Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Заң алдында жауап береміз» тақырыбында сынып сағаттары  өткізілді.
09
февраль
2023
«Заң алдында жауап береміз» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
№178 мамандандырылған лицейде 6-11 сынып оқушыларына «Заң алдында жауап береміз» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып, заң алдындағы жауапкершілігін арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын сын сәтте таба білуге, алдына мақсат қоя білуге баулу; құқықтық нормативтік актілерді құрметтей білуге үйрету, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.
11-сынып оқушыларына “Логистика және көлік академиясы” кәсіби бағдар беру аясында спикерлер лицейіміздің бітіруші түлектеріне профориентациялық жұмыс жүргізілді.
09
февраль
2023
11-сынып оқушыларына “Логистика және көлік академиясы” кәсіби бағдар
№178 мамандандырылған лицейдің 11-сынып оқушыларына “Логистика және көлік академиясы” кәсіби бағдар беру аясында спикерлер лицейіміздің бітіруші түлектеріне профориентациялық жұмыс жүргізді. Аталған техникалық жоғары оқу орынының 90 жылдық тарихы бар. 4 жыл бакалавриат бағдарламасымен үздік техникалық кадрлар мен мамандарды дайындап шығады. [media=https://youtube.com/shorts/wl24-wGb9Hs?feature=share]
Математика пәні мұғалімі, педагог-шебер А.И.Бектасова 11 «Ғ» сыныбында «Санның логарифмі және оның қасиеттері» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
09
февраль
2023
Математика пәні мұғалімі, педагог-шебер А.И.Бектасова 11 «Ғ»
Математика ақиқат дүниенің сандық қатынастары мен кеңістік пішіндері жайлы ғылым екендігі баршаға аян. №178 мамандандырылған лицейде «Әлем математика тілімен бейнеленген» атты математика айлығы жалғасуда. Математика пәні мұғалімі, педагог-шебер А.И.Бектасова 11 «Ғ» сыныбында «Санның логарифмі және оның қасиеттері» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ заманауи сандық әдістерді қолдана отырып оқушылардың математикалық білім, білік дағдысын қалыптастырудағы тәжірибе алаңына айналды.
"Әлем математика тілімен бейнеленген" атты математика айлығы аясында  9-10 сынып окушылары арасында лицейішілік олимпиада  өткізілді.
09
февраль
2023
"Әлем математика тілімен бейнеленген" атты математика айлығы аясында
N178 мамандандырылған лицейде "Әлем математика тілімен бейнеленген" атты математика айлығы аясында 9-10 сынып окушылары арасында лицейішілік олимпиада өткізілді.
Математика пәнінің мұғалімі Есенгалиев Санат Турганулы   “Квадраттық функция және оның графигі” тақырыбында ашық сабақ өткізді.
08
февраль
2023
Математика пәнінің мұғалімі Есенгалиев Санат Турганулы “Квадраттық
Математика кафедрасы айлығының аясында математика пәнінің мұғалімі Есенгалиев Санат Турганулы 8 ақпан күні 8 “Д” сыныбымен “Квадраттық функция және оның графигі” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оқушылар сабақ барысында АКТ ны кеңінен қолданынды. Атап айтқанда: Learning apps Google forms және Padlet бағдарламалары қолданылды. Квадраттық функцияның графиктерін салуда Desmos және Phet Colorado виртуальды зертханасы қолданылды. Оқушылар сабақ барысында түрлі тапсырмалар орындау арқылы тақырыпты
2023-2024 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ 7-СЫНЫБЫНА ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ
08
февраль
2023
2023-2024 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ 7-СЫНЫБЫНА ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ
Құрметті 6 сынып оқушылары мен ата-аналары!     Сіздерді 7 сыныптан бастап, республикамыздағы үздік оқу орындарының бірі, дарынды балаларға арналған №178 мамандандырылған лицейде білім алуға шақырамыз!  Құжаттарды онлайн тіркеу және қабылдау 2023 жылғы 1 ақпан мен 15 сәуір аралығында https://qabyldau.daryn.kz сайтында жүргізіледі. 7-сыныпқа түсушілер үшін келесі пәндер бойынша тест (75 сұрақ) тапсырады: Математика және логика - 55 сұрақ; Оқу сауаттылығы - 10 сұрақ; Қазақстан тарихы - 10 сұрақ.
Digital Almaty халықаралық форумында лицей оқушылары белсенділік танытты.
07
февраль
2023
Digital Almaty халықаралық форумында лицей оқушылары белсенділік
Жыл сайынғы Digital Almaty халықаралық форумы - Алматыда бизнес өкілдерінің, халықаралық сарапшылардың, IT-қоғамдастықтың, мемлекеттік органдар мен БАҚ-тың қатысуымен өтетін Алматыдағы ең ірі Tech-іс-шара. Әлемнің төрт елінен 100-ден астам қатысушы робототехника, жаңа технологиялар және бағдарламалау саласындағы жарысқа қатысты. Лицейіміздің 11 «Д» сынып оқушысы Миракбаров Райымбек, 10 «Ж» сынып оқушысы Толеген Диас пен 10 «А» сынып оқушысы Ахмет Даурен форумға белсенді қатысып, алғыс хаттармен
Лицей мұғалімі Алатау аудандық Педагогикалық идеялар фестивалінде жеңімпаз атанды.
07
февраль
2023
Лицей мұғалімі Алатау аудандық Педагогикалық идеялар фестивалінде
Алатау ауданы Білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Педагогикалық идеялар фестивалі» аудандық байқауы өткізілді. Байқауға қатысушы №178 мамандандырылған лицейдің математика пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Ахмеджанова Айжан Дарушовна өз тәжірибесіне жоғары кәсіби инновациялық бағдарламалар мен технологияларды енгізуде үздік шығармашылығын көрсетіп, І орын иеленді. Қалалық кезеңге жолдама алған Айжан Дарушовнаға сәттілік тілейміз.
6-8 сынып оқушылары арасында шахматтан жарыс өткізілді.
07
февраль
2023
6-8 сынып оқушылары арасында шахматтан жарыс өткізілді.
N178 мамандандырылған лицейде 6-8 сынып оқушылары арасында шахматтан жарыс өткізілді.
Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған ән-жыр өнер байқауында лицей оқушысы жеңімпаз атанды.
06
февраль
2023
Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған ән-жыр өнер байқауында
Халықаралық "Кел,болашақ!" Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған жасөспірімдер мен жастар арасындағы ән-жыр өнер байқауының "Вокал" жанры бойыншы 🥇дәрежелі дипломға ие болғаны үшін N178 мамандандырылған лицейдің 6 "Ә" сынып оқушысы Мұхитжан Райхан марапатталды.