Қазақтың абыз ақсақалына құрмет!
Бүгін, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, қазақтың аңыз да, абыз ақсақалы - Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туған күніне орай арнайы саяхат-сабағы жобасы ұйымдастырылды. Лицейіміздің оқушылары және түлегі қаламызда орналасқан Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев мұражайына барып, экскурсия жасады. Мұражайда Дінмұхамед Қонаев жайында маңызды ақпараттар беріліп, оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.