
    Бақнұр Зиябеков:  Көптен еститінім, онлайн оқуға қинайды, Bilim Land қосып қойып, өшірмей, көрген секілді жасау керек екенсін, Daryn Online тіркелу қиын, қате бар, ustudy мұғалімдерге арналған тесттер сұрағы сапасыз, осының барлығы мемлекеттің ақшасының қолдауымен жасалатыны туралы бәріне белгілі                 Проблема бар, мұғалім аттестация өту үшін, сертификаттарға ақша төлеуге дайын, неге сол мұғалімді дайындамасқа, басқа жазылған видео оқушыға ұнамайды, онда ұнайтын видео
"Алматының жыл мұғалімі" конкурсы
02
октябрь
2020
"Алматының жыл мұғалімі" конкурсы
"Алматының жыл мұғалімі" конкурсына қатысып, белсенділік танытқаны үшін лицейіміздің математика пәнінің мұғалімі Сағиолданов Талант Бақытұлы мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Усентаева Бағлан Акановна Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың және "Ұстаз" кәсіподағының төрағасы С.К.Байгуттиновтың алғыс хатымен марапатталды.
Алматыдағы ең үздік фото (онлайн) байқауы
01
октябрь
2020
Алматыдағы ең үздік фото (онлайн) байқауы
Алматы қаласы күні қарсаңында #ILOVEALMATY хэштегімен өткізілген Алматыдағы ең үздік фото (онлайн) байқауының III орын жүлдегері Закиров Абылайдың мақтау қағазын лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханович табыстады.
Ұстаздар мерекесі құтты болсын!
30
сентябрь
2020
Ұстаздар мерекесі құтты болсын!
Бокстан Сидней олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибраимов, қазақ айтыс өнерінің жанашыры, ақын Жүрсін Ерман, тілші, журналист, аудармашы Есей Жеңісұлы, актер, әнші, сазгер Нұрлан Әлімжан, "Алашұлы" тобының әншісі Мақсат Рахат, әнші Серікбол Сайлаубек лицей ұстаздарын төл мерекелерімен құттықтап, сәттілік тілейді. Мереке құтты болсын, қадірлі ұстаздар қауымы!
"Жыл мұғалімі" байқауы
23
сентябрь
2020
"Жыл мұғалімі" байқауы
Лицейіміздің математика пәні мұғалімі Сағиолданов Талант Бақытұлы "Жыл мұғалімі" байқауына қатысып, өз шеберлігін шыңдап, бағын сынауда. Осы тұста талантты да, білікті мұғалімімізге әр елден қолдау көрсетіп, сәттілік тілеуде. Лицей әкімшілігі мен мұғалімдері тарапынан біз де Талант Бақытұлына сәттілік пен жеңіс тілейміз!
Сағиолданов Талант Бақытұлы марапатталды
18
сентябрь
2020
Сағиолданов Талант Бақытұлы марапатталды
Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы қалалық Білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы» базасында №178 лицейдің математика пәні мұғалімі Сағиолданов Талант Бақытұлы лицейдің 8"Ж" сынып оқушыларымен бірге "y=√x функциясы, оның қасиеттері мен графигі" атты тақырыпта On-Line сабақ өткізіп, жаңа технологияларды қолдана отырып, шығармашылық жұмыстар атқарғаны үшін Алматы қаласы Білім басқармасының "ҚББЖТҒӘО" КММ директорының мақтау қағазымен марапатталды.