Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Лицей ұжымын құттықтау
23
октябрь
2020
Лицей ұжымын құттықтау
Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаев лицей ұжымын төл мерекелерімен құттықтап, зор денсаулық, сәттілік пен шығармашылық табыс тілейді. Алатау ауданының әкімі А.Қалдыбеков лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлын ұстаздар мерекесімен құттықтап алғыс білдірді және Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік даму жолында қол жеткізген табыстары мен білім беру саласына қосқан үлесі үшін құрмет грамотасымен марапаттады. Сонымен қатар, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ауелбекова Айман
Кәсіптік бағдар: AlmaU пандамеяға және шектеу шараларына байланысты мектеп түлектеріне арналған онлайн-сессиялар өткізуді жоспарлап отыр
22
октябрь
2020
Кәсіптік бағдар: AlmaU пандамеяға және шектеу шараларына байланысты
Алматы Менеджмент Университеті  түлектер арасындағы кәсіптік бағдар беру мақсатында, AlmaU пандамеяға және шектеу шараларына байланысты мектеп түлектеріне арналған онлайн-сессиялар өткізуді жоспарлап отыр.
Республикалық информатика пәнiнен ұстаздар арасында өткен олимпиадасы
22
октябрь
2020
Республикалық информатика пәнiнен ұстаздар арасында өткен олимпиадасы
     Республикалық информатика пәнiнен ұстаздар арасында өткен олимпиадасының жеңімпазы Алматы каласы, Алатау ауданы, №178 лицейдiң информатика пәнiнің мұғалiмi Тоқтасын Ақтоты II дәрежелi дипломмен марапатталды.
«Өз жұлдызыңды тап» атты тренинг өткізілді
21
октябрь
2020
«Өз жұлдызыңды тап» атты тренинг өткізілді
2020 жылдың 21 қазан күні лицей психологі Ж.А.Агажанова 11 сынып оқушыларымен «Өз жұлдызыңды тап» атты тренинг ұйымдастырып, zoom платформасы арқылы өткізді. Тренингтің негізгі мақсаты: оқушылардың өмірге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, өмірден өз орындарын табуға ықпал ету. Тренинг барысында «Жасырын хат,ойлан тап!», «Лимон» және т.б жаттығулар жүргізілді. Тренинг соңында мектеп бітіруші түлектерге психологиялық кеңестер айтылды. Іс-шараға оқушылар белсене қатысып, өз ойларын ашық жеткізе
«Математика – ақыл-ойдың әуені» атты математика кафедрасының онкүндігі
21
октябрь
2020
«Математика – ақыл-ойдың әуені» атты математика кафедрасының онкүндігі
Алматы қаласы Алатау ауданы №178 лицейдің әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес, лицей әкімшілігі 2020 жылдың 17-27 қазан аралығында «Математика – ақыл-ойдың әуені» атты математика кафедрасы онкүндігіне қатысуда. Өткізіліп отырған ауқымды іс-шараның мақсаты – оқушылардың пәнді оқуға қызығушылығын арттыру, математика жұмбақ әлеміне кіре отырып, оқушылар ой-өрісі мен түсінігін дамыту. Осы мақсатқа жету жолында бірқатар міндеттер ретінде педагогикалық шеберлікті жетілдіру, пәнаралық нәтижені
«DARYN ECOART»  суреттер мен қолөнер бұйымдарынан экологиялық байқауы
21
октябрь
2020
«DARYN ECOART» суреттер мен қолөнер бұйымдарынан экологиялық байқауы
№178 лицейдің 5 "А" сынып оқушысы Әбдіқасым Әлиескендір «DARYN ECOART» атты суреттер мен қолөнер бұйымдарынан аудандық экологиялық байқауында туған өлкенің табиғаты мен пейзажы тақырыбындағы үздік сурет бағыты бойынша ІІІ орын иегері атанды. Жетекшісі: Икласов Бакыт Сагиолданович
«Бала құқығы – адам құқығы» атты тәрбие сағаттары өткізілді
20
октябрь
2020
«Бала құқығы – адам құқығы» атты тәрбие сағаттары өткізілді
20 қазан - 20 қараша Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне арналған айлық жоспарына сәйкес, 2020 жылдың 20 қазан күні №178 лицейде 5-11 сыныптарда «Бала құқығы – адам құқығы» атты тәрбие сағаттары өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты: оқушының құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін толықтыру. Өз міндеттері мен құқықтарын білуге үйрету. Қазақстанның болашағына үлесін қоса білетін білімді де, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.
Республикалық Ұлттық интернет олимпиадасы
20
октябрь
2020
Республикалық Ұлттық интернет олимпиадасы
    www.nio.kz Республикалық Ұлттық интернет олимпиада сайты Ағылшын тілі пәнінен ұйымдастырған қашықтық олимпиадасына қатысқан лицей оқушылары жүлделі орындарға ие болды. Жетекшісі: Мамутова Айнур Дарханбековна
«Қызықты математика және логика»  Республикалық онлайн-олимпиадасы
20
октябрь
2020
«Қызықты математика және логика» Республикалық онлайн-олимпиадасы
«Kemel Acedemy» онлайн-мектебі ұйымдастырған «Қызықты математика және логика» ІІІ-ші күзгі Республикалық онлайн-олимпиадасына қатысқан лицейіміздің 5 сынып оқушысы Асылбай Жалғас І орын иеленді.
Республикалық "Ұлы есім иелері" басылымы ұйымдастырған байқауда
20
октябрь
2020
Республикалық "Ұлы есім иелері" басылымы ұйымдастырған байқауда
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің республикалық “Ұлы есім иелері” газетінің ұйымдастыруымен музыка пәнінен өткен олимпиададан 5 "Е" сынып оқушысы Асылбай Жалғас “Дәстүрлі ән” жанры бойынша І орын алса, ”Вокалдық ән” жанрынан 6 "А" сынып оқушысы Баяш Анель ІІ орынға ие болды. Шәкірттер дайындап, жетекшілік еткен музыка пәнінің мұғалімі Асанова Гульшат Рамазанқызы Құрмет грамотасымен марапатталды.