08
декабрь
2021
«Жыныстық қатынастан берілетін аурулар, жүктілікті болдырмау - контрацепция жолдары» атты тақырыпта кездесу өткізілді.
2021 жылдың 7 желтоқсан күні №178 мамандандырылған лицейдің 9-11 сынып қыздары үшін «Жыныстық қатынастан берілетін аурулар, жүктілікті болдырмау - контрацепция жолдары» атты тақырыпта №29 қалалық емхананың «Жастар денсаулық орталығының» гинеколог маманы Тоғжан Саматқызы мен лицей психологтары Агажанова Жанна, Жамалова Гаухар бірлесе отырып кездесу өткізді. Кездесуде қыз балалардың жеке бас гигиенасын сақтауы, жасөспірім қыз баланың өзін-өзі дұрыс ұстауы, сондай-ақ рухани және әлеуметтік жағынан да белгілі бір жетілуге жетуі керектігі жайлы айтылды.

