Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Адал ұстаз» қалалық конкурсына өткізілді.
08
декабрь
2021
«Адал ұстаз» қалалық конкурсына өткізілді.
Алматы қаласы орта білім беру ұйымдары мұғалімдерінің арасында саяси-құқықтық білімі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Адал ұстаз» қалалық конкурсына өткізілді. Конкурс барысында озық ойларымен, тәжірибелерімен, үздік шығармашылық жұмыстарының нәтижесімен №178 мамандандырылған лицейдің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Абуова Жазира Зияшовна дараланып, жүлделі l орынды иеленді. Жазира Зияшовнаға шығармашылық табысы шыңдала беруін тілейміз!
«Describing people» тақырыбында  ашық сабақ өткізілді.
08
декабрь
2021
«Describing people» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
2021 жылдың 7 желтоқсанында №178 мамандандырылған лицейде орыс тілі пәнінің мұғалімдері: Кошкарбаева А.А. 10 "Г" сыныбында «Антуан де Сент -Экзюпери «Маленький принц», Рамазанова А.Х. 5 "Ә" сыныбында «Чем пахнут ремесла?» , ағылшын тілі мұғалімі Жанат Ж. 6 "Д" сыныбында «Describing people» тақырыптарында ашық сабақтарын өткізді. Сабақтардың құрылымдары әдістемелік талаптарға сай құрылған, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған тапсырмалар орындалды."Оқуға құштар" жобасы
«Жыныстық қатынастан берілетін аурулар, жүктілікті болдырмау - контрацепция жолдары» атты тақырыпта  кездесу өткізілді.
08
декабрь
2021
«Жыныстық қатынастан берілетін аурулар, жүктілікті болдырмау -
2021 жылдың 7 желтоқсан күні №178 мамандандырылған лицейдің 9-11 сынып қыздары үшін «Жыныстық қатынастан берілетін аурулар, жүктілікті болдырмау - контрацепция жолдары» атты тақырыпта №29 қалалық емхананың «Жастар денсаулық орталығының» гинеколог маманы Тоғжан Саматқызы мен лицей психологтары Агажанова Жанна, Жамалова Гаухар бірлесе отырып кездесу өткізді. Кездесуде қыз балалардың жеке бас гигиенасын сақтауы, жасөспірім қыз баланың өзін-өзі дұрыс ұстауы, сондай-ақ рухани және әлеуметтік жағынан
Лицейдің биология пәні мұғалімі АЙДАРОВА АЙДАНА БЕРІКҚЫЗЫ "Digital Ustaz Almaty" жобасының ҮЗДІК 10 ҰСТАЗЫНЫҢ қатарына қосылды.
07
декабрь
2021
Лицейдің биология пәні мұғалімі АЙДАРОВА АЙДАНА БЕРІКҚЫЗЫ "Digital
Алатау ауданы №178 мамандандырылған лицейдің биология пәні мұғалімі АЙДАРОВА АЙДАНА БЕРІКҚЫЗЫ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Алматы қаласы әкімдігі мен Н.А.Назарбаев атындағы білім қорының бастамасымен елімізде алғаш рет ұстаздар арасында өткізіліп отырған "Digital Ustaz Almaty" жобасының ҮЗДІК 10 ҰСТАЗЫНЫҢ қатарына қосылды. «Digital Ustaz Almaty» суперфиналисі атанған әріптесіміз Айдана Берікқызын құттықтаймыз!
«Қазақстан АКСР аумағының қалыптасуы» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
07
декабрь
2021
«Қазақстан АКСР аумағының қалыптасуы» тақырыбында ашық сабақ
2021 жылдың 6 желтоқсанында ағылшын тілі пәні мұғалімдері: Досқожаева Н. 9 "З" сыныбында «Vocabulary and listening» , Ауельбекова А.10 "Ж" сыныбында «Leaming about intelligence» , тарих пәні мұғалімі Сатов Е. 8 "Ж" сыныбында «Қазақстан АКСР аумағының қалыптасуы» тақырыптарында ашық сабақтарын өткізді. Сабақтарда "Сәйкестендіру", "Kahoot" ойындары жүргізілді. Оқушылар Plickers арқылы өз білімдерін бағалады. Пән мұғалімдері ұтымды әдіс -тәсілдерді пайдаланып, сабақтың мақсатына жетті. Сабақтарға
Алматы қаласында математика, физика және информатика мұғалімдерінің VIII Халықаралық шығармашылық байқауы өтті.
