Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН: ЗАҢ МЕН ТӘРТІП, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ, ҚОҒАМДЫҚ ОПТИМИЗМ» атты Қазақстан халқына жолдауын  тарих пәнінің мұғалімдері  лицей ұжымына таныстырды.
06
сентябрь
2024
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ӘДІЛЕТТІ
2 қыркүйек 2024 жыл Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН: ЗАҢ МЕН ТӘРТІП, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ, ҚОҒАМДЫҚ ОПТИМИЗМ» атты Қазақстан халқына жолдауын №178 мамандандырылған лицейдің тарих пәнінің мұғалімдері: Шынасыл Ғалымжан Жораұлы мен Оспанбаева Айгүл Аманжолқызы баяндама жасап, лицей ұжымына таныстырды.
«Тілі басқа – тілегі бір, жүзі басқа жүрегі бір» тақырыбында 9 “Ғ” сынып оқушыларының  құттықтауы.
05
сентябрь
2024
«Тілі басқа – тілегі бір, жүзі басқа жүрегі бір» тақырыбында 9 “Ғ”
5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Тілі басқа – тілегі бір, жүзі басқа жүрегі бір» тақырыбында 9 “Ғ” сынып оқушыларының құттықтауы.  
«Қауіптің алдын алу»
04
сентябрь
2024
«Қауіптің алдын алу»
Алматы қаласы Білім басқармасының бастамасымен Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығымен бірлесе отырып, «Қауіптің алдын алу» тақырыбында N178 мамандандырылған лицейдің 5-11 сынып оқушыларына сынып сағаттары өтті.
5-сынып оқушылары "Қазақ тілі – мақтанышым!" атты ойтолғау жазды.
04
сентябрь
2024
5-сынып оқушылары "Қазақ тілі – мақтанышым!" атты ойтолғау жазды.
5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай 5-сынып оқушылары "Қазақ тілі – мақтанышым!" атты ойтолғау жазды. Шығармашылық жұмыстарында балалар тілге деген құрметі мен сүйіспеншілігін жеткізді.
«Менің Отаным - Қазақстан!» тақырыбында сынып сағаты өткізілді
02
сентябрь
2024
«Менің Отаным - Қазақстан!» тақырыбында сынып сағаты өткізілді
     Қыркүйек айының 2 жұлдызында лицей оқушыларымен «Менің Отаным - Қазақстан!» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағаты барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимні орындалып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сынып сағатының мақсаты: оқушыларды өз Отанын сүюге, елін, жерін қорғауға, туған тілін, мәдениетін, тарихын сыйлай білуге тәрбиелеу. #біртұтас_тәрбие
ЛИЦЕЙІМ - МЕЙІРІМ МЕКЕНІ
01
сентябрь
2024
ЛИЦЕЙІМ - МЕЙІРІМ МЕКЕНІ
     Лицейімізде 1 қыркүйек – Білім күніне орай «Мектебім – мейірім мекені» атты салтанатты жиын өтті. Салтанатты іс-шараның мақсаты: жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында білім алушыларды жаңа оқу жылының жағымды да, жақсы жаңалықтарын тілге тиек етіп, жазғы демалыстан келген оқушыларымыздың бойына көтеріңкі көңіл-күй мен лицей атмосферасын қалыптастыру.       Жиын шымылдығын домбырашылар мен бишілерден құралған лицей өнерпаздары ашса, лицей директоры К.Х.Шадиев лицей оқушылары мен
«Баланың басты ұстазы – ата-ана» тақырыбында ашық есік күні өтті
26
август
2024
«Баланың басты ұстазы – ата-ана» тақырыбында ашық есік күні өтті
     Тамыз айының 26-сы күні «Баланың басты ұстазы – ата-ана» тақырыбында лицей табалдырығын жаңа аттаған 5-7 сынып оқушылары мен ата-аналарына арналған ашық есік күні өткізілді. Шара барысында лицей директоры Кайратбек Хамзаханұлы Шадиев лицей туралы мәліметтермен  таныстыра келіп, ата-аналар мен оқушыларды жаңа қадамдарымен құттықтап, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі. Сонымен қатар, төмендегі мәселелер қаралды: «Оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 2024-2025 оқу жылындағы ерекшеліктері», ДОІЖО
«Пікірталас – оқушылардың коммуникативтік құзіреттілігін дамыту құралы ретінде республикалық курстан кейінгі сүйемелдеу» онлайн вебинары өтті
06
август
2024
«Пікірталас – оқушылардың коммуникативтік құзіреттілігін дамыту
     Тамыз айының 5-жұлдызында РУМЦДО басшылығымен «Пікірталас – оқушылардың коммуникативтік құзіреттілігін дамыту құралы ретінде республикалық курстан кейінгі сүйемелдеу» онлайн вебинары өтті.  Вебинарға лицей дебат клубының жетекшілері қатысты. Вебинар барысында пікірталас сипатын, форматын талдай отырып, өзара тәжірибелерімен бөлісті.
«ЖАСЫЛ МЕКЕН» ЭКО-ЧЕЛЛЕНДЖІ
05
август
2024
«ЖАСЫЛ МЕКЕН» ЭКО-ЧЕЛЛЕНДЖІ
     №178 мамандандырылған лицейде жазғы эко-лагерь жоспары аясында 9 «Б» сынып оқушылары «Жасыл мекен» атты эко-асар өткізді.  Мақсаты – келешек ұрпақты табиғатты, қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеп, жауапкершілікке үйрету.
Астана күні құтты болсын!
06
июль
2024
Астана күні құтты болсын!
     Қазақстанның жас елордасы Астана – қарыштап дамыған мемлекеттің, мәңгілік достықтың символы. Қаланың әлем халықтарына мақтана көрсетер жетістіктері аз емес. Астана – болашағы жарқын қала. Сондықтан да Қазақстанның жүрегі мәңгі соғып, бас қаласы одан әрі гүлдене берсін!  Астана күні құтты болсын! #iloveastana  #астанакүні