Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Үздік педагог – 2025» байқауы
24
октябрь
2025
«Үздік педагог – 2025» байқауы
Бүгін біздің лицейдің мақтанышы, математика пәнінің ұлағатты ұстазы Бектасова Алмагүл Ибраимқызы республикалық «Үздік педагог – 2025» байқауының жеңімпазы атанды!  Жеңімпаздарға марапатты Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Республика күні қарсаңында салтанатты түрде табыстады. Біздің ұстазымыздың осы үлкен жетістігі – лицей ұжымының, шәкірттер мен әріптестердің ортақ қуанышы!
Ұстаз еңбегіне – жоғары құрмет!
24
октябрь
2025
Ұстаз еңбегіне – жоғары құрмет!
Республика күніне орай Қазақстан Республикасының Президенті жарлығымен, Алматы қаласы әкімінің қолдауымен №178 мамандандырылған лицейдің физика пәні мұғалімі, «Ы. Алтынсарин» және «Үздік педагог – 2021» төсбелгілерінің иегері Слямгалиева Гүлнәр Нәбиқызы мемлекеттік «Құрмет» орденімен марапатталды!  Бұл марапат – ұстазымыздың көпжылдық еңбегі мен білім беру ісіне қосқан зор үлесінің, шәкірт тәрбиесіндегі табандылығы мен кәсіби шеберлігінің лайықты бағалануы.
«Алтын күз» мерекелік сайысы
24
октябрь
2025
«Алтын күз» мерекелік сайысы
Бүгін лицейімізде дәстүрге айналған 7-8-сынып оқушылары арасында «Алтын күз» мерекелік сайысы өтті!  Шара барысында оқушылар күзгі табиғаттың әсемдігін, еңбектің қадірін және жыл мезгілінің сыйын бейнелейтін көріністер мен шығармашылық қойылымдар ұсынды. Әр сынып ерекше безендірілген бұрыштар мен көрмелер ұйымдастырып, өз өнерлерін көрсетті. Күздің молшылығы мен сұлулығын дәріптеген бұл сайыс оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ұйымшылдық пен еңбексүйгіштікке тәрбиеледі.