06
декабрь
2021
Алматы қаласында математика, физика және информатика мұғалімдерінің
2021 жылдың 4-5 желтоқсанында Алматы қаласында математика, физика және информатика мұғалімдерінің VIII Халықаралық шығармашылық байқауы өтті. Байқауға №178 мамандандырылған лицейдің математика, физика, информатика пәндерінің мұғалімдері: Бектасова А., Амалбекова Л., Сағиолданов Т., Рақымбек Д., Әділбеков Д., Тұрсын Қ., Жумабаева С., Тастанова Ж., Дүйсенбекова М., Мұхай Е., Даулетбақов Б., Бейсенбекова Л., Нурмухамедова М., Досымова Б., барлығы 14 мұғалім қатысты. Информатика пәнінің мұғалімі
"Мир, созданный трудом" тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
06
декабрь
2021
"Мир, созданный трудом" тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
2021 жылдың 4 желтоқсанында ағылшын тілі мұғалімі Примбаева А. 7 "Ә" сыныбында "Environmental problems", орыс тілі мұғалімдері: Ханасилова С. 6 "Ж" сыныбында "Времена года в поэзии Тютчева", Кошкарбаева А. 8 "Г" сыныбында "Вперед к звездам", Жунусова А. 8 "В" сыныбында "Мир, созданный трудом" тақырыптарында ашық сабақтары өткізілді. Сабақтар барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыруға бағытталған стратегиялар мен әдіс -тәсілдер қолданылды. Ашық сабақтар мақсатына жетіп, өз
«Бала құқығы – адам құқығы» тақырыбында  жиналыс өткізді.
04
декабрь
2021
«Бала құқығы – адам құқығы» тақырыбында жиналыс өткізді.
№178 мамандандырылған лицейде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Н. Кутумов 9-10 сынып оқушыларына «Бала құқығы – адам құқығы» тақырыбында жиналыс өткізді. Мақсаты: Оқушылардың адам құқығы, оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту, әрбір адам өз құқығын біліп, өзгенің құқығын бұзбауға үйрету, құқықтық тәрбие беру.
Абылай Бейбарыс Республикалық бірыңғай "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымына мүше болу үшін Оқушылар сарайында өткен қалалық ант қабылдау кешіне қатысты.
04
декабрь
2021
Абылай Бейбарыс Республикалық бірыңғай "Жас Ұлан" балалар мен
Лицейіміздің дарынды, талантты оқушыларының бірі Абылай Бейбарыс Республикалық бірыңғай "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымына мүше болу үшін Оқушылар сарайында өткен қалалық ант қабылдау кешіне қатысты. Оқушымызды ресми түрде мүше болуымен шын жүректен құттықтаймыз! Оқуда озат, үлгілі, дарынды оқушылардың қатарында болуына тілектеспіз.  
"Charities" тақырыбында ашық сабақ өткізіліді.
03
декабрь
2021
"Charities" тақырыбында ашық сабақ өткізіліді.
2021 жылдың 3 желтоқсаны күні тарих пәні мүғалімі Темирова Г. 9 "К" сыныбында "ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы білім беру жүйесінің дамуы" , ағылшын тілі мұғалімі Бекболатова Т. 9 "К" сыныбында "Charities" тақырыптарында ашық сабақтарын өткізді. Сабақтарда оқушылар топпен шығармашылық жұмыстар жүргізілді. Оқушылар шебер сөйлеу мәнерін дамыта отырып, тақырыптар бойынша қосымша ақпараттар алды. Сабақтар жақсы деігейде өткізілді.