Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Жас көшбасшы" құрылтайы өткізілді
03
май
2024
"Жас көшбасшы" құрылтайы өткізілді
     "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" Халықаралық Қоғамдық Қорының және "Назарбаев Зияткерлік мектептерінің" ұйымдастыруымен  көшбасшыларға арналған "Жас көшбасшы" құрылтайы өткізілді. Атаулы шараға "ЖасSTAR" өзін-өзі басқару ұйымы президенті Ғалымжанқызы Іңкәр, фракция менистрлері Қайса Аяулым, Телжант Нұржанат қатысты.  Шара барысында Мұрат Есжан, Сырымбек Тау, Азамат Скаков, Аксұлтан Қали атты спикерлер сөз алып, тиімді мәліметтермен әрі кеңестерімен бөлісті. #жаскөшбасшы #мектеппарламенті 
9-10 сынып оқушыларына "Ерлік сабағы" тақырыбында іс-шара өткізді
03
май
2024
9-10 сынып оқушыларына "Ерлік сабағы" тақырыбында іс-шара өткізді
     7-мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу, отанға деген сүйіспеншілігін арттыру және де бастапқы әскери дайындықтың оқу-материалдық базасын қалыптастыру мақсатында №55065 әскери бөлімі командирінің ТжИЖ жөніндегі орынбасары подполковник А.Ниязалиев, база 1-сыныпты сержант К.Шарипов және әскери қызметшілердің отбасымен жұмыс жасау қызметінің басшысы азаматтық қызметші С.Құдайбергенова №178 мамандандырылған лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі
"Қазақстан халықтарының бірлігі күні"  тақырыбында  7-11 сыныптар арасында сынып сағаттары өткізілді
30
апрель
2024
"Қазақстан халықтарының бірлігі күні" тақырыбында 7-11 сыныптар
     1-мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. Бұл мереке 1995 жылдың 18 қазанында ҚР президентінің жарлығы бойынша "Қазақстан халықтарының бірлігі күні" деп жарияланып, 1996 жылдан бері жыл сайын тойланып келеді. Бүгін де бауырмалдық, татулық секілді адамгершілік  қаситеттерді дарыту мақсатында мерекеге орай "Қазақстан халықтарының бірлігі күні"  тақырыбында  7-11 сыныптар арасында сынып сағаттары өткізілді.       «Бірлік болмай, тірлік болмас» деген қағиданы ұстанған ел үшін бұл
«Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі» атты түсіндірме жұмысы
30
апрель
2024
«Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі» атты түсіндірме жұмысы
     Алматы Қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі» тақырыбында лицей оқушыларына  түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясы кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді
26
апрель
2024
Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясы кәсіби бағдар беру жұмысын
     Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының кәсіби бағдар беру бойынша мамандары лицейімізге арнайы келіп, 9-10 сынып оқушыларына академия жайлы ақпараттарды беріп, 18 мамыр күні академияда өтетін ашық есік күніне лицей оқушыларын шақырды. 
SDU университетіне қарасты Педагогикалық және Гуманитарлық ғылымдар факультетімен меморандум  жасалды.
24
апрель
2024
SDU университетіне қарасты Педагогикалық және Гуманитарлық ғылымдар
     Лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы SDU университетіне қарасты Педагогикалық және Гуманитарлық ғылымдар факультетінің деканы Жайнагүл Дүйсебековамен ынтымақтастық келісім негізінде саяхат-сабағын, семинарлар мен олимпиадаларды бірге өткізу және өзара тәжірибе алмасу мақсатында арнайы МЕМОРАНДУМ жасады.
23 сәуір – Халықаралық кітап және авторлық құқық күні
23
апрель
2024
23 сәуір – Халықаралық кітап және авторлық құқық күні
    23 сәуір – Халықаралық кітап және авторлық құқық күніне орай №178 мамандандырылған лицейдің кітапханашылары 8 ”А” сынып оқушыларымен бірге дөңгелек үстел өткізді. Оқушылар өздерінің ұнатып оқитын кітаптарымен бөлісіп, кітап туралы мақал-мәтелдер айтып, энциклопедиядан бір-біріне сұрақ-жауап қойды. Ең бастысы, "кітаптың - рухани байлық пен білімнің, тәрбиенің көзі" екенін түсінді. @Біртұтас тәрбие бағдарламасы
"Жасыл топ" тақырыбында эко-квест (ойыны) өткізілді
23
апрель
2024
"Жасыл топ" тақырыбында эко-квест (ойыны) өткізілді
     "Алматы – біздің ортақ үйіміз" науқаны аясында №178 мамандандырылған лицейде 10-сынып оқушыларының арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу мақсатында "Жасыл топ" тақырыбында эко-квест (ойыны) өткізілді. Іс-шара барысында білім алушылар туған өлкенің табиғаты, табиғатты аялау туралы өз ойларымен бөлісе отырып эко-квесттің тақырыпқа сай қызықты ойындар ойнап, тапсырмалар арқылы жеке экологиялық бастамаларды қолдау және оларды іске асыру үшін, экологияны
7-10 сынып оқушыларына “Денсаулық және дұрыс тамақтану мәдениеті” тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
23
апрель
2024
7-10 сынып оқушыларына “Денсаулық және дұрыс тамақтану мәдениеті”
7-10 сынып оқушыларына “Денсаулық және дұрыс тамақтану мәдениеті” тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Сынып  сағатының мақсаты: Тамақтану мәдениетін сақтаудың маңыздылығын түсіндіру. Қойылған сұраққа толық жауап беруге үйрету, ауызекі сөйлеуде белсенділікке тәрбиелеу,сөздік қорларын дамыту, адам денсаулығын сақтау мен нығайту үшін үстел басында өзін-өзі ұстау мәдениеті дағдыларының маңыздылығы жайлы талқылау.
10-сынып оқушылары «Экологиялық калейдоскоп» тақырыбында іс-шара өткізді
22
апрель
2024
10-сынып оқушылары «Экологиялық калейдоскоп» тақырыбында іс-шара
      22 сәуір – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕР КҮНІ - таза су, жер және ауа мерекесі. Осы мерекеге орай "Алматы – біздің ортақ үйіміз" науқаны аясында №178 мамандандырылған лицейдің 10-сынып оқушылары «Экологиялық калейдоскоп» тақырыбында іс-шара өткізді. Іс-шара барысында оқушылар елдің экологиялық жағдайын талқылап, оны шешудің жолдарын ұсынды. Сонымен қатар, оқушылар табиғатты сақтау үшін мәдени мінез-құлықтың негізгі ережелеріне баса назар аударды. @kaldybekov_azamat  @akimat_alatau @Карлыгаш Акмурзаева