Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Жаратылыстану-география» институтының деканы, г.ғ.д. профессор Каймулдинова Күләш Дүйсенбайқызымен кездесу өтті.
27
январь
2022
«Жаратылыстану-география» институтының деканы, г.ғ.д. профессор
№178 мамандандырылған лицей оқушылары қазіргі заманғы география ғылымының мәселелері саласындағы ғылыми-зерттеумен айналысатын ғалыммен онлайн форматта кездесті. Кездесуге Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті,«Жаратылыстану-география» институтының деканы, г.ғ.д. профессор Каймулдинова Күләш Дүйсенбайқызы қатысты. Күләш Дүйсенбайқызы өз сөзінде, географияның зерттеу саласын физикалық және экономикалық деп қарастырсақ, уақыт өткен сайын географиялық процестердің өзгеруі география
Қазақ бас сәулет құрылыс академиясының спикері ЖОО туралы ақпаратпен 11-сынып оқушыларына бөлісті.
26
январь
2022
Қазақ бас сәулет құрылыс академиясының спикері ЖОО туралы ақпаратпен
N178 мамандандырылған лицейде 25 қаңтар күні 11-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында Алматы қаласындағы Қазақ бас сәулет құрылыс академиясының спикері ЖОО туралы ақпаратпен бөлісіп, оқу бағдарламалары оның ерекшеліктері мен жеңілдіктері жайында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
"Оқушылардың жаратылыстану-ғылыми және оқу сауаттылығын, креативті ойлауын дамытуда АКТ мүмкіндіктерін тиімді пайдалану жолдары" атты жаратылыстану кафедрасының онкүндігі
25
январь
2022
"Оқушылардың жаратылыстану-ғылыми және оқу сауаттылығын, креативті
    № 178 мамандандырылған лицейде "Оқушылардың жаратылыстану-ғылыми және оқу сауаттылығын, креативті ойлауын дамытуда АКТ мүмкіндіктерін тиімді пайдалану жолдары" тақырыбында жаратылыстану кафедрасының онкүндігі өтуде. Онкүндік аясында ұйымдастырылған ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар, интеллектуалдық ойындар, тәрбиелік шаралар оқушының функционалдық сауаттылығы мен креативті ойлау дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік берері сөзсіз.
Ақүрпек Назерке дзюдодан өткен ашық чемпионатта бірінші орынға ие болды.
24
январь
2022
Ақүрпек Назерке дзюдодан өткен ашық чемпионатта бірінші орынға ие
N178 мамандандырылған лицейдің 7 "Е"сынып оқушысы Ақүрпек Назерке Алан спорт клубының ұйымдастыруымен дзюдодан өткен ашық чемпионатта бірінші орынға ие болды.
Футболдан Ермахан Әбілмансұр командасымен жеңімпаз атанды!
24
январь
2022
Футболдан Ермахан Әбілмансұр командасымен жеңімпаз атанды!
Алматы қаласында Тәуелсіздік күніне арналған футболдан өткен жарыста 2009 жылы туған балалар арасында ең үздік ойыншы атанған N178 мамандандырылған лицейдің 7 "Ғ"сынып оқушысы Ермахан Әбілмансұр командасымен бірінші орын алып, бағалы сыйлыққа ие болды. Құттықтаймыз, биік шыңдарды бағындыра бер!Тек биіктен көрін!
“Менің Асыл қасиеттерім” тақырыбы бойынша психологиялық тренинг  өткізілді.
22
январь
2022
“Менің Асыл қасиеттерім” тақырыбы бойынша психологиялық тренинг
№178 мамандандырылған лицейдің психологтары Агажанова Жанна, Жамалова Гаухар “Менің Асыл қасиеттерім” тақырыбы бойынша психологиялық тренинг өткізді. Тренинг барысында оқушылар психологиялық ойын жаттығуларын орындады. “Қадір – қасиет” жаттығуында қатысушылар туралы ақпарат алды, топ ішінде жағымды атмосфера құрылды, өздерінің мінез қасиеттерін танып білді. Тренинг соңында оқушылар алған әсерлері бойынша бір-бірлерімен ой бөлісіп, жылы тілектерін айтып өтті.
"Кибербуллинг деген не?" тақырыбында  тренинг өткізілді.
21
январь
2022
"Кибербуллинг деген не?" тақырыбында тренинг өткізілді.
№178 мамандандырылған лицейде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Н.Кутумовтың ұйымдастыруымен лицей психологтары Ж.А.Агажанова мен Г.Ж.Жамалова жас полиция көмекшілеріне "Кибербуллинг деген не?" тақырыбында тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты: кибербуллинг туралы мәлімет беру, кибербуллингке тап болу белгілері және оның салдары, көрсетілетін көмектер туралы түсінік беру.
2022 жылғы 24 қаңтардан бастап  Қазақстан бойынша барлық білім беру ұйымы дәстүрлі түрде офлайн форматта жұмыс істейтін болады.
21
январь
2022
2022 жылғы 24 қаңтардан бастап Қазақстан бойынша барлық білім беру
2022 жылғы 24 қаңтардан бастап Қазақстан бойынша барлық білім беру ұйымы дәстүрлі түрде офлайн форматта жұмыс істейтін болады. Мұндай шешімді коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия қабылдады. Білім беру ұйымдарының жұмыс алгоритмі келесідей. 📌Мектепке дейінгі ұйымдар (балабақшалар) балаларды ата-аналарының өтініші бойынша қабылдайды. 📌600 балаға дейін оқушысы бар жалпы білім беретін мектептерде – толыққанды офлайн оқу. 📌600-ден астам оқушысы бар
«Үміт, сенім бізді алға жетелейді!» тақырыбында психологиялық аутотренинг жүргізілді.
19
январь
2022
«Үміт, сенім бізді алға жетелейді!» тақырыбында психологиялық
Өзі туралы ойын дамыту, сенімді сезіну үшін тұлғаны психологиялық күйге келтіру мақсатында «Үміт, сенім бізді алға жетелейді!» тақырыбында №178 мамандандырылған лицей психологтары Ж.А. Агажанова мен Г.Ж. Жамалова 11-сынып оқушыларымен психологиялық аутотренинг жүргізді. Тренинг барысында ҰБТ-ға баратын оқушылардың өзіне деген сенімділігін арттырып, ҰБТ-ға деген жағымсыз ойлардан, қорқыныш-үрейден арылтып, жағымды эмоциялық көңіл күй тудыруға жағдай жасалынды.