Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Механикалық толқындардың таралуы. Механикалық толқындардың интерференциясы» тақырыбында ашық сабақ өтті
23
ноябрь
2021
«Механикалық толқындардың таралуы. Механикалық толқындардың
«Физика-информатика» кафедрасының онкүндігінің жоспарына сәйкес физика пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Тастанова Жанат Оразовнаның 11«Б» сыныбында «Механикалық толқындардың таралуы. Механикалық толқындардың интерференциясы» тақырыбында жаңа білім беру сабағы өтті. Ашық сабақ барысында оқушылар эксперименттік тапсырмаларды виртуалды зертхана арқылы орындап, оңтайлы шешімдерін таба білді. Сонымен бірге АКТ құралдарын, көрнекілік материалдарды тиімді пайдаланды. Сабақ мұғалімдердің іс-тәжірибе
Физика пәнінің мұғалімдері шеберлік сағаттарын өткізді
23
ноябрь
2021
Физика пәнінің мұғалімдері шеберлік сағаттарын өткізді
№178 мамандандырылған лицейде «Іс-әрекеттегі зерттеу» жобасы жалғасуда. Физика пәнінің мұғалімдері: педагог-шебер Слямгалиева Гульнар Набиевнаның "Математикалық маятниктің тербелістері", педагог-зерттеуші Жумагулова Сағила Абдуллаевнаның «Физика сабағында SMART технологиясын қолдана отырып, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру» тақырыбында шеберлік сыныптары өтті. Шеберлік сыныптарда физика пәнін оқытудағы ұтымды әдіс-тәсілдері, пәнге деген қызығушылықты арттырудың жолдары, SMART
Ғарыштық зерттеулер мен технологиялар саласындағы ғылыми-зерттеумен айналысатын ғалымдармен кездесу өтті
23
ноябрь
2021
Ғарыштық зерттеулер мен технологиялар саласындағы ғылыми-зерттеумен
№178 мамандандырылған лицей оқушылары ғарыштық зерттеулер мен технологиялар саласындағы ғылыми-зерттеумен айналысатын ғалымдармен онлайн форматта кездесті. Кездесуге «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы, техника ғылымдарының докторы, профессор Нұрғожин Марат Рахмалыұлы және «В.Г. Фесенков атындағы астрофизика институты» ЕЖШС директорының орынбасары, физика-математика ғылымдарының кандидаты Валиуллин Рашит Равилович қатысты. Кездесуде
«Іс-әрекеттегі зерттеу» жобасы аясында шебер-сыныптар өткізілді
12
ноябрь
2021
«Іс-әрекеттегі зерттеу» жобасы аясында шебер-сыныптар өткізілді
№178 мамандандырылған лицейде «Іс-әрекеттегі зерттеу» жобасы аясында қоғамдық-гуманитарлық кафедраның мұғалімдері лицейішілік шебер-сынып өткізіп, тәжірибе алмасты. Іс-шара барысында орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші М.Каирбаева «Активные методы работы с текстом на уроке русского языка и литературы», ағылшын тілі пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші С.Сәрсенбиева «Оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастырудың тиімді жолдары», тарих пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші
"Адал ұстаз" конкурсы өткізілді.
05
ноябрь
2021
"Адал ұстаз" конкурсы өткізілді.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі қағидаттарын басшылыққа ала отырып, №178 мамандандырылған лицейде "Адал ұстаз" конкурсы өткізілді. Конкурсқа қатысушы ұстаздар саяси-құқықтық білімімен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыратын ойларымен, тәжірибе жұмыстарымен бөлісті. Конкурс нәтижесінде өзінің кәсіби шеберлігі мен шығармашылығын сабақтастыра білген дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Абуова Жазира Зияшовна 1-орын
«Оқушылардың біліміндегі олқылықтарды толтыру білім беру жұмыстарының нәтижелі құралы» тақырыбында  педагогикалық кеңес өткізілді.
03
ноябрь
2021
«Оқушылардың біліміндегі олқылықтарды толтыру білім беру жұмыстарының
«Оқушылардың біліміндегі олқылықтарды толтыру білім беру жұмыстарының нәтижелі құралы» тақырыбында №178 мамандандырылған лицейде педагогикалық кеңес өткізілді. Кеңес барысында «Мектеп-зертхана" сапалы ақпараттық-білім беру ортасын қалыптастыру проблемалары негізінде педагогтерден алынған сауалнамаларының нәтижелері талданды. Сонымен қатар, математика пәнінің мұғалімдері, педагог-зерттеушілер Т.Сағиолданов, С.Өкпебаева «Математика сабағындағы оқушылардың біліміндегі олқылықтарының орнын
"Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту арқылы олардың зияткерлік деңгейін арттыру" тақырыбында  әдістемелік кеңес өткізілді.
02
ноябрь
2021
"Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту арқылы олардың
"Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту арқылы олардың зияткерлік деңгейін арттыру" тақырыбында №178 мамандандырылған лицейде әдістемелік кеңес өткізілді. Дарынды және талантты оқушылармен жүргізілетін жеке және топтық жұмыстардың ерекшеліктеріне тоқтала отырып, оқушыларының жетістіктері айқындалды. Кеңес барысында «Математика пәнін электронды жүйелеу және жалпылау" тақырыбында математика пәнінің мұғалімдері пед.зерттеуші Ж.Ахметова, бірінші санатты Б.Байткенова тәжірибе алмасты. І
Лицей мұғалімдері арасында «Педагогикалық идеялар фестивалі» онлайн форматта өткізілді.
20
октябрь
2021
Лицей мұғалімдері арасында «Педагогикалық идеялар фестивалі» онлайн
Өз тәжірибесіне жоғары кәсіби маңызды инновациялық бағдарламалар мен технологияларды енгізетін мұғалімдерді анықтау мақсатында №178 мамандандырылған лицей мұғалімдері арасында «Педагогикалық идеялар фестивалі» онлайн форматта өткізілді. Фестиваль барысында лицейдің мұғалімдері өз тәжірибесімен бөлісті. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Досқожаева Нұргүл Елшібекқызы “New English teaching format.Working with text” тақырыбында инновациялық жобасын ұсынып 1-орын иеленіп, қатысқан
«Есепте де, спортта да шынықсаң шымыр боласың» атты сайыс-кеш өткізілді.
18
октябрь
2021
«Есепте де, спортта да шынықсаң шымыр боласың» атты сайыс-кеш
Математикалық білімді насихаттау мен оқушылардың әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін арттыру мақсатында «Есепте де, спортта да шынықсаң шымыр боласың» атты сайыс-кешті математика пәні мұғалімі, педагог-шебер Бектасова Алмагул Ибраимовна ұйымдастырды. Сайыс-кеште кафедраның тәжірибелі ұстаздары дарынды да талантты оқушылардың ойлау қабілетін, тапқырлығын, жылдамдығын, таным белсенділігін бағалап, жеңімпаздарды анықтап марапаттады.
Жиынтық бағалау - оқушының білім сапасы
12
октябрь
2021
Жиынтық бағалау - оқушының білім сапасы
    Жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес оқушылардың білімін жүйелі бағалау мақсатында №178 мамандандырылған лицейде бөлім бойынша жиынтық бағалау жұмыстары (БЖБ) санитарлық талаптарды сақтай отырып, офлайн форматта алынуда. БЖБ үдерісі оқушының белгілі бір бөлім тақырыптарын аяқтауынан жинақтаған білімі мен дағды деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.