Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Май 2025 года » Страница 5
«Қауіпсіз қоғам», «Білімім – Отаныма» тақырыптарында сынып сағаттары өтті
12
май
2025
«Қауіпсіз қоғам», «Білімім – Отаныма» тақырыптарында сынып сағаттары
Бүгін лицейімізде "КӨМЕК" бағдарламасы аясында «Бірлік және ынтымақ» айлығы негізінде «Қауіпсіз қоғам», «Білімім – Отаныма» тақырыптарында сынып сағаттары өтті.
№178 мамандандырылған лицей аттестация құжаттары
12
май
2025
№178 мамандандырылған лицей аттестация құжаттары
№ ҚҰЖАТ АТАУЫ ҚҰЖАТТЫ ҚАРАУ 1 Лицей жарғысы https://drive.google.com/file/d/1xaLZlhhAGFqoB_Pexu_eVfqr3AJZFWBk/view?usp=sharing 2 Қаулы  ( мемлекеттік тіркеуден өткені туралы) https://drive.google.com/file/d/1wSXIO5QIsBj1khMPlP7WpiWZpNvl7j_Y/view?usp=sharing https://drive.google.com/file/d/1HkH0D7xM0A6XhgYJDRhnhPF9MllrOlAS/view?usp=sharing 3 Лицензия                     https://drive.google.com/file/d/1z5jXbFyZHtG_jQQIOWMiADV0gPgB0DT8/view?usp=sharing
БЕС QARU — жеңістің жарқын жолы!
10
май
2025
БЕС QARU — жеңістің жарқын жолы!
Алатау ауданының намысын қорғап, Отан қорғаушылар күніне арналған әскери-патриоттық "БЕС QARU" турнирінде көзге түскен мықты жастың бірі — 10 "Ә" сынып оқушысы Жұманазар Айиша. Автомат бөлшектеп-жинау сайысында шапшаңдық пен дәлдіктің үздік үлгісін көрсетіп, жүлделі I орынды жеңіп алды! Бұл жеңіс — тек бір оқушының емес, тұтас ұлттың болашағына деген үміттің белгісі! Жас патриоттар — ел тірегі! 
Ұлы Жеңіс — ұрпаққа аманат!
09
май
2025
Ұлы Жеңіс — ұрпаққа аманат!
9 Мамыр — Жеңіс күні қарсаңында лицей әкімшілігі мен оқушылары Ұлы Отан соғысының ардагері, қазыналы қариямыз Анефияев Көлбай атамызды арнайы барып құттықтады. Жас буын ардагер атамызға алғыс айтып, гүл шоқтарын тарту етіп, жүрекжарды тілектерін жеткізді. Көңілі босап, ел мен жер үшін күрескен күндерін еске алған Көлбай ата оқушыларға батасын беріп, ақ тілекпен шығарып салды. Біз үшін бейбіт күн — осы кісілердің жанқияр ерлігінің арқасы. Қаһарман аталарымыздың ерлігі — мәңгі жадымызда.
«Ұлттық ойын – ұлт қазынасы»  оқушылардың бос уақытын ойын ұйымдастырылды.
08
май
2025
«Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» оқушылардың бос уақытын ойын
«Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» оқушылардың бос уақытын ойын түрінде ұйымдастыруы лицей оқушылар ұлттық болмыс пен ұлттық мүддені насихаттау, оқушылардың үзілісте бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында оқушылар асық, тоғызқұмалақ ойнайды.
Сүт өнімдерінің пайдасы
08
май
2025
Сүт өнімдерінің пайдасы
Ұлттық тағамдардың ішінде ежелгі және көпшілікке ортақ тағамның бірі ақ екені бәрімізге белгілі. «Ағы бардың - бағы бар» деп қазақ халқы сүт тағамын бақыт, несібесі деп білген. Сүтті соншалық қасиеттеудің басты себебі – ол тіршілік арқауы, одан неше алуан құнарлы тағамдар әзірлеп, дастарқан молшылығын жасаған.      Сүт тағамдарынан қымыз, шұбат, құрт, ірімшік, қатық, айран, уыз, май, сүзбе тағы басқаларын күнделікті пайдаланамыз. Бұлардың барлығының да адам денсаулығына тигізер пайдасы мол.  
«Қамқор» жобасы аясындағы қайырымдылық акциясы шарасы өтті.
08
май
2025
«Қамқор» жобасы аясындағы қайырымдылық акциясы шарасы өтті.
«Қамқор» жобасы аясындағы қайырымдылық акциясы Алматы қаласы мамандандырылған балалар үйінде ерекше шара өтті. «Қамқор» жобасының бастамасымен ұйымдастырылған қайырымдылық акциясына еріктілер, демеушілер мен лицей оқушылары белсене қатысты. Балаларға қуаныш сыйлап, оларға мейірім мен махаббатқа толы көңіл күй тарту еткен бұл игі шара – бірлік пен жанашырлықтың айқын көрінісі болды. Қайырымдылық – жүректен, ал мейірімділік – әрекеттен басталады!
«Лицей сұлтаны-2025»  байқауы өтті
08
май
2025
«Лицей сұлтаны-2025» байқауы өтті
7 Мамыр – Отан қорғаушылар күні қарсаңында «Лицей сұлтаны-2025» байқауы өтті. Нәтижесінде: Бас жүлде: Анарбек Иманали, 8 «Ә» сынып оқушысы; 1-орын: Қайырхан Нұржан, 8 «Б» сынып оқушысы; 2-орын: Мейрамбек Ерсұлтан, 7 «Г» сынып оқушысы; 2-орын: Шарубек Нартай, 7 «Ә» сынып оқушысы; 3-орын: Әлкен Ерасыл, 8 «Ғ» сынып оқушысы жеңіп алды.