Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Ұлылықтың басында ұстаз тұрар мәңгілік" атты мұғалімдер күніне арналған іс-шара өтті. Мерекелік шараға ар
07
октябрь
2024
"Ұлылықтың басында ұстаз тұрар мәңгілік" атты мұғалімдер күніне
4 қазан күні №178 мамандандырылған лицейде "Ұлылықтың басында ұстаз тұрар мәңгілік" атты мұғалімдер күніне арналған іс-шара өтті. Мерекелік шараға арнайы шақырылған ардагер ұстаздардың алдында лицейге қабылданған жас мамандар салтанатты түрде педагогикалық ант қабылдады. Лицей басшысы Қ.Х.Шадиев мұғалімдерді білім саласындағы табысты еңбектері үшін құрмет грамотасы және алғыс хатпен марапаттады. Лицейдің 11-сынып оқушылары ұстаздарына деген өнерлерін тарту етті.
Ұстаздар күніне орай  дублёр күні өтті.
04
октябрь
2024
Ұстаздар күніне орай дублёр күні өтті.
Ұстаздар күніне орай лицей оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының бастауымен дублёр күні өтті. Мектеп парламенті және 10-11 сыныптың белсенді оқушылары барлық сабақтарда мұғалімдерді алмастырды. Осы жауапты іс-шарада балалар көп дайындалды: мұғалімдермен бірлесе сабақ кестесі мен жоспарын жазды. Таңертеңнен бастап лицейде ерекше атмосфера орнады, оқушылар сабақтарды жүргізудің маңызды екендігін сезіне алады. Күн қорытындысы бойынша дублёр болған оқушылар жиналыс өткізіп, әрқайсысы өз
ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ - БАРШАҒА МІНДЕТ!
03
октябрь
2024
ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ - БАРШАҒА МІНДЕТ!
ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ - БАРШАҒА МІНДЕТ!  7 қазан күні "Alatau Creative Hub" орталығында Шадиев Қайратбек Хамзаханұлымен өтетін "Ұстаз - ұлы тұлға, шәкірт оның мақтанышы" тақырыбында сүбелі сұқбат және оқушы-жастармен өтетін кездесудің құрметті және басты қонағы ретінде шақырамыз!
5, 7, 8-сынып оқушыларына "Ұстаз — ұлы тұлға" тақырыбында эссе байқауы өтті.
02
октябрь
2024
5, 7, 8-сынып оқушыларына "Ұстаз — ұлы тұлға" тақырыбында эссе
Ұстаздар күніне орай 5, 7, 8-сынып оқушылары "Ұстаз — ұлы тұлға" тақырыбында эссе жазды, жеңімпаз оқушылар анықталап, лицей директорының дипломымен марапатталды.
Оқушылардың  бос уақытарын тиімді пайдалану  мақсатында “ЛАБИРИНТ” тақтасы орнатылған.
01
октябрь
2024
Оқушылардың бос уақытарын тиімді пайдалану мақсатында “ЛАБИРИНТ”
Лицейімізде оқушылардың қызығушылықтарын, бос уақытарын тиімді пайдалану,ой сергіту мақсатында “ЛАБИРИНТ” тақтасы орнатылған. Лабиринттің оқушыларға берері мол. Үзілісте, сабақтан тыс уақытта топ болып ұйымшылдық таныта отырып, уақыттарын тиімді әрі қызықты өткізе алады.
«Мейірімділік пен құрмет күні» акциясы аясында 7 “Г” сынып оқушылары зейнеткер кісілерді құттықтап, көмек көрсетіп қайтты.
01
октябрь
2024
«Мейірімділік пен құрмет күні» акциясы аясында 7 “Г” сынып оқушылары
«Мейірімділік пен құрмет күні» акциясы аясында 7 “Г” сынып оқушылары зейнеткер кісілерді құттықтап, көмек көрсетіп қайтты. Қарттарымызды құрметтей білейік!
1 қазан — Халықаралық қарттар күніне орай  «Қарттарым — асыл қазынам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
30
сентябрь
2024
1 қазан — Халықаралық қарттар күніне орай «Қарттарым — асыл қазынам»
1 қазан — Халықаралық қарттар күніне орай лицей кітапханашыларының ұйымдастыруымен «Қарттарым — асыл қазынам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға "Ы. Алтынсарин", "Еңбек ардагері" медалінің иегері, ардагер ұстаз Л.Н.Байтубекова мен 8-сынып оқушылары қатысты.
КӨМЕК" бағдарламасы аясында "Тәуелсіздік және отаншылдық, Лудомания Кибербуллинг" тақырыптарында 5-11-сыныптар арасында сынып сағаттары өтті
30
сентябрь
2024
КӨМЕК" бағдарламасы аясында "Тәуелсіздік және отаншылдық, Лудомания
"КӨМЕК" бағдарламасы аясында "Тәуелсіздік және отаншылдық, Лудомания Кибербуллинг" тақырыптарында 5-11-сыныптар арасында сынып сағаттары өтті. Сынып сағатының мақсаты: Оқушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт-бағдар беру, ауызбірішілкте, тату болуға тәрбиелеу.
"Alatau Creative Hub" шығармашылық орталық қызметкерлері оқушыларға  түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
26
сентябрь
2024
"Alatau Creative Hub" шығармашылық орталық қызметкерлері оқушыларға
Лицеймен арнайы ынтымақтастық келісім жасаған "Alatau Creative Hub" шығармашылық орталық мүшелерімен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аталған орталықтың үйірме жетекшілері лицейдің 5-8 сынып оқушыларына тегін үйірмелер туралы ақпаратпен бөлісіп, алдағы уақытта орталықта өтетін үйірмелерге шақырды.
«Қауіпсіз мектеп» акциясы  аясында «Жол қауіпсіздік ережелері» тақырыбында 5, 7, 8 сыныптар арасында сынып сағаттар өткізілді.
23
сентябрь
2024
«Қауіпсіз мектеп» акциясы аясында «Жол қауіпсіздік ережелері»
N178 мамандандырылған лицейде «Қауіпсіз мектеп» акциясы аясында «Жол қауіпсіздік ережелері» тақырыбында 5, 7, 8 сыныптар арасында сынып сағаттар өткізілді.