Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Шолпан жұлдыздары» би ансамблі І дәрежелі Лауреат атанды
19
декабрь
2025
«Шолпан жұлдыздары» би ансамблі І дәрежелі Лауреат атанды
Республикалық көп жанрлы өнер байқауы BIG SHOW аясында лицейіміздің мақтанышы — «Шолпан жұлдыздары» би ансамблі қазақ биі «Балауса» нөмірімен Хореография номинациясы бойынша І дәрежелі Лауреат атанды! Бұл жетістік — қажырлы еңбек пен үздіксіз дайындықтың, өнерге деген сүйіспеншіліктің жемісі. Өнерлі өрендерімізді, жетекшілерін және ата-аналарын зор жетістікпен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биіктерден көрініп, талай асуларды бағындыра берулеріңізге тілектеспіз!
Тәуелсіздік – ұлттық өнермен ұштасқанда
19
декабрь
2025
Тәуелсіздік – ұлттық өнермен ұштасқанда
Тәуелсіздік күніне орай 5 «Ә» сынып оқушысы Құл-Ғайып Айсұлтан мен Тоқтарбай Ерасыл қазақтың халық күйі «Балбырауын» күйін орындады. Ұлттық өнерді ұлықтап, домбыраның қоңыр үнімен көпшілікті тәнті еткен жас домбырашыға шығармашылық табыс пен сәттілік тілейміз!