Ұстаз мерейі үстем болған күн!
Бабалар аманатын ұлықтаған ұстаздарымызға мың алғыс! Алматы қаласы Білім басқармасы ББ ЖТ ҒӘО ұйымдастырған «Бабалар аманаты» кәсіби байқауының аудандық кезеңінде лицейіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері зор жетістікке жетті. Абдумуталипова Перизат Косалиевна — I орын иегері атанып, қалалық кезеңге жолдама жеңіп алды! Женсикбаева Назигуль Бахытовна — III орын Аметова Сауле Уринбасаровна — III орын Ұстаздарымыздың еңбегі жанып, шығармашылық ізденістері шыңдала берсін!