Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Май 2025 года » Страница 4
«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамының қызметкерлері оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
14
май
2025
«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамының
«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамының қызметкерлері және кәсіби бағдар беру маманы лицейімізге арнайы келіп, 10-сынып оқушыларына техникалық және өнеркәсіп саласындағы бірнеше мамандықтарды таныстырып, оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
“Ғылым шыңы” байқауында жарқын жеңіс!
14
май
2025
“Ғылым шыңы” байқауында жарқын жеңіс!
Қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы, орыс әдебиеті пәндері бойынша өткен “Ғылым шыңы” қалалық байқауында лицейіміз зор жетістікке жетті! Білім мен табандылықтың нәтижесінде лицей қоржынына 30 медальмен толықты. Бұл – оқушыларымыздың тынымсыз еңбегі мен ұстаздарымыздың кәсіби шеберлігінің айқын көрінісі. Жеңімпаздарды және олардың жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз! Біз сендермен мақтанамыз! Алда бұдан да биік шыңдар бағындырыла берсін!
“Тарих зияткері – кемелдікке ұмтылыс" атты  олимпиадасында лицей оқушылары үздік нәтиже көрсетті
14
май
2025
“Тарих зияткері – кемелдікке ұмтылыс" атты олимпиадасында лицей
“Тарих зияткері – кемелдікке ұмтылыс" атты қалалық олимпиадасында лицейіміздің 9-10-сынып оқушылары үздік нәтиже көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінді. 1-дәрежелі диплом: Талғат Тұнық Пән мұғалімі: Шынасыл Ғ. 2-дәрежелі диплом: Ұланқызы Ділдә Пән мұғалімі: Темирова Г. Болашақта да шығармашылық табыс, білім жолында биік белестерді бағындыра беріңіздер! Құттықтаймыз!
М.Өтелбаев атындағы республикалық  олимпиадасындағы жарқын жетістік!
13
май
2025
М.Өтелбаев атындағы республикалық олимпиадасындағы жарқын жетістік!
Тараз қаласында өткен академик М.Өтелбаев атындағы республикалық "ОЙЛАН, ТАП!" математика олимпиадасында 8-сынып оқушысы Бақыт Айерке 150 оқушының ішінен топ жарып, ІІІ орын иеленді! Зияткерлік пен табандылықтың айқын дәлелі болған бұл жеңіс – жас математиктің болашағына ашылған жарқын жол! Пән мұғалімі: Сұлтанова Г.М. Құттықтаймыз! 
"Судағы қауіпсіздік – мінез-құлық ережелері" тақырыбында сынып сағаттары
12
май
2025
"Судағы қауіпсіздік – мінез-құлық ережелері" тақырыбында сынып
«Өскелең ұрпақ арасындағы қауіпсіздік мәдениеті» ұранымен Азаматтық қорғау саласындағы оқу сабақтары жоспарына сай "Судағы қауіпсіздік –  мінез-құлық ережелері" тақырыбында сынып сағаттары өтті.  
Лицейдің тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы бақылау
12
май
2025
Лицейдің тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы бақылау
Мамыр айының 12-күні №178 мамандандырылған лицейдің тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы тексеріс жүргізді. Лицейде оқушыларға берілетін тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін оқушылардың тамақтары талапқа сай берілетіндігіне, санитарлық талаптарға сай келетініне көз жеткізді. Асхана қызметкерлері барлық санитарлық талаптарды орындап, оқушылар үшін тиімді жұмыстарды атқаруда. Тексеру барысында ешқандай кемшіліктер болмады.