Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Президент мұражайына» саяхат
29
ноябрь
2018
«Президент мұражайына» саяхат
Тұңғыш Президент күніне орай №178 лицей оқушылары мен Алатау ауданы мектептерінің оқушылары 29,30 қараша күндері №178 лицейде 2012 жылы ашылған «Президент мұражайына» саяхат жасап, көрме тамашалап президенттің өмір жолымен танысты.
1 желтоқсан – дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күні
29
ноябрь
2018
1 желтоқсан – дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күні
1 желтоқсан – дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күніне орай №178 лицейде Жас Ұлан ұйымының ұйымдастыруымен акция өткізілді. Акция - оқушылар арасында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу шаралары мен салауатты өмір салтын насихаттау және жауапты мінез құлық қалыптастыру мақсатында өтті.  
Алатау ауданының мектептері арасында тоғызқұмалақтан жарыс өтті.
28
ноябрь
2018
Алатау ауданының мектептері арасында тоғызқұмалақтан жарыс өтті.
Қосымша білім беру ұйымдарының құрылғанына 100 жыл толуына және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай Алатау ауданының мектептер арасында өткен тоғызқұмалақ жарысына қатысқан №178 лицей оқушысы Мұхитов Ержігіт І орын иеленсе, жалпы команда бойынша лицейіміз І орын иеленді. Чемпион атанған оқушы қалалық жарысқа жолдама алды.
"Елін сүйген-Елбасы" аты тәрбие сағаттары
28
ноябрь
2018
"Елін сүйген-Елбасы" аты тәрбие сағаттары
Алматы қаласы, Алатау ауданы №178 лицейде, «1 желтоқсан-Тұңғыш Президент күніне» орай, "Елін сүйген-Елбасы" атты 5-11 сыныптар арасында тәрбие сағаттары өткізілді.
Жалпыға білім беру қоры есебінен материалдық көмек көрсетілді
26
ноябрь
2018
Жалпыға білім беру қоры есебінен материалдық көмек көрсетілді
№178 лицейдің әлеуметтік жағдайы төмен көп балалы, аз қамтылған, қамқоршылықтағы 43 балаға "Жалпыға міндетті білім беру" қоры есебінен материалдық көмек көрсетілді. «Angelcher» компаниясынан қыстық күрте және мектеп формасы алынып, берілді. Сонымен қатар, асхана меңгерушісі Төлекова Назира Зиятқызы жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік таратты. Көмек көрсетілген отбасылар ризашылықтарын білдірді. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды. .
Жалпыхалықтық диктант
14
ноябрь
2018
Жалпыхалықтық диктант
Қазақстан Республикасы министрлігінің «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөнінде іс-шаралар жоспарына» сәйкес, 2018 жылдың 14 қараша күні сағат 11:00-де №178 лицейде жалпыхалықтық диктант өтті.
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу туралы дәріс
14
ноябрь
2018
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу туралы дәріс
2018 жылдың 14 қарашасында Алматы қаласының ішкі саясат департаментінің мониторинг және талдау орталығы № 178 лицей оқушылары үшін діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу туралы дәріс өткізді. Дәріс өткізген ҚазҰУ оқытушысы, философия ғылымдарының докторы, доцент Бейсенов Багдат Кабылдаевич. Іс-шара тиісті деңгейде өтті.        
"Мейірімі мол жандар"
09
ноябрь
2018
"Мейірімі мол жандар"
07.11.2018 күні №180 жалпы білім беретін мектеп қабырғасында Алатау аудандық Білім бөлімінің басшылығымен аудандағы қамқоршыларға арналған "Қамқоршы күніне" орай "Мейірімі мол жандар" атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Қамқоршылардың құрметіне өткізілген іс-шарада №178 лицейде оқитын қамқорлыққа алынған 4 оқушының
"100 ЖАҢА ЕСІМ" жобасының жеңімпазымен кездесу
09
ноябрь
2018
"100 ЖАҢА ЕСІМ" жобасының жеңімпазымен кездесу
       «Қазақстандағы 100 жаңа есім»  жобасында жеңімпаздар қатарынан көрінген Рафикова Хадичахан Сабиржанқызымен №178 лицей оқушылары кездесу өткізді.