Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Zulfikar Judo Cup-2025” Республикалық турнирінде жүлделі орын!
11
октябрь
2025
“Zulfikar Judo Cup-2025” Республикалық турнирінде жүлделі орын!
“Zulfikar Judo Cup-2025” Республикалық турнирінде жүлделі орын! 2010/2011, 2012/2013, 2014/2015 жылы туылған жас балуандар арасында өткен “Zulfikar Judo Cup-2025” республикалық ашық турнирінде 38 кг салмақ дәрежесінде 6 “Ғ” сынып оқушысы Даулет Әлихан жоғары нәтиже көрсетіп, 2-орын иеленді! Жеңісті күндерің көп болсын, Әлихан! Алар асуың, бағындырар белестерің әлі алда! Біз сенің жетістігіңе қуаныштымыз және сәттілік тілейміз!
Almaty Cup III турниріндегі жарқын жеңіс!
11
октябрь
2025
Almaty Cup III турниріндегі жарқын жеңіс!
Бүгін 10 "Б" сыныбының оқушылары Құрман Ғазиза мен Асылхан Аяжан Almaty Cup III қалалық пікірсайыс турнирінің Ағылшын лигасы бойынша II орын иеленді! Сонымен қатар, Құрман Ғазиза "Ең үздік аргумент" номинациясымен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды! Бұл жеңіс – олардың білімге деген құштарлығы мен табандылығының жарқын нәтижесі! ⠀
Ұлттық киім — рухани тамырымыздың көрінісі
11
октябрь
2025
Ұлттық киім — рухани тамырымыздың көрінісі
«Адал азамат — біртұтас тәрбие» қағидасын ұстанған біз үшін ұлттық болмысымызды ұлықтау — басты міндетіміз.  Әр жұма күні — Ұлттық киім күні ретінде белгіленіп отыр. Бұл — тек киім кию емес, бұл — дәстүрімізге тағылым, ұрпаққа өнеге. Қазақы шапан, кестелі камзол, оюлы белбеу мен сәукеле — ғасырлар сүзгісінен өткен саф мәдениеттің айғағы. Осындай құндылықтарды бүгінгі күнмен үндестіре отырып, біз адалдықты, ұлтжандылықты, инабаттылықты бойына сіңірген тұлғаны — Адал Азаматты қалыптастырамыз.